БАБАЛАР МАҚСАТЫ ҰРПАҚ МҮДДЕСІ

577 көрілім

Ертедегі бабалардың ғазиз аналардың өмірі, өнегесі, қадір қасиеті кейінгі ғасырға аңыз болып жеткен. Ержүрек батырлардың, билердің, шешендердің, ғалымдардың есімдері халық жадында мәңгі сақталған. Ежелден келе жатқан әдеп-ғұрып, тұрмыс салт, әр түрлі жолдарды жалғастырып келеді.

Орта Азияда ХI-XII ғасырда ғылыми саласы дамып, ғылыми кітаптар, тарихи шежірелер ортақ жолмен дүниеге айналды. Көне мұралар жазба жолмен шығармашылық жолға түсіп ұрпақ игілігіне алтын қазына болып өмірге келді. Мен Қазақ халқының қасиетін сүйе отырып, деректі жазбам, ұлағатты шежіре жүйесімен ұрпаққа жететініне сенемін. Олай дейтінім халық болып көне шежірені қастерлеу басты бақыт әрі оған бас иіп өмір сүруіміз керек. Себебі жер бетіндегі әр елдің әдебиеті, мәдениеті әрі тарихы өмірге келген соң ұрпағы танып білуі үшін шежіренің орны ерекше. Қазақ ұлтымыз мол ізденіп ел ішіндегі қазынаны ғылыми тұрғыда мән беріп ұрпақ кәдесіне тұғырлы етіп жеткізуіміз керек. Азия халықтары оның ішінде түркі тіліндегі жазба өнер жолы VI-VII ғасырларда дами бастады. Осындай құрамы үлкен өлкелі халық түркі тілінде сөйледі әрі мемлекеттің тілі болып қалыптасты. Оған дейін араб жазуымен жүріп отырды. Көне дәуірдегі орта ғасырда жазба графикасымен жазылғандықтан кейінгі және бүгінгі ұрпақ ол дүниелерді оқып танып білуде қиындыққа ұшырады. Көптеген көркем әдебиеттер, өсиет дастандар, толғаулар, арнаулар жазба кезіндегі ұлы жазбалар жоғалып кетті.

 Басты бақыт ұлы дәуірдегі шежіре негізінен халықтың өзіннен жиналып өзіне қайта беріледі. Шежірені жинау таза зерттеп таза жазу оңай болмағаны анық. Қазақ әдебиетінің мақсаты ежелгі дәуірін тарихи зерттеушілер, ғалымдар аз болды. Басын тігіп қолға алып күресуге тайсалды. Көне дәуірдің келбетіндегі нысанды қазына ата-дәстүрі, салт- дәстүрі өнегелі ата жолы таза халқына, ұрпағына жеткізуді көздеді. Бірақ мақсат сол дәуірдегі тайпалар тарихын, рулар бірлестігін өмірге әкелу қиын болғаны анық. Себебі біз тарихта болған рулы ел, тайпа мен халықтың арасындағы ата-тегін шежіре арқылы деректеп көркем әдебиетке жол ашып дәріптеу болатын. Қаншама ғасыр өтті, қаншама жылдар бойы ұрпақтан- ұрпаққа асыл мұраны ұлы тарихты деректерге ұластырып отыруды мақсат етті. Шежіренің қасиеті жеке тарихына сай тұлғаларды, оқиғаларын дәріптеп қамтылу еді.

Халық қазынасы мақал-мәтелдерді, қазақ-халқының тұрмыс салты, әдет-ғұрпы, әр тайпаның сол кезеңдегі дәуірі аталар мақсатын ұрпаққа жеткізу керек етілді. Өйткені Орта Азияда VII-VIII ғасырдағы халықтардың төл тарихтарын көне шежірелерді жинақтаудың қажет екенін терең сезінді. Қаншама жылдар, ғасырлар бойы асыл мұраны ұрпақтан ұрпаққа қалдыру үшін қазақ әдебиетінің ғалымдары талмай еңбек етті.

Осындай еңбектің арқасында әдеби мұраларды жинақтап, халықтың қажеттілігіне қол жеткізді. Біздің мақсатымыз көне шежірені қастерлеп жеткізу. Өйткені біздің елдің әдебиеті мен мәдениеті, ғылымы мен білімі дамыған тарихымыз терең тұғырлы ел екеніміз айқын білінді. Міне қазыналы деректер, ұлағатты шежірелерді, өз халқының кәдесін ұрпағына таза табыстау керек. Сонда ғана көне әдебиетіміз бен тарихымыз терең тұғырлы болады.

Шежіренің өмірге келуінің негізі халық арасынан шығып, кеңінен айтылып, халықтың өзіне өзі қазынасын қайта ұсыну дұрыс ұғым. Қазақ халқының құдіреті күшті ел екені жер жүзіне мәлім. Біз осыны қастерлеп шынайы бағалап сүйе білмесек, ғасырлар бойы жасалған қазыналарымыз ұрпақтан- ұрпаққа жетуі мүмкін емес еді. Олай жасаған қателік ешқашан кешірілмейтін күнә десе болады. Кез- келген адам жеке басына ғана емес, халқы мен жері үшін еңбектене білуі қажет.

Нағашыбек ШЕГЕБАЙҰЛЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы