ОТЫРАРЛЫҚ АЙТЫСКЕР АҚЫН ӘСЕЛХАН АПА 70 ЖАСТА!

2  453 көрілім

Бүгін – Алаштың ардақты ақыны, “Парасат” орденінің иегері, Халық ақыны Әселхан Қалыбекованың туған күні. Деніне саулық, ұзақ ғұмыр, шаңырағына береке-бірлік, шадыман шаттық-қуаныш тілейміз.

Әселхан Әлшеріқызы Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.
Әселхан Қалыбекова белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы.

1966 жылы Көксарай елді мекеніндегі М. Әуезов атындағы орта мектебін бітірген. 1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында қызмет етті. 1971-1991 жылдар аралығында аудандық ауа райы мекемесінде бақылаушы қызметін атқарған. 1981 – 1982 жылдары суырып салма айтыс ақындарының додасына қатыса бастады.

Әселханның айтыс өнеріне қосқан үлгі-өнегесі мол. Ақын апа айтыс әлемінде алып самұрыққа ұқсайтын, қанатымен дауыл тұрғызып, екпінімен найзағай ойнататын, елінің ең сүйікті перзентіне айналған. Республикамызға танымал белгілі ақындардың бәрімен кездесіп, аймақтық, республикалық, халықаралық көптеген дүбірлі айтыстарда намысты қолдан бермеген, от ауызды орақ тілді, арқалы ақын.

Әселхан Әлшеріқызы Қалыбекова 1990 жылы Отырар ауданының Құрметті азаматы, 1989 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты. 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6 сәуіріндегі жарлығы бойынша «Қазақ КСР-нің Халық ақыны» құрметті атағымен, 2005 жылы Елбасының Жарлығымен еліміздің жоғарғы мемлекеттік наградасы «Парасат» орденімен, және де көптеген медальдармен және сыйлықтармен марапатталған.

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы