ТҮРКІСТАНДА “REGION” – ТАКСИ ҚЫЗМЕТІН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

1  703 көрілім

Төтенше жағдай кезіндегі талаптар сақталатын болса “Region” такси өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік алады, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz»  ақпарат агенттігі  Түркістан қаласы әкімдігінің turakimat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Егер, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау (СЭС) басқармасымен келісім-шартқа тұрып, ондағы әр талапты қатаң сақтар болса. Яғни, күнделікті белгіленген уақыт аралығында көлікті және көлік тұтқаларын дезинфекциялап, жіті тексеріп және көлік ішінде үш адам болуын қадағалап отырар болса, жеткізу қызметін көрсете алады.

Рашид Абатұлы ондағы көліктердің бүгінгі карантин режиміндегі талаптарды орындау барысын жіті тексеріп, жүргізушілер мен медициналық тексеріс барысын бақылады. Жүргізушіге жұмысқа кірісер алдын дәрігердің қызметін көріп, антисептик сынды залалсыздандыру заттарының талапқа сай болуын ескертті.

Жалпы, аталған такси бүгінде “Amazing Turkistan” қосымшасы арқылы азық-түліктерді үйге дейін жеткізіп беру қызметін көрсетуде. Жалпы саны 50 көлік болса, ендігі тек азық-түлік қана емес, такси ретінде де жұмысын жалғастырады деп күтілуде.

Айта кетейік, шақыру қызметі үшін 250 теңге алатын Region төлем бағасын түсіріп, 200 теңгеге төмендетті. Одан әрі, қажетті жеріңізге қарай есептегіш құрал арқылы қосылатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы