ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

3  446 көрілім

Жақында Қостанайда жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты мәреге жетті. Еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық балуан 15 салмақ дәрежесінде сынға түскен байрақты бәсекеде Түркістан облысының балуандары да сәтті өнер көрсетті.
Тобыл өңірінде ерлер мен әйелдер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған сайыста облыс спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медальды иеленді. Атап айтсақ, 67 келі салмақта Меруерт Нұрмаханова жеңіс тұғырының ең жоғары сатысынан көрінсе, 62 келі салмақта Мақсұда Джаппарова ІІ орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, Райым Мұхамедов (53 келі), Батырхан Әлайдар (57 келі), Әбдірахман Ізімбай (90 келі), Аяжан Ақназарова (67 келі), Гұлнур Елбасиевалар (+67 келі) қола медалды иемденді.

  • Коронавирус індетіне байланысты өткен жылы көптеген жарыстар кейінге шегерілді. Аталмыш біріншілік те көрермендерсіз ұйымдастырылды. Бір жылға жуық спортшыларымыз үлкен додаларға қатыспады. Соған қарамастан балуандарымыз ойдағыдай өнер көрсетті,-дейді Түркістан облысы ұлттық спорт жекпе-жек федерациясының президенті Азиз Анетов.
    Айта кетейік, төл өнеріміз жекпе-жекті кеңінен насихаттауды көздеген ел біріншілігінде жеңімпаз атанған балуандар Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Азия және әлем чемпионатында өнер көрсетеді.

Райымжан ӘЛІБАЕВ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы