БИБАРЫС ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

904 көрілім

Түркістан қаласындағы облыстық Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дәурен Рахымұлы баптайтын Бибарыс Әбдіғани Атырауда өткен дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының жекелей Чемпионатында жеңімпаз атанды.

  2 наурыз күні басталған ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 14 облысынан 500-ге жуық дзюдошы қатысты. Үш күнге созылған жарыс жолында жерлесіміз Б.Әдіғани боз кілемде төрт кездесу өткізіп, барлығында таза жеңіске қол жеткізді.

  Сондай-ақ, дәл бүгін Алматы қаласында бастау алған 1999-2001 жылы туылған жастар арасында самбо күресінен ҚР чемпионатында түркістандық Бибарыс бақ сынамақ. Сонымен бірге, алда жас палуанымыз шілде, қазан айларында Азия және әлем чемпионаттарына қатыспақ. Ел намысын арқалаған Бибарысқа сәттілік тілейміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы