«РУХАНИ КЕРУЕН ТҮРКІСТАНДА» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

889 көрілім

Түркістан облысы мәдениет басқармасының үйлестіруімен «Рухани керуен Түркістанда» атты аудандық кітапханалар арасында акция басталған болатын. Шараның мақсаты – руханияттың қақ ортасында яғни Түркістанның төрінде жаңадан ашылған елімізде теңдесі жоқ «Фараб» кітапханасын облысқа таныстыру. Өңірлерге Түркістанның орталығындағы руханияттың нағыз бастауы осы «Фараб» кітапханасы екенін дәріптеу.

Түркістан облысы мәдениет басқармасы және облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен бастау алған «Рухани керуен Түркістанда» атты акция жобасының келесі көшін Сарыағаш ауданы тізгіндеді. Сарыағаш аудандық орталық кітапханасынан көшті зиялы қауым өкілдері мен қатар жас өнерпаздар әннен шашу шашып, арнау өлеңдерімен бастап келді. Жаңа қоныс құтты болсын деген ниетпен шашу шашылды. Іс-шараны Түркістан облысы әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шардарбекова Жанат Сәдібекқызы мен Сарыағаш ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Кульгинова Қалбибі Сейдірқызы ашып берді. Әрі қарай кітап көрмелеріне шолу жасалып, «Әл-Фарабидің ғылымға келу жолы» атты қойылыммен жалғасты. Үлкен сахна төрінде жазушы, Жазушылар Одағы Шымкент филиалының төрағасы Шойбек Орынбаймен «Шыңға шыққан-Шынар» атты кездесу кеші өтті.

Сүбелі сұхбатты жазушы, ақын, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі Қазақстан педагогикалық академиясының профессоры Әбілсапар Тұрғынбаев жүргізді. Кездесу сұхбатта Сарыағаш ауданынан келген әнші өнерпаздар әннен шашу шашып, өнерлерін көрсетті. Балалар іс-шарасы екінші қабаттағы балалар бөлімінде жалғасын тауып, жас оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Ұлы дала даналары» атты брейн-ринг интелектуалды ойыны ұйымдастырылды.

Пернекүл НАЛЬТАЕВА,

Түркістан облысы әмбебап ғылыми кітапханасының көрмелік бұқаралық ақпарат іс шаралар секторы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы