ТҮРКІСТАН: БАСКЕТБОЛДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

971 көрілім

Түркістан қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде баскетболдан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Жарысқа 12 команда қатысып, өзара шеберліктерін шыңдауда. Қыздар арасындағы бұл додаға Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары мен Павлодар, Алматы жəне Түркістан облысының баскетболшылары қатысуда. Сондай-ақ, шаршы алаңда ұлдар арасында сынға түсіп жатқан Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент жəне Тараз, Ақтау қалалары мен Атырау, Түркістан облысының ең таңдаулы деген жас спортшылар бақтарын сынауда. Бас төреші Богдан Терещенконың айтуынша, еліміз бойынша Түркістан облысының баскетболшы ұл-қыздары жарыс жолында ең мықты команда екендіктерін дəлелдеуде. Баскетбол бəсекесі 11-қараша күні аяқталады.Облыс намысын қорғап жатқан түркістандық қыздар құрамасының бас бапкері, білікті маман Ғалия Мамахан бұл сайыстың жыл сайын ауқымы кеңейіп келе жатқанын жеткізді.«Түркістан облыс орталығы болып құрылғалы бері өңірімізде бірқатар кəсіби спорт клубтары ашылып, онда талантты шəкірттер тəрбиеленуде. Құрылғанына көп бола қоймаған «Тұран» спорт клубының баскетболшы қыздар жəне ұлдар командасы қазір республикамызда жақсы нəтижелерге қол жеткізіп келеді», – деді ол.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы