ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ!

567 көрілім

21 қаңтар күні Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюповтың 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылға жоспарланған жобалар бойынша халық алдында есеп беруі өтеді.

Карантин режимі талаптары бойынша әкім есеп беруі онлайн форматта өтеді деп жоспарлануда. Тікелей эфир қала әкімі мен әкімдік әлеуметтік желі парақшаларында және жергілікті “Тұран-Түркістан” телеарнасында көрсетіледі. Сондай-ақ, 10-ға жуық мектеп және өзге де ғимаратта есеп беру барысында “ZOOM” платформасы арқылы тұрғындардың сауалдары мен өтінімдерін қабылдау мүмкіндігі ұйымдастырылатын болады.

Мектеп және өзге де ғимарат мекен-жайлары, қатысу ережелері, есеп уақыты мен көрсетілім платформалары бойынша толығырақ ақпарат алдағы уақытта жарияланады.

Түркістан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желі парақшаларында жарияланған жазба (https://www.instagram.com/p/CJ5qS-IpbzV/?igshid=ostnlzr52r3g) астына қалдырылған өтінімдер мен сауалдар сарапталып, жергілікті тұрғандарды ерекше толғандыратын салалар бойынша сұрақтарға әкім есебі барысында жауаптар берілетін болады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы