ӨРЕЛІ ОЙ – ӨМІР ӨНЕГЕСІ

635 көрілім

Қайда барсаң бытбылдық,
Әділетті соттың ісі шым шытырақ.
 Қайырсыз істің құрары жоқ,
Дайысыз жанның тұрағы жоқ.
 Ізетің болса, өзіңе де өзгеге де қадірлісің. Кесапат, маскүнем, қаскүнем өзінен- өзі тозады,
Еңбек етіп қара нанды қайғысыз жеген озады.
Бейәдеп бетпақтың аузы сасық, есіктің алдындағы байлаулы иттей шәуілдеп үріп тұрады.
 Өсіп өнем десең адами арыңмен арлы бол.
Кісіге қиянатың жоқ жан тәніңмен жаралы бол.
Дүниеге құныққан жан өзі түгіл өзгені де ұмытып, бекіре балықтай басын тасқа ұрып өзін-өзі мертіктіреді.
 Өмір деген жолда күш жігеріңді құм басып сағың сынбасын, қайтпас қайсарлық пен табандылықпен еңбек етсең бағың жанады.
Осы жолда салың суға кетіп, бойыңнан күш қуат қайрат кетіп сағың сынса қарға адым жерге баруың мұң болып қалады.
Сағың сынбасын, сағың сынбаса бағың жанады,
Салың түспесін, салың түссе жігерің құм болып қалады.
Адамды ақыл парасат сана ой сезім билейді. Осылар жоғалса ар-намыс ұяттан кетіп қара жерге жерлейді.
Ырыс- несібе таң нұрмен бірге шашылады бұйырса теріп жейсің
Бұйырмаса шашылып төгілген күйі
Қолыңды қусырып құр алақан қаласың.
Отқа барған әйелдің отыз ауыз қосып шатып айтар сөзі бар.
Халық айтса қалыс айтпайды, ақиқат айтылмай қалмайды,
Өсек өтірікті жасырғанмен түбінде көзге түртпей қоймайды.
Мәңгі бақи дүние құрылымы жоқ, ондағы тіршілік иелері адам, жан жануар уақыт сәтінде ғайып болады.
Тіршілік ғұмырда сіз, біз салауатты салихалы имандылық адам санасында есте қалады.
Алланың құдіретімен он сегіз мың ғаламаттың асыраушысы жер Ана, дем берушісі Аспан Әлемі.
Ырыс – несібенің қайнар бұлағы – еңбек.
Мың асқанға бір тосқан бар,
Қара қойға топалаң келгендей өзінен- өзі дерт болады, не мерт болады.

ОЙШЫЛ – ОЙ ӨРЕЛІСІН ТОЛҒАЙДЫ, ШЫНШЫЛ – ЕЛ ҚАМЫН ОЙЛАЙДЫ

Дүние өмір құрылымы бар мен жоқтан тұрады.
Жоқты бар етсең ол еңбегіңнің жемісі, өмірде – асылсың.
Барды жоқ етсең ол білместігіңнің кемісі, өмірде – масылсың.
Өмір- тетігі өнер, таба біл, көсегең көгерер.
Игілікті іс берекеге бастайды.
Қарның тоқ, көйлегің көк, уайымың жоқ, жаннатты өмір кешесің.
Адамды ақыл ой парасат, сана сезім билейді.
Осылардан айырылсаң ар, намыс, ождан қара жер қойнына сүйрейді.
Өзіңнің де өзгенің де сөзіне сенбе. Атқарған іс әрекетіңе сен.
Адамның тегі, Адам ата, Хауа ана
Ұрпағы тәкаппар, көрсеқызар жанкешті
Аллаһ содан сақтасын!
Бес күн жалған өмірде адам бір-бірінің қадірін білмейді,
О дүниелік болғасын, бірде күйініп, бірде сүйініп,
марқұмның қадірін іздейді.
Адам бойындағы күш-жігер қадір қасиет оның біліктілігінде емес, істеген ісі мен шынайы имандылық қадір қасиетінде.
Қуыс кеуде жанның сырты бүтін іші түтін, жан-дүниесі бықсыған сасық.
Аузын ашса көмейі көрінетін жанның жүрегі мейрімді, жүзі жылы аялар алақаны ыстық.
Адамның өмірлік серігі – жар,
Тіршіліктегі тірегі – ар.
Адамның тұла бойындағы адами адамгершілік қасиеттің ең асылы, ар-намыс.
Арлы азамат – ажарлы,
Арсыз азамат – қаралы.
Имандының жүзінен нұр шашады,
Имансыздың тілінен у тамады.
Әділдік айтып, отқа түссең күймейсің,
Суға салса батпайсың,
Елдің нақ сүйері боласың.
Ақиқатты айтқан адамның жүрегінде ұлылық пен жылылық бар.
Әр ұятты аттаған адамның жүрегінде біз бен ине бар.
Ұлылық пен жылылық жан дүниенің шуағы,
Ине мен біз тіршіліктегі өміріңнің қазаны.
Ел намысын, ер намысын даттама,
Әділетті ақиқатты аяқ асты етіп аттама.
Тәкаппарлық пен менмендік өмірдегі қас жауың,
Имандылық пен ізеттілік өмірдегі дос бауырың.
Арам ас – арақ өзіңді де өзгені де улайды.
Өмірде бір ғана ақиқат бар, ол өзіңді- өзің басқара алмасаң, билей алмасаң өз басың өзіңе жау.
Өмір деген жолда, өзін-өзі жазалаған, өзін-өзі мінеген, түзеген жан – нағыз адам.

Мәдібек ТІЛЕУБАЙҰЛЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы