16 СЕКТОРҒА БЕКІТІЛГЕН АУДАН, ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ ТҮРКІСТАНДА БОЛДЫ.

1  479 көрілім

Түркістан облысының аудан, қала басшылары облыс орталығындағы 16 сектор бойынша атқарылатын жұмыстардың барысын киелі шаһардың басшысы Р.Аюповпен бірге өзара талқылады. Сондай-ақ, жыл басында өңір басшысының тапсырмасына сәйкес Түркістанды көгалдандыру мақсатында отырғызылған ағаштарының бүгінгі жай-күйімен де танысты.


Нақтырақ айтсақ, облыс әкімі Ө.Шөкеев Түркістан қаласын 16 секторға бөліп, оған жауапты ретінде өңірдің аудан, қалалары мен басқармалары, жергілікті әкімдіктің дербес бөлімдерін бекіткен болатын. Қаланы секторларға бөлудегі басты мақсат – шаһар аумағының инфрақұрылымын дамытып, абаттандыру, көгалдандыру және суландыру жұмыстарын жандандыру. Осы мақсатқа сәйкес 16 сектордың картасы мен жадынама дайындалып, жауапты тұлғаларға таратылған. Жадынамаға сәйкес барлық сектор жауаптылары 1-тамыздан бастап белгіленген аумақтары бойынша толық инвентаризация (жер көлемін анықтау, тұрғын үйлер мен халық саны, көшелер мен әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың санына түгендеу жүргізу) жұмыстарын жасауда. Осы ретте, қаладағы әрбір аумақтағы мектептерде 16 сектордың арнайы жұмысшы тобының кеңсесі ашылды. Ол жерде көше комитеттері мен белсенділері сектордың жауаптыларымен тікелей байланыс орнатып, өзекті мәселелерді анықтауға атсалысатын болады.


Сонымен қатар, әрбір жауапты аудан, қала мен басқармаға әр сектор бойынша жол картасын әзірлеп, іс-шара жоспарын дайындауда. Алдағы жұмыстар осы жол картасы мен іс-шаралар арқылы жүзеге асырылатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы