ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ «ТОБЫЛ» СУПЕРКУБОК ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

3  352 көрілім

Биыл Қазақстан суперкубогы жаңаша форматда өтіп, оған 4 команда қатысты. Түркістан төріндегі «Түркістан-арена» стадионында өткен тартысқа толы ойындарда «Тобыл» командасы Қазақстан суперкубогын жеңіп алды.
Жарыстың ақтық кезеңінде жасыл алаңда «Тобыл» мен «Астана» командалары кездесті. Ойынның 14-минутында қостанайлықтардың тәжірибелі қорғаушысы Сергей Малый есепті ашып, командасын алға шығарды. Қос команда алма-кезек шабуылдағанымен таблодағы есеп өзгермеді. Тек ойынның соңғы минуттарында астаналықтардың хорваттық жартылай қорғаушысы Марин Томасовтың шеберлігі арқасында есеп теңесті. Ол айыпдобын дәл орындап, командасын жеңілістен құтқарды. Пенальти сериясы барысында «Тобыл» қақпашысы Александр Мокин «Астана» шабуылшысы Роман Муртазаевтың соққысын қайтарып, командасының жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосты. («Тобыл» – «Астана» – 1:1, пенальти – 5:4.). Осылайша «Астана» командасы 2-ші орынды, «Қайрат» командасы 3-ші орынды иеленді.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы