Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Біз біргеміз!» акциясы Түркістан облысы, Отырар ауданында да сәтті жүзеге асуда.
Осы акция аясында Отырар ауданының әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы Ә.Жүнісовтың бастамасымен мекеме басшылары мен құқық қорғау органдарының басшыларының, кәсіпкерлердің демеушілігімен аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік берілді.
Тұрғындар карантин кезінде жанашырлық танытқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.