«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ КІРІКТІРУДІҢ МАҢЫЗЫ»

517 көрілім

Түркістан қаласының адами капиталды дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Мұстафа Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектебінде «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде кіріктірудің маңызы» тақырыбында семинар өтті.Жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану жолдарын және озат тәжірибелі мамандардың озық іс-тәжірибесін кеңінен насихаттау және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды мақсат етіп онлайн форматында өткізілген семинарға қалалық адами капиталды дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Асылбекова, әдіскер Ж.Сералиева, қала мектептеріндегі ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері және жаратылыстану бағытындағы (химия, биология, информатика, физика) ұстаздары қатысты. Семинар барысында Мұстафа Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі М.Төлендиева Zoom арқылы «Салауатты тамақтандыру және дәрумендердің маңызы» тақырыбында оқушылырмен сабақ өтті. «Физикалық және химиялық құбылыстар. №3 зертханалық тәжірибе. «Химиялық реакциялардың белгілері» тақырыбында химия пәнінің мұғалімі Д.Сапармед Бандикам бағдарламасымен өз жұмысын таныстырып өтті. Сонымен қатар, физика пәнінің мұғалімі А.Беделбекова ортаға «Күш. Күш түрлері. Масса» тақырыбында видеосабағын ұсынды. А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектептің химия пәні мұғалімі Д.Үсенбаева және биология пәні мұғалімі З.Бекмұратова вебинар сабақтарын көрсетті. Семинар кері байланысы «Еркін микрофон» әдісі арқылы өтті.

Түркістан қаласы Адами капиталды дамыту бөлімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы