ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА ОТАНЫМЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІ

801 көрілім

6 шілде. Нұр-Сұлтан қаласының туған күні. Бұл күн тәуелсіз және мықты мемлекет Қазақстанның тарих беттерінде алтын әріптермен жазылған. Сенім мен жасампаздықтың көрінісі болған бас қалаға 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Нұр-Сұлтан атауы берілді. Мұндағы басты себеп Елбасы о бастан ел астанасын Ақмолаға көшіріп, кейіндеп атауын Астана қаласы деп өзгертті. Осы жолда маңдай терін төге отырып, елеулі еңбек етті. Айтарлықтай ерен еңбегі жеңісті жемісін берді.

Ерекше мереке – елорданың туған күні бас қаланың негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н. Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің өзіндік мәні бар. Биыл сарабдал саясаткер Елбасы 80 жасқа толып отыр. Президент идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды. Нұр-Сұлтан қаласы қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан тек елордалықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мақтанышына, сүйікті қаласына айналды.

Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Сәулеті мен сәнін естіген адам бір көруге ынтық болып жүрген дүниежүзілік шаһарлардың деңгейіне жетті. Олай болса, әлем астаналары арасында лайықты орын алатын елордамыз күннен күнге гүлденіп, көркейіп, мемлекетіміздің күші нығая берсін демекпін!

Айгерім МҰРАТ,
«Jas Otan» ЖҚ Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы