ТҮРКІСТАН: «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР САНЫ ҮШ ЕСЕ АРТТЫ

951 көрілім

Елімізде «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері белсенді түрде жұмыс атқаруда. Мәселен 2020 жылдың қаңтар айынан наурыздың 16-сына дейін Түркістан облыстық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2773 өтініш түсіп, оның 1298-і оңтайлы шешілді. 1475-іне заң аясында кеңес берілген. Ал төтенше жағдай жарияланған уақыттан бері партияға хабарласушылар саны еселеп артты.

16 наурыздан бастап 27 сәуірге дейінгі аралықта «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 4457 арыз-өтініштер түсті. Оның ішінде «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы – 418, «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы – 812, «WhatsApp» желісі арқылы –1042, телефон қоңыраулары арқылы 2185 өтініш пен арыз келіп түскен. Өтініш-арыздардың 3071-і /69%/ оң шешіліп, 1327-сіне заң аясында кеңес берілді. 59 өтініштің қаралу мерзімі бар.

Талдау көрсеткендей, төтенше жағдай кезінде бір айда өтініштер 3 есеге артқан. Өтініштердің басым бөлігі «Біз біргеміз!» акциясы аясында азық-түлікпен көмек көрсету, «Birgemiz» қоғамдық қорынан беріліп жатқан 50 мың теңге, мемлекет тағайындаған 42.500 теңге жәрдемақы бойынша түскен. Сонымен бірге медициналық бетперделер мен дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі мен құнына қатысты және мемлекеттік органдардың қызметіне қатысыты да өтініштер мен сұрақтар қабылданған.

Төтенше жағдайға байланысты «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек «Nur Otan» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын онлайн режимде жандандыруды тапсырған болатын. Бұл бағытта Түркістан облысында жүйелі жұмыс қолға алынған. Тұрғындарға облыстық, аумақтық партия филиалдары қоғамдық қабылдау бөлмелерінің сенім телефондары мен барлық әлеуметтік желілері бойынша ақпарат жарияланған. Партияның филиалдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелері онлайн режимінде күшейтілген түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тұрғындардың талап-тілегін тікелей тыңдау үшін партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев әлеуметтік желілерде екі рет қабылдау өткізді. Әлеуметтік салаға жауапты басшылар да тұрғындарға жауап берді.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы