ҮЗДІК ҰСТАЗЫМЫЗ КӨШБАСШЫ ПЕДАГОГ АТАНДЫ

671 көрілім

Бүгінде қаламызда өз саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, өз кәсібінің шебері атанып жүрген ұстаздарымыз баршылық. Солардың бірі – №8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Назым Анарбаева.
Назым Нұрғаниқизы жуырда бір белесті бағындырып, мерейі тасыды. Атап айтар болсақ, «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым Академиясы» қоғамдық қоры мен Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған V Халықаралық «Көшбасшы педагог – 2020» конкурсында жеңімпаз атанды. Назым Нұрғаниқизы аталған қос мекеменің І дәрежелі дипломымен қатар ұлттық сертификат, «Алтын қанат» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым Академиясының» мүшесі атанды.
Айта кетейік, «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым Академиясы» қоғамдық қоры мен Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен биыл бесінші рет өткізіліп отырған Халықаралық конкурсқа еліміздің әр өңірінен 5000-нан аса педагогтар қатысқан болатын. Соның ішінде 183 мұғалімнің еңбегі үздіктер қатарынан табылып, жеңімпаз атанып отыр. Олардың арасында біздің жерлестеріміз де болғаны зор мақтаныш.
Жуырда ғана яғни «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың «Алғыс хатымен» марапатталған Назым Нұрғаниқизы Анарбаеваны жарқын жетістігімен құттықтай отырып, педагогикалық қызметінде зор кәсіби шығармашылық табыстар тілейміз.

Түркістан қалалық Адами капиталды дамыту бөлімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы