КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

85 көрілім

Ата заңымыз Конституция күніне орай бүгін Майтөбе ауылының орталық алаңында Түлкібас ауданы мәслихатының ұйытқы болуымен кіші футболдан мекемелер арасында аудан біріншілігі өтті.

Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесен, аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев және ардагер спортшы, облыстық спортшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Фархат Абиханов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Тартысты жарыс барысында жүлделі І- орынды аудандық аурухананың “Денсаулық” командасы, жүлделі ІІ-орынды “Өрт сөндіру” командасы, үздік үштікті ауыл әкімдіктерінің мамандарынан құралған құрама еншіледі. Жеңімпаздар мен үздік ойыншылар кубог, медаль, алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы