- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мақсатында және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін, сонымен қатар оларға жасалынатын зорлық-зомбылық мәселесін зерттеу және алдын-алу мақсатында Түркістан қаласындағы мектеп оқушылары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Шаранын негiзгi мақсаты-әйелдер мен балаларға қатысты жасалынатын зорлық-зомбылықтың тәсiлiн және әдiсiн, сондай-ақ, оның себептері мен жағдайларын анықтау және ерте жүктiлiктiң алдын алу болатын.
Полиция инспекторлары оқушыларға күнделiктi өмiрде орын алып жатқан құқық бұзушылықтар жайында түрлi ақпараттар мен таныстырып, қандайда бiр құқық бұзушылық жәйті орын алған жағдайда полицияға хабар берулерін ескертуде.
Түркістан қаласының полицейлері тұрғындарға үнемі құқықтық сауаттылық – қоғамның құқықтық сезiмiн, ақыл-ойын, әдет-ғұрып, дәстүрiн бiрiктiру екендігін түсіндіруде.
Жеке адамдардың, қоғам мүшелерiнiң әр түрлi топтарының санасында – заңдарға олардың қолданылуына байланысты туған әсерлер, көңiл-күй және сезiмдер жатады. Қоғамдық көлемде осы мәселелердi бiрiктiрiп, дамытып, халықтың сана сезiмiн көтерiп, демократияны нығайту. құқықтық мемлекет қалыптастыру болып табылады. Кәсiптiк құқықтық сана қоғамның әр саласында жұмыс атқаратын заңгерлер тәжiрибесi арқылы қалыптасады. Олардың құқықтық бiлiмi де тәжiрибесi де мол болғандықтан сана сезiмдерi де жоғары дәрежеде болады. Сондықтан, құқықтық нормалар дұрыс орнындалып, құқықтық тәртiп жақсы дамиды.Теориялық құқықтық сана қоғамдағы заң ғылымының жан жақты, жақсы дамуы арқылы қалыптасады. Жақсы дамыған заң ғылымы қоғамның сана сезiмiнiң дәрежесiн,деңгейiн көтередi, сол арқылы құқықтың жақсы дамуына зор әсер етедi.
Құқықтық сана сезiмнiң бұл жүйелерi мен түрлерiнiң қоғамда атқаратын жұмыстары өте зор. Олар бәрi бiрiгiп, құқықтық нормаларды өмiрге әкеледi, оны дамытады, олардың дұрыс орындалуына жан жақты үлес қосады. Қоғамдағы құқықтыө сананың деңгейi не ғұрлым жоғары болса, соғұрлым заңдылық та, құқықтық тәртiп те жақсы дамиды.
Құқықтық сананың субъектiлерi әлеуметтiк тұрғыдан бiрнеше түрге бөлiнедi:жеке адамның құқықтық санасы ол ес бiлгеннен қалыптаса бастайды;ұжымдық құқықтық сана. Әр ұжымның қызметiнiң ерекшелiктерiне байланысты ұжымдық құқықтық сана қалыптасады.қоғамдық құқықтық сана. Адамдар жасына, жынысына байланысты сан алуан бiрлестiктерге бөлiнедi. Әр топтың ерекшелiктерiне байланысты құқықтық ой сана, көзқарас қалыптасады.халықтық құқықтық сана. Қазақстан халқы мем лекеттiң билiктiң б iрден бiр бастауы. Демек. халықтың да өз көзқарасы сана сезiмi бар.
Көне дәуiрде ешқандай құқықтық сана деген жеке ұғым болған жоқ. Орта ғасырларда да құқықтық сана толық қалыптасқан жоқ, аздап бұл туралы пiкiрлер ғана болған. 16-18 ғасырларда көптеген пiкiрлер, ғылыми зерттеулер өмiрге келдi. Қоғамдық ғылымдардың алдында көп талаптар қойылды: демократияны дамыту, абсолюттiк монархияны жою, мемелекеттiк билiктi бөлу, адамдардың табиғи бостандықтарын, құқықтарын шектеуге жол бермеу. Қазiргi заманда құқықтық сана өмiрде де, ғылымда да жан жақты зерттелiп,қоғамның, мемелекеттiң дамуына зор үлес қосуда,мемлекеттiк аппарат күрделi дамуда, заң шығарушы процес с сапалы жұмыс жасап, қоғамдағы барлық қарым қатынастарды реттеп, басқаруда. Сонымен, құқықтық сана – қоғамдағы құқықтық құбылыстарға адамдардың, сезiмдерiнiң, әсерлерiнiң, көзқарастарының, пiкiрлерiнiң, бағаларының жүйесi; ол заң шығарудың нормативтiк актiлердiң дұрыс орындалуының, құқықтың сапалы дамуының негiзгi шешушi механизмi деуге де болады.
Қоғамды, мемлекеттi дамытуда, оның құқықғын нығайтуда қуатты құралдың бiрi – еңбекшi бұқара. Сондықтан заң жобаларын талқылауға, құқықтық нормалардың дұрыс қолданып, мүлтiксiз орындалуын бақылауға олар белсене қатынасады. Құқықтық сананы заңды мiнез- құлық деп те атайды. Бұл құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетiн жеке тұлғаның сана сезiмi. Осы сана сезiм арқылы заң орындалады және жүзеге асырылады. егер адамдардың мiнез құлықтары құқық нормаларынаң талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртiп нығаяды. Құқықтық сана сезiм арқылы қоғам басқарылады, оның өмiрi қалыпты жағдайда жүргiзiледi, азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi жүзеге асырылады. Егер адамдардың мiнез құлық тары заң нормаларының талаптарына сәйкес келсе,онда құқықтық тәртiп нығаяды. Мұны азаматтардың көбi түсiнедi, сондықтан құқықтық қатынастардың басым көпшiлiг заңды мiнез құлық негiзiнде құрылады. Азаматтар құқық талабын белсендiлiкпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес құқықтық сан екi түрге бөлiнедi: белсендi заңды мiнез құлық және енжар заңды мiнез құлық.
Белсендi заңды мiнез құлық лауазымды тұлғлардың, азаматтардың өз бастамасы мен белгiлi мақсатқа негiзделген заңды әрекеттерi. Бұл мiнез құлықтың түрлерi сан алуан. Ол-субъектiлердiң өз мiндеттерiн адал ниетпен сапалы атқарып азаматтардың өздерiне жүктелген мiндеттердi қалтықсыз, сана түрде орындауы; сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып мемлекеттiң, қоғамдық ұйымдардың жұмысна белсене қатысып әлiнше көмектесу заңдардың жобасын талқылауда бет көрсетiп өз пiкiрiн ортаға салу құқытық белсендiлiкке осы әрекеттер жатады.
Енжар заңды сана сезiмнiң көрiнiсi де сан валуан. Азамат өзiне жүктелген мiндеттердi жауапсыз орындайды, нормативтiк актiлердi жүзеге асыруға енжерлықпен немқұрайдылықпен қарайды. Мұндай мiнез-құлықта екi тапта ұтылыста болады. Мысалы, шарттық қатынаста субъектiлердiң екеуi де немесе бiреуi мiндеттерiн дұрыс орындамаса екi жағы де ұтылыста болады зиян шегедi. Мұндай енжар қылық басым болса мемлекетке де келетiн зиян көп.
Қоғамның экономикалық, әлеуметтiк мәдениеттiк дамуы жақсы деңгейде болса адамдардың сана сезiмi де сол дәрежеде болады. Осыған сәйкес қоғамның құқығы да жақсы дамып қатынастарды жақса реттеп басқарып отырады.Егер де қоғамның экономикалық әлеуметтiк дамуы дағдарысқа ұшыраса онда сана-сезiмнiгң сапасы төмендеп құқықтық нигилизм немқұрайдылық етек жая бастайды. Қылмыстың саны өседi қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртiп нашарлайды. Оның себептерi:Азаматтардың көпшiлiгiнде демократиялық мәдениеттiң жоқтығы;Қоғамда әкiмшiлiк әмiршiлiк жүйенiң ұзақ уақыт өмiр сүруы;Ескi мемлекеттiң ыдырауы, жаңа жүйенiң толық қалыптаса алмауы;Қоғамның экономикалық әлеуметтiк деңгейiнiң нашарлауы.
Қазiргi өтпелi кезеңде Қазақстан Республикасынын алдында тұрған мүдде мақсаттар өте көп. Солардың бiрi халқымыздың құқықтық сауаттылығын көтеру. Оның негiзгi бағыттары:Тәрбие жұмысын барлық бағытта жандандыруға көңiл бөлу, инабаттылық, парасаттылық, патриоттық, еңбекшылык бағыттарда;Халықтың рухани сана-сезiмiн бiлiмiн жақсарту;Мемлекеттiң заң шығару, құқықтық нормаларды орындау жұмысын жақсарту;Мемлекет аппараттарындағы қызметкерлердiң мамандық сапасын көтеру;Заңдылыққа құқықтық тәртiпке қатаң бақылау жүргiзу.Осы көрсетiлген бағыттар арқылы құқықтық тәрбиенi жақсарту тек аппараттың ғана жұмысы емес. Бұл күрделi және өте өзектi iске қоғамдағы барлық бiрлестiктер, одақтар, ұжымдар, саяси ағымдар мен ұйымдар белсендi түрде қатысуы керек. Құқықтық тәрбиенi жақсарту үшiн қоғамның экономикалық әлеуметтiк жағдайын жақсару, демократияны бостандықты дамыту керек. Сонымен құқықтық сананың сапасын жақсартып қоғамдағы маңызын көтеруге зор үлес қосатын құқықтық психология мен құқықтық идеология. Психология мен идеологияны теңестiрсек идеология басым болады. Өйткенi психология адамдардың санасында заңдарға олардың қолдануына байланысты туған тек әсерлерiн, көңiл-күйiн, сезiмдерiн ғана көрсетедi. Ал идеологияның қоғамға әсерiнiң шеңберi де, кеңiстiгi де өте кең, маңызы да анағұрлым жоғары. Идеология құқық жөнiндегi пiкiрлер мен көзқарастарды бiр жүйеге келтiрiп ғылыми негiзде дәлелдеп қызмет атзқарады. Мұндай тұрақты қалыптасқан демократиялық мәдени әлеуметтiк құқықтық идеология әр мемлекетке өте қажет. Онсыз қоғам сапалы дами алмайды. Оны бiздiң елемiздiң оншақты жылғы тәуелсiз дамыған тарихы дәлелдеп отыр. Кеңестiк дәуiрде 60 жыл үстемдiк жасаған сорақы коммунистiк саясат идеологияға нигилистiк көзқарасты қалыптастырып, елiмiз көптеген қиыншылықты, қолайсыз жағдайларды бастан кештi. Тәуелсiз жас мемлекеттiң iргесiн нықтауға байланысты тұжырымның бiрi iлiмдiк жағынан қорытылуы тиiс. Ондай ұлттық идеологияның негiздерi бiзде жоқ емес. Тек оны нақтылай дәлелдей түсу қажет. Құқықтық қоғамы бар мемлекет құрсақ та, Қазақстанның өзiне лайық идеологиясы болу керектiгiн практика растап отыр.