Саябақты жаңарту жұмыстары қолға алынады. Саялы демалыс орнында жасанды көл салынып, көпір орнатылады, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz» ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімдігінің turakimat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қаланы аралау барысында Батыс Қытай-Батыс Еуропа айналма тас жолы, Ақан Сері, Шекті Тілеу көшелері мен Б. Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақтағы ирригациялық каналдар құрылысын көрді.

Жаздың ыстық күндерінде салқын ауа сыйлауға сеп болатын арықшалардың Түркістан үшін маңызы зор. Сол себепті де, алда тұрғындарға жайлы, қолайлы жағдай жасау мақсатында қоқыс толған немесе көміліп қалған, сондай-ақ топырақ басқан арықтарды жылдам тазалау жауапты мамандарға тапсырылды.
Алдағы апта ішінде “Арыс-Түркістан” каналынан ағатын ағын су аталған аумақтарда ағатын болады.