КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУДА

852 көрілім

Шұбар ауыл округінде орналасқан «Ақ Орда» ЖШС–нің директоры Бахытжан Балтабайұлы 2019 жылдан бастап жылына 2 рет бақша, картоп дақылдарын егуді қолға алған болатын. 2019 жылы ерте көктемде голландиялық «Ривьера» картобын 40 га жерге егіп, одан 240 центнерден өнім жинады. Қарамағында 100 адамды жұмыспен қамтып отыр. Биыл диқаншы 33 гектар суармалы жерге картоп егіп – 1300 тонна ерте көктемгі бірінші өнімін алып, екінші өнімге баклажан және капуста егу жоспарда.

Сонымен қатар, Бахытжан Балтабайұлы 100 гектар жерге бидай өнімін егуде, алдағы уақытта бидайдан жоспармен 1800 тонна өнім алатынын межелеп отыр. Егістік жерлерді тиімді пайдаланудың арқасында одан екі рет өнім алуды көздеуде. Көктемгі дала жұмыстары Түркістан облысы, Ордабасы ауданында биыл жылдағыдан кешеуілдеп басталды. Елімізде ғана емес дүниежүзіндегі орын алған төтенше жағдайға байланысты және қолайсыз ауа-райы шаруаларға қолбайлау емес. Қазіргі уақытта қырда егін егу қарқын алуда.

«Жеріңді баптай білсең – астықты қаптай білесің» демекші, Ордабасы ауданының диқандары да бұл іске қызу кірісіп, көктемнің бір күнін жылға азық ету жолында бар күшін салып еңбек етуде.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы