АҚЫН ШЫҒАРМАСЫ

713 көрілім

МУХАММАДАМИН МАХМУДОВ

«Түркістан» газетінің алғашқы нөмірі жарық көргеніне биыл 90 жыл толып отыр. Осынау 1930 жылдың 4 қазанында «Қызыл Түркістан» деген атпен шыққан газет замана ағымымен бір кездері «Коммунистік еңбек» деп аталса, қазір «Түркістан» атауымен қалың оқырмандардың сүйікті басылымына айналды. 90 жыл ішінде газет сан алуан тарау-тарау жолдардан өтті. Қаланың тарихын, өсіп-өркендеу кезеңдеріндегі ұлан-ғайыр істердің, жаңалықтардың жаршысы болды, ел тағдырына араласты.

Биыл газетіміздің 90 жылдық мерейлі мерекесіне орай, жыл басынан бері «Қызыл Түркістан» газетінен бастап, сол жылдардағы көтерілген мәселелер, тарихи шешімдер туралы шолу жасалып, газеттің бетіне тұрақты беріліп келеді. «Қызыл Түркістан» газеті «Қала жылнамасын жазып келе жатқан қарашаңырақ» атты тақырыппен бастау алған құнды деректерде «Түркістан» газеті №14 (9510) 3 сәуір күнгі санында сол кездегі жас ақындардың өлеңдеріне талдау жасалып, авторлардың суреттерімен берілген-ді. Жоғарыда айтылған санда жарияланған газет оқырманы атасының Мухаммадамин Махмудов суреті бейнеленгенін айтып, қолында атасының бірнеше өлеңдері бар, сонымен қатар, «Сізге айтар сөздерім» атты кітабын редакцияға арнайы алып келіпті. Бізде газеттің 90 жылдық мерекесіне орай, «Қызыл Түркістан» газетінің белсенді авторы болған Мухаммадамин Махмудовтың бір топ өлеңдерін газет бетіне жариялауды жөн көрдік.

Редакция.

ТОЙ

Ел-жұрт келді жұмылып,

Кетті үй кеп құбылып.

Сүйітті де той басталды,

Тамақ үйіп тасталды.

Ішімдік тұр, қазы қарта,

Ой, құйылды, құйылды

Өлең де аздап сұйылды.

Ой, құйылды, құйылды,

Бірі кетті шалқайып,

Құлағыда қалқайып,

Бірі жатты жалпайып,

Ауыздары аңқайып.

Және бірі созылып,

Жылап көңілі бұзылып.

Бірі бастады айқайды

Айқайлап кеп қайқайды.

Өлеңдетіп бірі тұр,

Тағы бірі билеп жүр.

Қуған да бар, қашқан да

Жатқандарды басқан да.

Тамақ жатыр төгіліп,

Алатын жоқ еңкейіп,

Таңға дейін болды той

Етін жеп жеті қой.

Той келгенде сұйылып

Айқай кетті құйылып,

«Қыз қашыпты, қашыпты,

Бізді қара басыпты»

Бар бетін тырнаған,

Ойбай салып жылаған,

Жылағанмен қосылған,

Беттері оның осыған.

Күліп жатқаны да көп

Деген қашыпты ғой құп.

Қыз сүймесе бере ме,

Ендігі қыз көнерме,

Сүйгенімен кетеді қыз

Заң да бірдеңе дер ме?!

Кетті қызып шулығып

Ешкім де жоқ буылған.

СЫЙЛЫҚ

«Жұрттың бәрі жиналысқа!»

Бригадирлер айқайлады.

Не бір бала, не шал қалды,

Бәрі бірдей жиналыста.

Председатель сөз бастады,

Сөз дегенді жеп тастады.

Малшыларды мадақтады

Еңбеккерді ардақтады

«Үй»,-деді кеп «бүй»,-деді кеп,

«Еңбекшінің еңбегін

Бағалап өзін, сүй,-деді көп»

Шешен сөзін аяқтады,

Соң столға қонақтады.

Жылдық есеп талқыланды

Ол сөз алды, бұл сөз алды,

Жиналыста кетті қызып,

Кей біреулер жатыр сызып,

Ең соң хатшы сөзге шығып,

Қалтасына қолын тығып

Алды қағаз жұртқа қарап

Сыйлықтарды жариялап

«Біздің колхоз озат,- деді

Басқармаға боз ат,-деді

Есепшіге мотороллер,

Бригадирге холодильник,

Звеноводқа бір будильник,

Фермаға шерсть бір киімдік.

Еңбеккерге, малшыларға

Жалпылама айтты алғыс.

Тракторист, шоферларға

Және алғыс, және алғыс.

БҰЛ ОТАН

Халқы батыр, әл-ауқаты ер азамат – бұл Отан!

Құшағы кең, жері қойма сұлу-сымбат – бұл Отан!

Таулары кең, тыңдары дән, бай-ауқатты – бұл Отан!

Елге шаттық жүрекке дем, белге қуат – бұл Отан!

Октябрьде ол көтерген ар-әділеттің туын,

Келмесіне қуып салып тұңғиықтың түтінін.

Күндей шашқан барлық елге алтын сәулелі нұрын,

Қатты салып коммунизм ұранының үнін.

Өзі бақыт өр пейілді, ерік – әділет – бұл Отан!

Достары мол өркендеуге коммунизм жолында.

Ерікті елдің қатарлары өсуде ен бойында,

Бұл елдердің сүйеніші ұлы құдірет – бұл Отан!

Кім сүйенсе бұл Отанда жетер тілек арманға,

Бастап бaрар өрге өрлеп, бақытты зор заманға.

Даңқы тілде айналады күй өлеңге дастанға,

Қамқоршысы еңбекшінің алып азамат – бұл Отан!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы