ҚАРТТАРҒА ҚОЛҒАБЫС ЖАСАДЫ

974 көрілім

Жақсылық жасап, елдің батасын алудан шаршамайтын Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан құрылған еріктілер клубының мүшелері мен ауданның белсенді жастары тағы бір ізгілікті іс жасады. Елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантиндік режимге қарамастан ауданның ерікті жастары аудандағы кенттер мен ауылдық округтерде тұратын жалғызбасты қариялар мен аз қамтамасыз етілген немесе мүмкіндігі шектеулі жандарға қолұшын созып, үй шаруасына көмектесуді күн тәртібінен түсірген емес.

Бұл жолы ауданның бастамашыл жастары Мырзакент кентінің тұрғындары Сания Мададова мен Цой Леонид үйлерінде болды.
Көнекөз қариялардың үйінде ерікті жастар топ-топқа бөлініп, үй шаруаларына көмектесті. Ұлдар жағы ауладағы шөптерді орып, күл-қоқыстарды шығарды. Отын жарып, құлаған қабырғаларды сылады. Ал, қыздар жағы үй жинап, ыдыс-аяқтарды тазалап, ас-ауқаттарын дайындады.

«Мұндай шаралар қандай жағдай болса да тоқтамайды. Мүмкіндігі барынша сақтық шараларын сақтай отырып барлық кенттер мен ауылдық округте мұндай шаралар жалғасын табатын болады»,-дейді Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Кенжебаев.

Мұнан да басқа еріктілер қариялармен қатар отырып, дастархан басында әңгімелесті. Қазақстанның кешегісі мен бүгінгі қол жеткізген жетістіктері, болашақта бағындырар белестері жайында ой бөлісті.

Бауыржан НАЙМАНОВ.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы