АСКАРИДОЗДЫҢ АЛДЫН АЛУ

569 көрілім

Аскарида  жұмыр құрттарынан туындайтын антропонозды геогельминтоз. Құрттың ұзындығы 15-35см дейін болады.

Аскаридоз ауруының көзі тек науқас адам. Ауру адамның нәжісімен аскаридоз жұмыртқалары сыртқа бөлініп шығып, қоршаған ортада (топырақта) әрі қарай дамуын жалғастырады.  Аскаридоз ауыз-нәжіс арқылы берілетін індет. Инвазиялық фазасына дейін жетілген жұмыртқалармен ластанған топырақ, қол, тағам, су берілу факторлары болып табылады. Аскарида жұмыртқалары сыртқы ортаға төзімді болып келеді, қолайлы жағдайда олар топырақта 10 жылға дейін сақталуы мүмкін, 25аязда қардың астында қыстап шыға алады.  Төмен температура мен ылғалдық, оттегінің жетіспеушілігі жұмыртқалардың жетілуіне кедергісін келтіреді. Ультрафиолетті күн сәулесінің тікелей әсерінен және ауа температурасы 50дейін жоғарылағанда аскарида жұмыртқалары тез өледі. Адамдар аскаридозды көбінесе жазғы-күзгі мезгілде жұқтырады.

Аскарида  аналығы тәулігіне 250 мыңға жуық жұмыртқаларын салады, олар нәжіспен сыртқы ортаға (топыраққа) шығады. Жұмыртқалардың инвазиялық фазасы сыртқы ортадағы ауаның 12-370 жылылық пен 8%-дан жоғары ылғалдықта 12-16 күн мен бірнеше ай аралығында дамиды. Инвазиялық фазасына дейін топырақта жетілген жұмыртқалар тамақпен, лас қолмен адамның ішегіне түседі. Сонымен, аскариданың дамуы – құрттың жұмыртқасын жұтқаннан аналықтың жұмыртқа  салуына дейін – 60–100 тәулік құрайды. Аскариданың өмірі 11-13 айға дейін созылады.

Аскаридоздың клиникасында 2 кезең байқалады: бастапқы (миграциялық) және соңғысы (ішектегі). Бастапқы– аскарида дернәсілінің өкпеге қарай миграциясы кезеңінде жөтелу, суық тию белгілері, есекжем, қышыну, артралгия, миалгия, субфебрилді дене қызуы тәрізді уытты-аллергиялық құбылыстар байқалады, жаппай инвазиялау кезінде бронхит, пневмония, демікпе секілді асқынуларға әкеледі. Соңғы – ішектегі кезеңінде – асқазан-ішек жолдары қызметі ауытқулары – құсу, іш кебу,  үлкен дәретінің бұзылуы (өтуі, қатуы), сонымен қатар, тез шаршағыштық, ашуланшақтық, бас ауруы, бас айналуы, жүрек айнуы, ашуланшақтық, ұйқының бұзылуы, жылауық, ұмытшақтық, түнде қорқуы, салмағын жоғалтуы, балаларда өзінің құрдастарынан өсуі жағынан қалып қоюы байқалады.

Аскаридоздың бастапқы кезеңінде рентген арқылы өкпедегі эозинофильді инфильтраттарды, ал паразитологиялық әдіспен қақырықта аскарида дернәсілдерін анықтауға болады. Диагноз қоюда басты мәселе зертханалық тексерістің сапасына байланысты. Аскаридозбен науқастанған әрбір адам стационарлық немесе амбулаториялық жағдайда дәрігердің бақылауында емделуі тиіс. Науқастарға гельминтке қарсы дәрілер мен симптоматикалық ем қолданылады.

Аскаридозбен ауырып сауыққан адамдарға емделуден соң 10-15 күн аралығымен 3 рет нәжісін тексеру арқылы диспансерлік бақылау жүргізіледі.

Алдын-алу және індетке қарсы шаралары. 

Алдын алу шараларының негізгісі – науқастарды белсенді анықтау және оларды емдеу.  Аскаридоз ауруы бойынша тәуекел тобы анықталып (мектепке дейінгі балалар және бастауыш сыныптағы мектеп оқушылары, ауылшаруашылық, жылыжай қызметкерлері, саябақшылар), жылына 1 рет тексеріледі.

Санитариялық-гигиеналық шаралардың бастысы – қоршаған ортаны нәжіспен ластанудан қорғау:  елді мекендерді санитариялық аббатандыру, кәріз жүйесін орнату, кәрізі жоқ әжетқанада өткізбейтін (непроницаемый) шұңқыр жасау, оларды уақытылы тазалап, залалсыздандыру, бау-бақшаларда адам нәжісін тыңайтқыш ретінде қолданбау.

Дегельминтизация шаралары науқастарды емдеу ғана емес, сыртқы қоршаған ортада гельминттің жұмыртқалары  мен дернәсілін жоюды да қоса жүргізеді.

Нұрбек Нышанов,

 Түркістан облысының СЭБД басшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы