Қасиетті Рамазан айында Түркістан облысы, Сайрам ауданында қайырымдылық іс-шарасы өтті. Сайрам аудандық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, “Nur Oran” партиясының мүшесі Акмальжан Исаков аз қамтылған 50 отбасыға азық-түлік себетін таратты.
Жанашыр азамат бұл игі іске 1 млн. теңге жұмсаған. Осылайша, “Nur Otan” партиясының “Біз біргеміз!” акциясы Сайрамда жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатыр.
