МҰХТАР ҚУАНЫШБАЕВ: “АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ”

534 көрілім

Елімізде қыс айларында жылыту орындарындағы апатты жағдайлар көп орын алуда. Оның басты себебі қысқа дайындық пен жылдар бойы жөндеу көрмеген жылыту қазандықтарының әбден тозығы жетуі болып отыр. Осыған байланысты бірқатар жайларды оқырмандарға жеткізгім келеді.

Қазіргі таңда Сауран ауданында төтенше жағдайлар бөлімі және Шорнақ ауылында бір өрт сөндіру бөлімі (№24 ӨСБ), Ескі Иқан ауылында өрт сөндіру бекеті орналасқан (№35 ӨСБ). Аудан бойынша бес негізгі өрт сөндіру автокөліктермен 43 жеке құраммен жабдықталып, тәулік бойы жауын-герлік кезекшіліктерін атқаруда.

Өткен жылы Сауран ауданы әкімінің орынбасарымен үш рет жоспарлы бір рет жоспардан тыс төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы және бір рет жоспарлы эвакуациялық комиссиясы өткізілді. Төтенше жағдайлар департаментінен келіп түскен дауылды ескертулерді, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ауылдық округ әкімдіктерінің төтенше жағдайларға жауапты қызметкерлеріне ватсап желісі арқылы жолдануда.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қатты қар жауғанда ауданда қар тазалайтын техникалардың жоқтығы және жолға себетін инертті материалдар құм, тұз әзірленбегендігі байқалды. Тұрғын үй комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен ауыл әкімдері жеке кәсіпкерлермен келісім шартқа отырып қар тазалау жұмыстарын жүргізсе болар еді.

 Су басу қаупі бар елді мекендер – ерекше назарымызда

 Сауран ауданы аумағына кіретін Сырдария өзенінің су басу қаупі бар елді мекендер тізіміне Үшқайық ауылдық округіне қарасты Жалаңтөс елді мекенінен 44 үй, 286 адам, 748 ірі қара, 180 түйе, 1050 ұсақ мал және Қарашық ауыл округіне қарасты Қаратөбе елді мекенінен 27 үй, 135 адам, 965 ірі қара,72 түйе, 3731 ұсақ мал енгізілген. Су тасқыны орын алғанда оларды эвакуациялау яғни басқа жерге көшіру үшін халықты уақытша қабылдау орындары дайындалған.

 Түркістан облысының әкімімен бекітілген «Түркістан облысы аумағында 2022-2023 жылғы қыс-көктемгі су тасқыны кезінде дайындықты жүргізу бойынша атқарылуы тиіс инженерлік іс-шаралар жоспарына» сәйкес, Үшқайық ауыл округі аумағында Сырдария өзені бойындағы С.Қожанов, А.Үсенов елді мекеніндегі қорғаныс дамбаларын нығайту жұмыстары енгізілген.

 Сонымен қатар Сырдария өзенінің екі жерінен бастау алатын 2 дана шлюз және Жалаңтөс, Нұртас ауылдарына баратын су арналарына орнатылған шлюздің жарамсыз жағдайда екендігі туралы акт жасалып, төтенше жағ-дайлардың алдын алу жө-ніндегі комиссия отырысында қаралып, тапсырма берілген болатын. Алайда бұл жұмыстар қазіргі таңда шешімін таппай келеді.

Сондай-ақ, Жаңа Иқан ауылдық округі аумағында орналасқан сыйымдылығы 4,8 млн. текше метрлік «Шылбыр» су қоймасы жеке меншік иелігінде болғандықтан қауіпсіздік шаралары талапқа сай келмейді. Шылбыр су қоймасын мемлекеттік мекеменің теңгеріміне өткізу бірнеше рет көтеріліп шешімін таппаған. Осыған орай су қойманы мемлекеттік мекемеге өткізуге ықпал жасауымыз қажет.

Иран пештерін пайдаланбаңыздар!

2021-2022 жылғы жылыту маусымы кезеңінде аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлерді толығымен қамти отырып, улы газбен уланудың алдын алу бо-йынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде улы газбен уланып қайтыс болған немесе жарақат алған жағдайлар тіркелмеген.

Аудан әкімімен 2022-2023 жылғы жылыту маусымына арналған «Азаматтық қорғау саласында білімді насихаттау, жылыту маусымында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің, улы газбен уланудың алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстары» туралы жоспар бекітілген. Жоспарға сәйкес, аудан аумағында улы газбен уланудың алдын алу мақсатында штаб құру туралы 12 қыркүйек 2022 жылы №43 өкімі шығарылған. ҚР ТЖМ регламентіне сәйкес 15 тамыз 15 қыркүйек аралығында аудан бойынша көптеген әлеуметтік топтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі және жалғыз басты зейнеткерлердің 1234 отбасының тізімі жасалды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алынып, ауыл округі әкімшілігімен бірлесе отырып, Сауран ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Сауран ауданының Шорнақ ауылындағы №24 ӨСБ және №35 ӨСБ жеке құрамы кешенді жұмыстарды атқаруда. Жоғарыдағы кей әлеуметтік топтарға мұржаларын тазалау қатты отынмен жанатын пештерін қалыпқа келтіру және Иран пештерін пайдаланбау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Ол түсіндіру жұмыстарымен 1123 тұрғын үй 5126 азаматтар қамтылды.

От пештерінің жағдайын бақылап, қатаң бұзушылықтар болған жағдайда ескертулер жүргізілді. Аралау барысында тұрғын үйлерде 1920 өрт талаптарының бұзушылықтары анықталып, бұзушылықтар сол орнында жойылған.

 Сонымен қатар, күнделікті Шорнақ ауылындағы №24 ӨСБ және Ескі иқан ауылындағы №35 ӨСБ қызметкерлерімен үй аралап үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін БАҚ өрт қауіпсіздігі және уланудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтер болсам, Сауран газеті және басқа да басылымдарда – 9 рет ақпарат берілді. Теледидарларда – 5 рет, дауыс зорайтқыштар арқылы – 55 рет ескертілді. Жеке тұрғын үйлерді аралау кезінде жинау арқылы түсіндіру жұмыстары 15 рет жүргізілді. Әлеуметтік желілерде (ВК,инстаграм,фейсбук) – 15 рет шығарылды. 15 Қыркүйектен бастап бес мың тұрғын үй аралап, онда 25900 адам қамтылды.

Қысқы жылыту маусымында өрт қағидасы кездеседі

2022 жылдың 12 айына дейін Сауран ауданы бойынша 31 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 21 өрт оқиғасы тұрғын үй секторларында, 10 өрт әр түрлі нысандарда, 98 өрт есебінде тіркелмеген жану оқиғалары орын алды. Өрт оқиғасынан қайтыс болғандардың саны екі адам. 2022 жылдың 2 сәуір күні өрт салдарынан 13,15 жасар екі қыз бала қайтыс болды. Жарақат алғандар жоқ.

31 өрт оқиғасы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту шешімі қабылданды. ҚР ӘҚБтК 410 бабының 1 тармағымен жеке тұлғаға 21 әкімшілік іс ескерту түрінде және осы бабтың 3 тармағымен 10 әкімшілік іс қозғалды. Оларға 10 АЕК 30630 теңге қысқартылған түрде айыппұл салынды.

Жалпы өрттен 93 млн 931 мың материалдық шығын келіп, 185 млн 500 мың материалдық құндылықтары құтқарылған.

Жалпы 43 нысанға ерек-ше тәртіппен өрт-техникалық тексеріс жұмыстары жүргізіліп өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың біршама кемшіліктері анықталды. Нәтижесінде ҚР ӘҚБТК 410 бабының 1-тармағы бойынша 41 заңды тұлғаға ЕСКЕРТУ түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, осы бабтың 2 тармағы бойынша 2 заңды тұлғаға 10 АЕК 30630 тенге қысқартылған түрде айыппұл салынып, уақытылы өндірілді.

Сонымен қатар, өрт-техникалақ тексеру жұмыстарына бақылауды тексеру бойынша 100 % қамтылды. Нәтижесінде 5 нысан ҚР ӘҚБтК 462 бабының 3 тармағына сәйкес Түркістан қалалық мамандандырылған сотына жолданып, барлығына 100 АЕК айыппұлдан салынды. Ал, 2022 жылдың 2 жартыжылдығынан бүгінге дейін 7 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілген.

Сауран ауданының әкімідігінен 2022 жылға жергілікті бюджеттен 8 млн тг қаралып қызметтік қажеттілікке байланысты, авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған құрал саймандар сатып алынды.

Сауран ауданының аумағында Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар орын алғанда халықты хабарландыруға арналған 22 дана «Марс Арсенал» құлақтан-дыру құрылғысы орнатылған. Нор-матив бойынша құлақтандыру құ-ралдары ауданды толық қамтылма-ған. Құлақтандыру жүйесінің бір жерден басқару құрылғысы Кентау қаласындағы № 12 ӨСБ кезекші бөлімінен басқарылады.

Қазіргі таңда Сауран ауданынан басқару үшін, басқару құрылғысымен құлақтандыру құрылғысын алуға Департаментке өтінім берілген. Барлық құлақтандыру құрылғылары Сауран ауданы Адами әлеуетті дамыту бөлімінің мектептерінде орнатылған қалыпты жағдайда.

 Су қоймаларына тұрақты бақылау жүргізілуде

Аудан аумағында сегіз су қоймасы орналасқан. Су тасқынының алдын алу бойынша өзендермен су қоймаларына мониториг жасалып күнделікті тәулік бойы бақылауда ұсталынып тұр. Бабайқорған ауылдық округі аумағындағы «Каз Су шар» РМК қарасты «Ақтөбе» су қоймасының жалпы сыйымдылығы 6 млн. текше метр «Шерт» су қоймасының сыйымдылығы 2,8 млн. текше метр, «Сасықбұлақ» су қоймасының сыймдылығы 4,5 млн. текше метр.

Үшқайық ауылдық округінде орналасқан Теке елді мекенінде «Қарашық» су қоймасының сыйымдылығы 1,8 млн. текше метр болса, бөгет облыстық құрылыс басқармасына қарасты.

Майдантал ауылдық округінде орналасқан «Майдантал» су қоймасының сыйымдылығы 8,5 млн. текше метр. Бұл су қоймасы қазіргі таңда облыстық «Тұран-Су» мекемесінің құзырына өткізілді.

 Жаңа Иқан ауылдық округі аумағында орналасқан «Шылбыр» су қоймасының сыйымдылығы 4,8 млн.текше метр. Бұл жеке меншік иелігінде. «Қатын қамал» су қоймасының сыйымдылығы 0,55 млн. текше Жаңа Иқан ауыл округінің әкімдігіне қарасты болып отыр. Оранғай ауылдық округінде жаңадан салынған 2022 жылы пайдалануға берілген «Кеңсай» су қоймасы сыйымдылығы 18 млн. текше метр.

 Сауран ауданы аумағында анық-талған 657 дана өрт гидранты орна-ласқан №24 ӨСБ қызметкерлерімен аралау жұмыстары жүргізіліп 308 өрт гидранты жарамды. Ал, 349 өрт гидранты жарамсыз жағдайда екен-дігі анықталды. Барлық гидранттар орналасқан мекен жай «МАPS.ME» мобильді қосымшасына енгізілді. Нысандарда 52 дана, «Сауран-Су» мекемесінің ақпараты бойынша барлығы – 869 дана өрт гидранттары бар делінген.

Алайда, елді мекен-дерді аралау барысында жоғары-дағы сандар тура келмеуде. Сауран ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысында аудан аумағында орналасқан барлық өрт гидранттарын санын және меншігін анықтап құзырлы органдарға ұсыныс беру туралы хаттама түзіліп тапсырма берілген. Қазіргі таңда «Сауран су» мекемесі өрт гидрант-тарының жарамды, жарамсыз екендігін анықтап есебін жүргізуде.

ТЖМ мекемелеріне техникалық көмек ауадай қажет

Сауран ауданы Шорнақ ауылын-дағы №24 өрт сөндіру бөлімінің өзекті мәселелеріне тоқтала кетсем, алдымен жеке құрамның жетіспеу-шілігі бар. Мәселен, қазіргі таңда Шорнақ ауылындағы №24 өрт сөндіру бөлімінде штат бойынша 25 қызметкер бар болса, бөлімде штат бойынша кем дегенде 84 қызметкер болуы тиіс.

Ауданда өрт сөндіру техникаларының жетіспеушілігі де байқалып отыр. ҚР ТЖМ 2021 жылғы 06 қыркүйектегі №429 «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормалары» бұйрығына сәйкес, Шорнақ ауылындағы №24 өрт сөндіру бөлімінде үш негізгі өрт сөндіру АЦ-5-40 Камаз, АЦ-8 Камаз, АЦ-8 Камаз техникасы бар.

Алайда, жоғарыда көрсетілген норма бойынша жалпы 18 техника болуы қажет. Бөлім бойынша техникалардың жарақтануы 16% қамтылған. Сонымен қатар Ескі Иқан ауылындағы №35 өрт сөндіру бекетінде қазіргі таңда штат бойынша 18 жеке құрам, АЦ-5-40 Урал, АЦ-40 Зил сынды екі техника бар. Алайда, жоғарыда көрсетілген норма бойынша жалпы 7 техника болуы қажет. Бекет бойынша техникалардың жарақтануы 28% қамтылған.

Сауран ауданы сусыз аудан аума-ғына жатады. Сонымен қатар өрт гидранттарында судың тапшы бо-луына байланысты ірі және созыл-малы дала өрттеріне су тасымалдау көлігі әкімдікке қарасты бірде-бір мекемеде қарастырылмаған.

Қазір республикамызда қыс қаһарына мінді. Қысқы мезгілде қар бұрқасындарында жолда қалған адамдарды қауіпсіз аймаққа жеткізу үшін жылжымалы жылыту пункты (вахтовка) автокөлігін алу да күн тәртібінде тұр.

Бәрінен бұрын біздің жаңадан құрылған аудан екенімізді, техникалық құралдармен толық жарақтанбағанымызды ескеріп, аудан тұрғындарына қар бұрқасындары күні жолға шықпауын сұранамыз. Сонымен қатар әлі толық қатпаған су айдындарында балық аулау да аса қауіпті. Бәрінен бұрын арзан түскенімен Иран пештерін жылыту маусымында пайдалану өте қауіпті екендігін ескертемін.

Сауран ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі

Мұхтар ҚУАНЫШБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы