Адамзаттың өмірін өзгертіп, тірлігіне тосқауыл болып отырған індет елімізге де келгені баршамызға аян. Біз біріге отырып, ауызбіршілігімізді сақтай отырып бұл қиындықты да еңсеруіміз керек. Басынан сан қилы қиындықтарды өткізген халқымыздың сабырлықпен мұндай сыннан да өтеріне сенемін. Осы жолда аты жаман аурудың экономикамызға залалы тимес үшін де көптеген тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Наурыз айынан бергі енгізілген карантин жүйесі, ешкімге де оңай тиіп жатқан жоқ екені рас. Алдағы күндерге деген алаңдаушылық та жоқ емес.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, көкейде жүрген сан мыңдаған сауалдарға жауап берді. 11 мамырдан бастап өнеркәсіп орындары, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыстарын бастайтынын алайда барынша санитарлық нормаларды сақтауы тиіс екендігін жеткізді. Және де үкімет келесі айда да табысынан айрылған азаматтарға 42500 теңге көмек беруін тоқтатпайтын болады. Елімізде азық түлік тапшылығы жоқ екенін, індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер қаржылай көмек алатындығын атап айтты. Осылайша қазақ халқының болашағына алаңдаған Президенттің, мәлімдемесі баршамызға серпіліс пен жігер бергендей болды.
Біздер де Түркістан қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері болып қашықтықтан жұмысымызды жүргізудеміз. Мақсатымыз дертпен күресіп жүрген жандарға және халқымызға рухани қолдау көрсету.
Осылайша қазақ халқының болашағына алаңдаған Президенттің, мәлімдемесі баршамызға серпіліс пен жігер бергендей болды. Ендеше birgemiz деген ұранмен қолдан келгенше айналамыздағы жандарға көмек беріп, сақтық шараларын барынша ұстап, ораза айында ел амандығы үшін дұғамызды оқып үйде болайық.
Лиза ШАМЕТОВА,
Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры.