ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА САЙЛАУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

611 көрілім

Түркістан қаласында таңғы 7:00-ден бастап ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы бастау алды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов және облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Мәдениет сарайындағы №133 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Парламент сайлауына “Nur Otan”, “Aқ жол”, “Қазақстан Халық партиясы”, “Ауыл” халықтық-демократиялық партиясы, “ADAL” саяси партиясы қатысады.

Жалпы, Түркістан қаласы бойынша сайлаушылар саны, яғни 18 жастан асқан азаматтар 109 575-ті құрайды.

Айта кетейік, қала бойынша 50 сайлау учаскесі құрылған. Олар білім ошақтары, балабақшалар мен мектептерде орналасқан. Қалалық филиал төрағасы Рашид Аюпов сайлау учаскелерінің сайлаушылар үшін тиімді болуын ерекше назарына алып, жұмыс барысын бақылап тұрған болатын. Ендігі, кешкі 20:00-ге дейін сайлау науқаны жалғасатын болады. Егер де, өз сайлау учаскеңізді білгіңіз келсе, www.2021sailau.gov.kz сайтынан немесе 109 – Бірыңғай байланыс орталығы, sailau2021@iturkistan.kz электронды поштасы, сондай-ақ, tur.saylaw.kz сайты мен @tur_saylaw_bot Телеграм-боты арқылы біле аласыздар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы