«ТҰРАН» ЖОҒАРЫ ЛИГАДА ӨЗ ОРНЫН САҚТАП ҚАЛДЫ

854 көрілім

Биыл Түркістан облысының əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жаңадан құрылған «Тұран» командасы футболдан Қазақстан чемпионатында тұңғыш рет бағын сынап, жанкүйерлердің сенімін толық ақтады. Айтар болсақ, жаңа облыс орталығында жаңадан жасақталған жаңа команда премьер-лигада өз орнын сақтап қалды.

Түркістандық теңбіл допшылар маусым аяқталуына 2 тур қалғанда биылғы межені орындап, жанкүйерлері алдында жүздері жарқын болды. Осыған дейін 24 ойында 5 рет жеңіске жетіп, 10 рет тең түсіп, 9 рет жеңіліс тапқан футболшыларымыз 25 ұпаймен турнир кестесінде 12-ші орынға тұрақтады. Сөйтіп, түркістандық футболшылар биылғы тапсырманы ойдағыдай орындады. Енді «Тұран» 24 қазан күні сағат 15:00-де өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдаса, 30 қазан күні елордада «Астана» командасымен кездеседі.

Түркістанда құрылған жаңа нысандар қатарындағы 7000 көрерменге лайықталған «Түркістан-арена» стадионында өнер көрсеткен түркістандық футболшылар облыс, қала спорты тарихында жаңа парақша жазып қалдырды. Ендеше, қадамы сәтті болған жаңа команданың келер жылы бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне тілектес болайық, түркістандық жанкүйерлер!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы