ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ ҚОРҒАУҒА МҮМКІНДІК БАР!

977 көрілім

Әр адамның емделуге, кезекпен үй алуға, еңбек етуге, оқуға, әлеуметтік жеңілдіктер алуға немесе көлік жүргізуге қатысты және т.б. жағдайларда заңды қолдануы аса маңызды. Ал тұрмысқа сай түрлі талаптармен қатар өмірде жиі кездесетін қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әркімнің өз құқын жетік білуі қорғану құқын арттыра түсетіндігін Түркістан газетінің сайтындағы керек кеңес айдарында Түркістан қаласының тұрғындарына түсіндірудеміз.

Бірақ сол заңдарды көпшілік өз құқығын қорғау үшін қаншалықты деңгейде пайдаланып жүр?

Мәселен, адам тіршілігі үшін қызмет те, ақша да, баспана да т.б. дүниенің бәрі  аса қажет. Оларды адам өз игілігіне жарату­да қоғамдағы қарым-қатынас көз­дерін реттейтін құқықтық құжаттардың маңызы тіптен айрықша. Соның бірі де, бірегейі – Заң. Сондықтан да заңгерлер мен құқықтанушылар заң дегеніміз – өмірдің нәрі дейді. Бірақ ол заңдардың дені құқығымызды қорғауда елеусіз қала­ды.  Әрине, заң көп, оған дау жоқ. Оның бәрін көпшіліктің жіті біле бермейтіні және рас. Демек, біз жақсы тіршілік ету үшін өмірдің нәрін жете сезінбейміз. Бұл заңдардың дәрменін, игілігін қажет кезінде қолдана алмауға соқтырады. Мұның ақыры түсінбеушілік тудырып, бітпес дауға ұласады. Ал арада туындаған кикілжің мәсе­лесіне байланысты тиісті заңнамалар қара­лар болса, дау-дамайға жауап ізделсе, кез келген жан өз мүддесін қорғайтын заңдарды табары сөзсіз. Заңның үстемдігі де заңды білуден туындайды.

Мәселен, редакцияға шағым айта келген бір адам өзінің сыртынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанын ашына жеткізді. Бәрінен бұрын сол іспен жете таныса алмағанын, оған қоса тіпті наразылық келтіре алмағанын айтты. Сіздің тек құқық бұзушылық іспен танысуыңызға ғана емес, соның қозғалуына қатысты қолданар өз құқыңыз бар десек, әлгі азамат одан мүлде бейхабар екенін жеткізді. Ал еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 744-бабында жазылғандай, мұндай жағдайда әр азаматтың айрықша құқы бар. Аталған бапта көзге шұқып көрсеткендей, өзіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан тұлға өзіне қатысты толтырылған хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға әбден құқылы. Тіпті істің жайы бойынша түсiнiктемелер беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға және дәлелдемелер ұсынуға қақылы. Оған қоса, қажет десеңіз, өз қарсылығын ашық мәлiмдеуге, сөйтіп қорғаушының заң көмегiн пайдалануға және iсті қарау кезінде ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге әбден қақысы бар. Ал егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашы талап етіп, оның көрсеткен қызметін өтеусіз пайдалануға да мүмкіндігі бар. Егер iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуы бойынша, нақты деректерге және мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтер көрсетілген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауда заңның бұзылуына, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға және iс бойынша қаулыға шағым жасауға және одан үзiндi көшірме алуға және iстегi құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алуға, сондай-ақ өзiне осы Кодексте берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға толық құқылы. Міне, көрдіңіз бе, бұлар адам құқын қорғаудағы заңның талаптары. Ал осы талаптарды орнымен қолдана білу көптеген даудың алдын алары сөзсіз.

Жалпы, заң дегеніміз – аса маңызды қоғам­дық қатынастарды реттейтін Ата Заң­ның 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі қағидалар мен нормаларды белгiлейтiн, Парламент немесе Конс­титу­цияның 53-бабының 3-тармақ­шасында көз­делген жағдайларда ел Президенті қабыл­дайтын нормативтік құқықтық акт болып табылады. Оларды кез келген адамның құқым бұзылды дегенде әділдікті қалпына келтірер тірегі дерсіз. Ендеше осы орайда айтарымыз, қоғамдық қарым-қатынаста қандай да болмасын бір дауға қалған адам оның шешімін осы заңдар арқылы тауып, өз құқын қорғай алатыны сөзсіз. Ал құқықтық сауаттылық бар жерде дау-дамай да болмайды. Өйткені заңның ең бас­ты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды құқықтық өмір салтына тәрбиелеу. Мұндай құқықтық тәрбие барысында заң үстемдігі де қалпына келері анық. Сондықтан әркім өз құқын қашанда тала ете білсе, бұл заңның да орындалғаны. Ал заңның әділ үстемдік құруы қоғам үшін аса маңызды.

Әрбір адам өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін жете түсінбеушілігінен, әр түрлі жағдайларда құқықтары бұзылғанда оны қорғай алмағандықтан келеңсіз жағдайларға ұшырап, кей кездерде өкінішті жағдайларға душар болады.

Біздің денсаулығымыз мықты болса дәрігерді де, аурухананы да еске алмайтынымыздай, өз құқықтарымызды қорғап, міндеттерімізді ыждағатпен орындайтын болсақ өмірімізде ешқандай келеңсіздік туындамайды деп ойлаймын.

Біз өз Отанымызды, елімізді, жерімізді сүйе білетін, нағыз ұлтжанды тұлға болу үшін мемлекетіміз және оның органдарының құрылымын, атқаратын қызметтерін білу, және мемлекет өзінің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет ететінін нақты түсінуіміз қажет.

Ол үшін еліміздің Конституциясын, оған негіздеп шығарылған заңдарды оқып, түсіне білумен қатар, заңдарды құрметтеп, оны орындай білуіміз қажет. Өйткені осы заңдарда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жарияланып қана қоймай, сол құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың, пайдаланудың жолдары мен тәсілдері де қарастырылған. Заңдарды қабылдап шығарғандағы мақсат – қоғамда құқықтық тәртіп орнату, адамдардың өмір сүруіне, оқуына, жұмысына, демалысына, қауіпсіздігіне қалыпты жағдай туғызу екендігін ұғыну керек.

Сондай- ақ адамдар басқалармен қарым- қатынасын құқықтық негізде құра алатын, өздерінің құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда азаматтар заңды мүдделерін қорғай алатын, өздерін қорғау жөнінде мемлекеттік органдарға өтініш білдіре алатын болу үшін мүмкіндік туғызу. Сондықтан заң ережелерін оқып үйрену, білу, игеру және бұлжытпай орындау әрбір адам үшін маңызды қажеттілік болып табылады.

Құқық дегеніміз не? деген сұраққа сауал іздеп көрсек:

Құқық дегеніміз – адамдардың тәртібін, олардың арасындағы маңызды қатынастарды реттейтін, оның орындалуын мемлекет қадағалап отыратын жалпы білімділік нормалар жүйесі.

Құқықтық жүйенің мақсаты – мемлекеттік құрылысты, қалыптасқан экономикалық қатынастарды, мемлекеттік және жеке меншікті қорғау болып табылады.

Сөйтіп құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттік құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады.

Адамның жеке басының өмірі, бас бостандығы, қадір-қасиеті ешкімге де қол сұғылмайтын құқығы. Адамның қол сұғылмайтын құқығын Конституция қорғайды. «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатігездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтын жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» (ҚР-ның Конституциясы 17-бап)

Заң- адамның жанын қинайтын, адамшылық қасиетін қорлайтын, жеке басына тіл тигізетін, күш көрсететін қимылдар жасауға үзілді-кесілді тыйым салады. Мысалы: Азаматтың келісімінсіз оның сыртынан мәлімет жинауға, оны таратуға немесе сақтауға болмайды. Ол үшін ол адамның тек келісімі ғана керек емес, оның үстіне мұндай мәліметтің қалай сақталуын және пайдалану тәртібін білу қажет болады. Адам тек заң бойынша жауапқа тартылар болса ғана ол туралы мәліметті тәртіп сақтау органдары заңда көрсетілген ережелер бойынша жинақтай алады.

Азаматтың өзі кім болса да, қандай қызмет атқарса да, мемлекетке, оның органдарына, басқа да адамдардың заңды мүдделеріне зиян келтіруге қақысы жоқ. Сондықтан әрбір азамат заңдарды біліп қана қоймай, заңды орындау тәртібі мен өзіне жүктелетін міндеттерді де жете түсінуі керек.

Адам құқықтарын қорғау механизмі – бұл адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсатында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесі. Жалпы адам құқықтарын қорғау механизимінің мақсаты болып, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз  ету  табылады.   Құқықтық   реттеу механизмі заңдық құралдардың жүйесі, олардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық əсер ету жүзеге асырылады, құқық субъектілерінің мүдделері қанағаттандырылады. Құқықтық реттеу механизмі элементтерінің құрамына құқықтық норма, құқықтық қатынастар, жеке құқықтық актілер, құқықтық тəртіп пен құқықтық сана кіреді.

Адам құқығы – тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан əлеуметтік норма əр уақытта даму процесінде болады. Əлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын  əлеуметтік  норма да дамып, нығайып жақсарады, оның əділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.

Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, байрақатты тұрмыс кешуіне жағдайды қалыптастыру – əлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған мақсаты. Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, əлеуметтік жəне саяси пактілерге қосуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді.

Мақаланың өзектілігіне, əркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылу құқығы жəне өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тəсiлмен қорғауға жатады. Адам құқықтарының ерекше құқықтар ретiнде қабылдануы  үшiн  бiздiң  бiрiншi  ұсынысымыз– əр  түрлi  мəдениеттегi  қоғамдарда  танылқан «адам құқықтары» деген сөз тiркесiнiң барлық қоғамда, еш өзгерiссiз, əмбебап адам құқықтары ретiнде қабылдануы, бiрақ қоғамдағы құқық саласында қолданылып жүрген терминдердi түсiндiру.

Халықаралық құжаттарда жəне қазақстандық заңдарда мынадай  екі  ұғым  қолданылады: «адам  құқығы»  жəне   «адам   бостандығы». Заң тұрғысынан адам құқығы мен адам бостандығының  бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Дегенмен, белгілі бір өзгешеліктері бар. Мұны осы екі ұғымның анықтамаларын салыстыра отырып байқауға болады.

Адам бостандығы – бұл мемлекеттің араласуы тиіс емес қызмет салалары. Ол тек құқықтық нормалар арқылы солардың шеңберінде адамның өз қалауы бойынша іс-əрекет етуін белгілейді. Мұндайда мемлекет нақты адамның бостандығына араласпауы тиіс, сондай-ақ мемлекет бұл бостандықтардың басқа тұлғалардың араласуынан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы