Астық жинау науқаны мен жем-шөп дайындау жүріп жатқанда өртті жібермеу үшін келесі талаптарды орындау керек:
– астық жинау науқаны мен жем-шөп дайындауға тартылған адамдар түгелдей арнайы бағдарламамен нұсқаулықтан өту керек;
– егіндік пен шабындықтарға шығу алдында машиналар мен тракторлар алдынғы буфердің астына келтірілген, заводта шығарылған және жұмыс істейтін ұшқын өшіргіштермен жабдықталу керек;
– уақытша стандарды егіндіктерден, механикалық тоқтардан, маялардан және тағы басқалардан 100 метр қашықтықта орналастыру қажет;
– стандарға, жанар жағармай қоймасына, сондай-ақ машиналардың уақытша тұрақтарына бөлінген алаңдар ені 4 метрден кем емес жолақтармен жыртылады. Стандарды өрт сөндіруге қажет су қорларымен, өрт сөндіргіштермен, күрек пен металлдармен қамтамасыз ету керек.
Егіндіктер мен оның жандарында ашық отты пайдаланатын жұмыстарды, темекі тартуды жіберуге болмайды; Жем-шөпті дайындау, тасу және сақтау кезінде: жем-шөп сақтау орындарын ені 6 метр қорғау жолақтарымен жырту керек, ол жолақтар маялардан 15 метрден кем емес қашықтықта болу керек. Жеке маялардың да 10 метр қашықтықта жыртылған қорғау жолақтары болу керек. Шөп маяларын найзағайдан қорғау қондырғыларымен жабдықтау қажет. Астық алқабының жанында өрт болған жағдайға трактор мен соқаны дайын ұстау керек. Жинау машинасының шнектары мен транспортерларын дәндер мен сабандардан үнемі тазалап отыру керек.
Астық қоймалары мен кептірушілерден шығу есіктері үймеленбей, есіктері сыртқа қарай ашылуы керек. Астық қоймаларын пайдалану кезінде астықты өрт жағынан қауіпті материалдармен, сондай-ақ қандайда бір жабдықтармен сақтауға тыйым салынады. Жұмыстарды тек қана жұмыс істеп тұрған жылжымалы және стационарлы механизмдерде жүргізуге болады. Жұмыс істеп жатқан механизмдерді қараусыз қалтыруға болмайды, астықты транспортер лентасынан жоғары себуге және лентаның транспортер құрылысына үйкелуін жіберуге болмайды. Қоймалардағы астықты желдеткенде, желдеткіштерді жанғыш қабырғалардан 2,5 метрден кем емес қашықтықта орнату керек. Ауа өткізгіштерді жанбайтын материалдардан жасау қажет. Жоғарыда келтірілген талаптарды орындау ауыл адамдарына, оларға маңызды кезеңде төтенше жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді.
М. Хайдар,
Түркістан қаласы ТЖБ-ның бас мамаманы азаматтық қорғау капитаны.