ҰСТАЗ БОЛУ – ЖҮРЕКТІҢ БАТЫРЛЫҒЫ

666 көрілім

Жыл сайын 100-ден астам мемлекетте Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі. Барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Ұстаздардың еңбегі ерен, еңбектері өлшеусіз.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – деген ұлы Абай бабамыз. Жас ұрпақтың санасына енгізетін тәлім – тәрбие мен үлгі – өнегені барлық күш жігерімен ұғындыратын ерекше тұлға ұстаз алдында адамзаттың бәрі бас иеді. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымын дәріптеу, еңбегін бағалау, марапаттау Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жылдағы дәстүрі. Тәуелсіз қазақ елінің дамуына үлес қосып келе жатқан ұстаздардың еңбектерін ескере отырып, ұстаздар мерекесінің қарсаңында жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген ұстазымыз М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп – гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ләззат Айтынбетова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.

Білім саласында көп жылдар еңбек етіп, қалалық білім бөлімінде есепші қызметін атқарып, ұстаздардың еңбек ақыларын есептеуде өз ісінің шебері бола білген, ұстаздар қауымына мүлтіксіз қызмет еткен Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі Дильмурат Бекенов қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Білім саласының шаруашылық жұмыстарын мүлтіксіз атқарып келген, мектеп мүлкінің ерекше сақталуына, мектепті таза, қалыпты жағдайда ұстап, ұстаздар қауымының алаңсыз еңбек етуіне мүмкіндік жасап жүрген Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Расул Атаханов, осы мектептің биология пәнінің мұғалімі Көркем Шілдебаева «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен марапатталды.

Ұстаздар қауымына жетекшілік етіп жүрген білім саласы басшылары Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Марина Тәукебаева, Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Шынар Тилеубергенова, Ататүрік атындағы №17 мектеп – гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Рахила Үрімова, «Өркен» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі Мира Одаманова, «Ертөстік» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі Майя Қауымбаева «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Білім саласының үздіктері, кәсіподақ комитетінің белсенді мүшелерін Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Диана Тұрманова мереке күнімен құттықтап, алған марапатқа лайық жандар екендігін тілге тиек етті. Ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын ұлы мереке – ұстаздар күні. Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып рухани бағыт бағдар беруге ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстаздарға мың алғыс!

М.КЕНЖЕБАЕВА,
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы