ДАНА

1  222 көрілім

Алатаудың басында Абай отыр,

Жалғыз өзі қорықпай қалай отыр.

Ұқсап баққан данаға жан көрмедім,

Әйтпесе, оны қазақтың талайы оқыр.

         Орашолақ, оғаштау өредеміз,

         Қатқанымыз «көжеге» көне лебіз.

         Абайға онша тісіміз батпаған соң,

         Оңай жолмен жортақтай жөнелеміз.

Арзан сөзін қымбатқа пұлдаушы мың,

Дүңкілдетіп атаймыз жыр маусымын.

Өзімізге икемдеу орынына –

Ырайына көшеміз тыңдаушының.

         Жеккөргенін Абайдың жақсы көрдік,

         Орта белден бәйгеге ат жібердік.

         Атасының ұлдары толып жатыр,

         Адам ұлы әлі де тапшы дерлік.

Малын шашып жылмақай әкім болды,

Қалтамызға сүңгітіп жатыр қолды.

Елдің есі түгелдей ақшаға ауып,

Иесіз көшеде қалды ақын сорлы.

         Артымыздан айтақтап итін қосқан,

         Зықым шықты менің де қиқым достан.

         Барлығына көз жұмып өтер едім,

         Абайымнан ұят қой ұйқымды ашқан.

Қаныбек САРЫБАЕВ,

ақын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы