- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Жақында Атырау қаласында «Жекпе-жек» ұлттық спорт түрінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. 250-ден астам спортшылар қатысқан ел біріншілігінде Түркістан облысы «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының спортшылары да сәтті өнер көрсетіп, екі бірдей спортшымыз жүлделі орынды иеленді. Атап айтсақ, 61 келі салмақта Серік Мақұл қола жүлдені еншілесе, 70 келі салмақта Рауан Жолдас күміс жүлдегер атанды. Қуанарлық жәйт, ел біріншілігінде облысымыздың намысын ойдағыдай қорғаған Рауан Жолдас (жаттықтырушысы Азиз Анетов) Әлем чемпионатына жолдама алды.