ҰСТАЗЫМ, СЕНІҢ ЕҢБЕГІҢ МЕКТЕП ТАРИХЫНДА АЛТЫН ӘРІПТЕРМЕН ЖАЗЫЛМАҚ

698 көрілім

Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз бен қыс, жазың.
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
34 жылдан бері мектептің жүрегіне айналып үлгерген, 34 жыл осы табалдырықты сабаққа деп асығып басып кіріп, бүгін қонақ болып осы мектепке келіп отырған аяулы жар, мейірімді ана, ұлағатты ұстазымыз Раманкулова Муборак Төлегенқызы жайлы ой қозғағымыз келді. 1964 жылы 4 ақпанда Диметовтар отбасында дүниеге келген ұстазымыз 34 жылын мектепке арнағаны рас. Муборак ұстаз қаламыздағы Ш.Ниязов атындағы мектепті үздік аттестатпен бітіріп, 1981 жылы Ташкенттегі Низами атындағы мемлекеттік Педагогикалық институтының биология факультетіне оқуға түскен. Сол жылы Коммунизм колхозындағы биологиялық лабораторияға лаборант болып жұмысқа орналасады. 1991 жылдан бастап Коммунизм орта мектебіне қазіргі С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебіне ауысты. Зымырап өткен жылдар-ай!
Өз құшағына 34 жылды салып та қойыпты. Ұстазымыз осыншама жылда аянбай қызмет етті. Өз мамандығын шын сүйе білген ұстаз дегіміз келеді. Өз пәні бойынша ашылмаған қанша есіктерді ашып, белестерден көріне алды. Шәкірттерінің құрметінде бола алумен бір қатарда, ата-аналармен де аянбай еңбек ете алды. Ұстазымның артта қалдырған 34 жылдық тарихына назарымды аудардым. Қаламымның қасында тұрған бір бума мадақтама қағаздары жүрегімді сыздатып жібергені рас. Бұл қағаздардың әр бірінде үлкен еңбек жатқаны анық еді. Әрбір қағазына үңіліп отырып, ойға көміліп кетіппін. Газеттерде жарық көрген мақалаларын санап отырып, адасып та кеттім. «Мен шаршадым, мені енді қайда сүйрейсіңдер?» – деп айтпаған ұстазымыз, 2013 жылдары Шымкент қаласында Кембридж оқуына барып оқып, 464 академиялық сағатты бітіріп, үздік бағамен қаламызға оралған. Оқудан кейін жаңалықпен сусындап келген, жаңалыққа жаны құмар Муборак апай «Өзгеріс не үшін керек?» атты мақаласын республикалық баспадан шығарып та үлгерген. Мақала мұнымен тоқтап қалған жоқ. «Жаңаша жоспар жазу жаңалық емес», «Рухани жаңғыру жолында», «Кембридж бағдарламасы мектепте» атты мақалалары сабын түзеп тұрса, көзіме еріксіз түрде жас келді. Осы жылдары «үш тілділік» бағдарламаларын оқып келіп, «Ағылшын тілінде» бірнеше үлгілі сабақтар өткен.
Бұл аз десеңіздер, бірнеше тамыз педагогикалық оқуларының есіктерін қағып, жүлделі І орынды иеленгені де бар. Мектеп жүрегінен орын алған ұстазым, білім ордасының биіктерін бағындырғаны рас.
Ұстазымыз бала кезінде ақ халатты абзал жандарға көп қызыққандығы соншалық, ҰБТ кездерінде осы армандарын сүйікті оқушылары арқылы жүзеге асырды. Бірі Түркістан қаласындағы дәрігерлік қызметін атқарса, тағы бір оқушылары Шымкент қаласында бас дәрігер мамандықтарын арқалап халық қызметінде жүр.
Отбасында да осындай орны бар ма екен деп аттың басын Раманкуловтар отбасына бұрған болатынбыз. Раманкулов Жумадулла ағайдың сүйікті жары болған, ұстазымыз 2 ұл, 1 қыздың аяулы анасы болғаны екеніне көзіміз жетті. Қазіргі таңда үлкен ұлы Дилмурат «Макамбай ата» ЖШС орталығында бухгалтер, ал оның жұбайы Мереке М.Әбенова мектебінде ұстаз. Екінші ұлы Раманкулов Шерзад ХҚТУ-да физика пәндерінің докторы профессор, ал оның жұбайы Нилуфар бас дәрігер болып халық қызметінде жүр. Кенже қызы Анажан Шымкент қаласында бас дәрігер болып қызметте жүр. Күйеу баласы Ахмет Шымкент қаласындағы, балалар ауруханасының меңгерушісі дәрігер-хирург. Мектебінде мыңдаған баланы тәрбиелеген ұстазымның балаларына қарап іштей әуестеніп қалғаным рас. Бұл Жумадулла ағаймен Муборак апайдың жеке мектептерінің түлектері еді. 9 немеренің әже-атасы болып үлгерген ұстазыма сөзімнің соңында алғысымды айтамын. Мектебіміздің тарихында, күлімдеген жүзді, қайсар мінезді, білімді ұстаз болып алтын әріптермен жазылып қаласыз.
Мунира Назарова,
С.Рахимов мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Мектеп ұжымы атынан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы