«АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» ЭСТАФЕТАСЫНЫҢ ТУЫ МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

1  629 көрілім

«Түркістан – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жолды таңдаймыз» облыстық марафон эстафетасының туы шағалалы Шардара ауданынан мақталы мекен Мақтарал ауданынының жастарына салтанатты түрде табысталды. Қорытындылау іс-шарасы Шардара су қоймасының жағалауында 400-ге жуық жастардың қатысуымен өтті. Ауданда алғаш рет өткен эстафетаны табыстау рәсіміне келген қонақтар мұражай жәдігерлерімен, қылқалам шеберлерінің туындыларымен танысудан бастап, әрі қарай шара шеңберінде жағажайда ұйымдастырылған футбол, волейбол, балық аулау, суда жүзу және желкенді қайық іспетті спорт ойындарын тамашалады.

  Іс-шараға арнайы қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша аудандаралық басқармасының басшысы С.Жантөреев өтіп жатқан марафонның маңыздылығын атап, марафонға белсене қатысқан азаматтарға Алғыс хаттар табыстады. Эстафета аясында өткен жиында кітап пен туды табыстаушы  Шардара ауданының әкімі Қ.Жолдыбай  қорытындыласа, ал қабылдап алушы Мақтарал ауданы әкімінің м.а. Б.Төребеков сеніп тапсырылған шараны өз аудандарында жоғары дәрежеде өткізетініне сенім білдірді.

  Айта кетейік, марафон Департаменттен бастау алып әрі қарай, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Сайрам, Түлкібас, Төлеби және Шардара аудандарында өтті. Марафон аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар барлық аудан, қала жастарының белсенді қатысуымен өтуде. Марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 9 желтоқсан  күні Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтетін болады. 


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің баспасөз қызметі  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы