АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

1  808 көрілім

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай «Ұлы дала елінің елордасы – Нұр-Сұлтан» тақырыбында онлайн форматта мерекелік іс- шара және фото-кітап көрмесі өтті. Атаулы шараға қаламыздың мектеп оқушылары атсалысты.

Шараның негізгі максаты – Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы туралы болашақ ұрпақтың танымын қалыптастыру, отансүйгіштік қасиеттерді дарыта отырып, бойына патриоттық сезімдерді сіңіру арқылы ұлтты ұйыстырып, мемлекеттігімізді нығайту. Атаулы шарада Түркістан қаласының бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай өз өнерлерін көрсетті.

Шара соңында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің әкімшілігі мерекелік шараға белсене қатысқан қонақтарды Нұр-Сұлтан қаласы күнімен құттықтап, еліміздің болашағы жас ұрпақ өнеріне сәттілік тіледі.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы