Түркістан қаласы С.Ерубаев атындағы 7 мектеп- интернатында Түркістан қаласы әкімдігінің және облыстық дін істері басқармасының тапсырысы негізінде 7-10 сынып оқушыларымен жасөспірімдер мен жастартың құқығы, оларға құқықтық сана мен мәдениет қалыптастыру және олардың арасында теріс ағымдардың ықпалының алдын- алу мақсатында жиын өтті. Кездесуде Түркістан қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Дүйсен Асхат қатысты. Жиналыс барысында оқушыларға дәстүрлі емес діни қозғалыстар ,олардың шығу себептері, діни ағымдардың басты мақсаты, мемлекетіміздің ішкі қауіпсіздіктері туралы сөз қозғалды.
Сонымен қатар осы C.Ерубаев атындағы №7мектеп- интернатында құқық бұзушылықтың алдын- алу мақсатында жоғарғы сынып оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Мектепішілік есепте, құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды ҚІІБ бөліміне экскурция жасалды. ҚІІБ ЮП тобының инспекторы Е.Асанов, ДТІЖО Қ.Арқабаева оқушыларға тәртіпті, тәрбиелі, болашақта елімізге еңбек ететін патриот, Отан қорғайтын жақсы азамат болуларына тілек білдірді.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін қоғамда, білім беретін ұйымдарда құқыққа байланысты кешенді шараларды жүргізу маңызды. Осы бағытта мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады: Еліміздің заңдары мен халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық білім беру, оны насихаттау мақсатында құқықтық лекториялар жүргізу маңызды. Ол жұмыс түрі арқылы заңды білу жүзеге асырылады. Оны жүргізу барысында көркем фильм, деректі фильмдер көрсету мәнін ашады. Жағдаяттық практикум –құқықтық тәжірибені байытады. Оның барысында адам құқығының бұзылуы сипатындағы жағдаятқа тап болғаны сұрап, шешімін табуға жетелеу керек. Немесе құқыққа байланысты мәселені қойып, соны шешуге бағытталады. Кездесулер ұйымдастыру- құқық қорғау, заң саласында қызмет жасап жүрген мамандармен арнайы кездесулер ұйымдастыру арқылы, құқықтық білім мен мәдениетті қалыптастыруға бағыт беріледі. Пікірталастар ұйымдастыру – құқыққа байланысты талас тударатын мәселе төңірегінде түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау арқылы, жинақтаған ақпаратымен бөлісу, ғылыми-танымдық көзқарасты білдіру арқылы құқықтық сауаттылыққа жол ашады.
Аталған шаралар адамның саяси-құқықтық көзқарасын қалыптастырады, құқықтық мәдениетінің көтерілуіне орта құрып, ықпал етеді. Жалпы құқықтық мәдениетті қоғамдық іске айналдыру бүкіл қоғамның ісі.
Қазіргі таңда азаматтардың құқықтық мәдениетін, саяси белсенділігін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі екені белгілі. Егемендіктің 25 жылында еліміз демократиялық бағытты басым ұстана отырып, құқықтық сауатты ел болуға ұмтылып келеді. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы да азаматтардың құқықтық сауатын көтеру арқылы қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды қадам деп есептейміз. Құқықтық мәдениет азаматтық қоғамдық сана мен әлеуметтік өмірде қоршаған ортаны танудан, зерттеуден, өзара құқықтық қатынастарға баратын түсініктердің қалыптасуынан көрінеді.
Жалпы құқықтық сана мен саяси сауаттылық дегеніміз тұлғаның қолданыстағы немесе қабылданатын құқық нормаларына көзқарасы, оларға баға беру мүмкіндіктері екені мәлім. Азаматтардың өзінің іс-әрекетінде құқық нормаларын басшылыққа алуы, оны терең түсінуі қабылдау дәрежесінен көрініс табады. Құқықтық сана мен мәдениет адам, азамат, қоғам, мемлекет мүддесіне сай келетін, олардың мақсат-мүдделерін қанағаттандыратын нормаларды қабылдау қажеттілігінің негізі болып табылады. Мемлекет неғұрлым құқықтық мәдениетті арттыруға ерекше мән берсе, құқықтық мемлекет ретіндегі өз міндеттері мен мақсаттарын еш кедергісіз жүзеге асыра алатындығына күмән жоқ. Осы мәселелерді автор егжей-тегжейлі қарастырған. Сондай-ақ құқықтық мәдениет қалыптасуы үшін, ең бастысы, сол елдегі азаматтардың құқықтары тиісті деңгейде қорғалып, заңның үстемдігін дәлелдейтін жағдай орнатылуы тиіс. Әрбір азамат өзінің бұзылған құқығын қорғай алатындығына сенімді болса, мемлекет үшін бұл үлкен жетістік. Дегенмен, елімізде әлі де болса, құқықтық сана, құқықтық мәдениет тиісті дәрежеде қалыптаса қойған жоқ. Көптеген азаматтарымыз заң саласында, құқық қорғау саласында қандай жаңалықтар болып жатқандығынан бейхабар. Олар өз құқықтарын білмеуі себепті қоғам өміріндегі маңызды салаларда артта қалушылық сипат алып, мемлекет дамуына кері әсерін тигізуде. Адам құқығын дұрыс түсінбеушілік нәтижесінде қарсы пікірлер қалыптасып, әлем қолдайтын заңнамалық актілердің кейбір жаңа мәселелері жүзеге аспай отыр. Мемлекет осындай олқылықтарды болдырмау мақсатында азаматтарға өз құқықтарын түсіндіру, тиісті дәрежеде жеткізу шараларын жүргізіп отырады. Құқықтық мәдениетті арттыру үшін балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін адам құқықтары мен бостандықтары, мүдделерін қорғау мәселелері қозғалуы тиіс. Монографияда құқық қорғау органдары мен халық арасында өзара сенімді қарым-қатынас орнату, кейбір шараларды бірлесе атқару формалары жақсы қарастырылған. Мемлекетіміздің дамуы, өркендеуі, дамыған елдер қатарына қосылуы үшін құқықтық білімді, тәрбиені биік деңгейге жеткізу басты міндет екендігін автор терең талдау жасап көрсеткен. Автор құқықтық сана, ойлау мәнері, құндылықтар жүйесі, саяси сауаттылықты арттыру ұғымдарын өз тәжірибесі арқылы сипаттайды. Сонымен қатар құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. «Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты сезіну адам тұлғасының өсуіне алып келеді» дейді ол. Қазіргі кезеңде қоғамның демократиялық дамуы құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етуде.
Құқықтық сана – құқықтық ажырамас бір бөлігі. Құқықтың бұл түрі адамның мен еркіндікті жүзеге асырумен тығыз байланысты. Қоғамдық өмірдің талаптары мен нормалары құқықтық заң ретінде айқындалуы мүмкін емес, және субъектілердің міндеттері, адамдардың санасы арқылы өтпесе айқындау мүмкін емес. Басқа жағынан құқықтың реализациясы, істің мәні бойынша, халықтың нақты әлеуметтік топтардың құқықтық санасындағы интеграциялы нормалардың процесі. Құқық пен құқықтық сананың байланысы өзара қызмет байланысында, яғни олардың арасындағы құбылыстарда тәуелділік бар. Біріншіден, құқықтық сананың дамуы мен жағдайы көп жағдайда заңдылықпен байланысты. Болашақ қуатты әдіс мінездеме мен интелектуалды әсері ретінде, құқықтық “мәтінде” белсенді сол немесе басқа құқықтық ойлаулар мен сезімдердің дамуына әсерін тигізеді. Екінше жағынан – мемлекеттік тәртіптің позитивті феномені ретінде құқық пен заң құқықтық сананың қоғамындағы қуатты күші болып табылады, осы құқық санамен шектелген, одан құқықтық қызмет процесіндегідей құқықтық жүзеге асыру ретінде тәуелді болады.
Құқық тудырушы қызметтегі құқықтық сананың рөлі бұл жерде ең алдымен, сана құқықтық идеология формасы ретінде қазіргі құқықтық қызметтің детерменанты болып табылады. Әдейі өңдеген құқықты қалыптастыру процедуралары арқылы құқықты қалыптастыру заң жобаларын дайындау стадияларын нақты болжайды, азаматтардың ойларын алдын-ала оқу және берілген сұрақ бойынша қажеттілігі және сипаты туралы құқық қолданушының, қоғамдық қатынастардың сфрасы; жүйелеу түрінде құқық бақылау нәтижесінің мүмкіндігі және әдіс-тәсілдерін тапсырмаларын анықтаудағы болашақ нормативтік актіні өңдеу концепциясы сияқты принципті маңызды мағына иелері. Адамдардың құқықтық сферасындағы психологиялық күтулер мен тырысушылығы түрінде. Құқықтық сананың бұл стадияларда маңызды рөл ойнайтыны түсінікті, және де сол немесе басқа қоғамдық қатынастардың сферасында керект реттеудің саяси, әлеуметтік-экономикалық, философиялық, принциптерінің құқықтық формасы ретінде.
Осылайша, құқықтық сана құқықтық генезис үшін ойлау, сезім барлық рухани мәдениет қоғамы – заңды және жеке тұлға – әртүрлі субъектілердің заң қызметі процесі туралы ойлары түріндегі жалғыз мүмкін “құрылыс материалы”. Мемлекет, құқықтық нормаларды қалыптастыруда, біріншіден халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетіне сүйену керек, олардың ең жақсы үлгілерін дифференциалдыу және ынталандыру керек, елдің өмірі мен рухы заңнан абстракты – бөлінген “қызмет” заңына талпынбау, қоғамдық құқықта эталондардың және тәртіпті бақылауды жинақтауда құқықта қызмет етуді объективтеу. Құқықтық сана құқықты жүзеге асыру қызметінде функциялауда рөл ойнайды. Құқықтық сананың статусы бұл сферада екі бағытта түсіндіріледі.Құқықтық сана құқық нормалардың субъектілердің еркін бақылау үшін психологиялық және идеологиялық контекст қалыптастырады.Құқықтық сана міндетті тұлғаларға құқықтық нормалар процессінде маңызды функцияларды орындайда. Соттардың, прокурорлардың, бақылаушылардың және басқаларының құқықтық сана мәтінінсіз құқық нормасын қолданған кезін елестеті қиын. Міндетті тұлғалар құқық туралы түсінікті түсіну, талқылау, білу керек және талаптары мен еріктерін білу керек. Құқықтық санасыз бұны білу мүмкін емес. Құқықтық сана арқасында іс-жүзінде дәлелдеу бақыланады.
Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.
Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан.
Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін. Құқықтық сана- сан қырлы феномен. Оның жеке адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты өз құрылымы бар. Құқықтық сананы негізгі екі элемент: құқықтық психология және құқықтық идеология құрайды.
Құқықтық психология болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардан қызбалықпен, тіпті есі кете терең әсер алуға қабілетті адамға тән психикамен байланысты. Ол құқықтық санада көбінесе стихиялы түрде, құқыққа және құқықтық шындыққа көзқарас бейнелетін сезім, көңіл-күйі, сүйкімділік пен сүйкімсіздік, реніш түрінде қалыптасады. Мәселен, бұл жасалған қылмыс жөнінде ашынушылық және оның құрбанына жаны ашушылық, әділ сот үкіміне қанағаттану сезімі; қылмыстық жазадан қорқу немесе Конституцияны құрметтеу болуы мүмкін.
Құқықтық сезімдер, көңіл-күй көп жағдайда әлеуметтік ортаның, жеке адамның тікелей араласатын ортасының ықпалының әсерімен қалыптасатынын ескеру керек. Көптеген социологиялық зерттеулерде адамның белгілі бір ортада болғанда, өзі басқа адамдармен байланыс жасамаған кездегіге қарағанда, көбінесе мүлде өзгеше сезініп, ойлап, әрекет жасайтыны атап өтілген. Жеке адамның құқықтық сансының деңгейімен ерекшеліктерін анықтау ұшін оның отбасыыны, ұжымының, бейресми араласатын топтарының және тиісті әлеуметтік жіктерінің әлеуметтік-құнды бағдарын білу қажет болатыны сондықтан.
Құқықтық сананың құбылмалы элементі көңіл-күйі болып табылады, өйткені ол өзгеріп отырады, құқықтық идеяларды таратудың көмегімен иландыру мен көтермелеуге сәйкес келетін саналы әсерге бейім болуы мүмкін.
Адамдардың дағдысына, олардың тұрмыс-салтына енетін нәрсе құқықтық сананың белгілі-бір әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтауға байланысты тұрақты элементтерін айқындайды. Қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік, сондай-ақ азаматтық құқықта сол заңдарға қоғамдық құқықтық сана арқылы және оны мақұлдауымен адамдардың әдет-ғұрпымен сенгізілген кінәден арылу туралы, зиянды жуып-шаю туралы, моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы ережелер кездесетіні анық.
Құқықтық санадағы дәнекер элемент- жеке адамның өз әрекеттерінің заңдылығын өзінің бағалауы. Өздерінің ниетін, мотивтері мен қылықтарын сын көзбен және дер кезінде бағалай білу оның адам мінез-құлқындағы реттеуіштік, алдын алушылық, немесе, керісінше, белсендіруішілік рөлін айқындайды. Өзін-өзі бағалау өзінің заңды әрекеттеріне қанағаттану немесе істелген істері үшін ұялу, өкіну сезімінен көрінуі мүмкін. Адам ожданының көрінісі ретінде ұялу, опыну оның мінез-құлқындағы құқықтық ауытқуды тежей алады. Жеке адамның құқықтық психологиясында ішкі өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру- жеке адамды құқықтық тәрбиелеудің және жалпы әлеуметтендіру процесінің міндеті.
Құқықтық идеология дегеніміз құқықтық сананың құқықты және өмір шындығының құбылыстарын тұғырнамалық түрде бейнелеп, бағалайтын заңдық ұғымдарды, принциптерді, теорияны құрайтын жоғарғы қабаты. Адамның күнделікті тәжірибесіне сыйып кететін құқықтық шындықтарды әдетте, сезімдік қабылдауға ұқсас құқықтық психологиядан айырмашылығы- құқықтық идеология бейне бір құқықтық бағалаудың рационалдық деңгейіне сәйкес келеді, құқық пен мемлекет құбылыстарын ой елегінен неғұрлым терең өткізуді бейнелейді.
Құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық мәдениет болып табылады. Ол құқыққа белгілі бір көзқарас қана емес, қайта, құқықтық білімнің, тұрақты құндылық- құқықытық бағдардың және соларға сәйкес заң жүзінде маңызды мінез-құлықтың бірлігі ретінде көрінеді.
Құққтық мәдениет қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметпен қарауы тән. Ол адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқықбұзушылықтың жасалуына бастамашылықпен кедергі жпасауына сәйкес келуін анықтайды.
Құқық өз нормаларына сәйкес мінез-құлыққа оң көзқараста болады. Алайда егер жеке адам заңды бұзбаса, құқық нормаларын жазалаудан қорыққандықтан немесе өзінің комформизмі салдарынан, яғни жұрттың бәрі сияқты істеймін принципі бойынша бұзбайтын болса, бұл әлі де оның қажетті құқықтық мәдениеті бар екендігі білдірмейді.
Сол сияқты жеке адамның немесе топтың кез-келген құқықтық белсенділігін құқықтық мәдениетке жатқызуға болмайды. Заңдарды білуге және оларды өздері қызмет етіп жүрген мақсаттарға зиян келетіндей етіп пайдалануға болады. Өмірде құқықтарды, сөз бостандығын қоғам мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, қиянат жасау да сирек кездеспейді. Керісінше, заңсыз әдістермен ізгі мақсаттарға жетуге тырысатын кездер де болады. Демек, әлеуметтік-құқықтық оң белсенділік қана жеке адамның немесе ұжымның жеткілікті құқықтық мәдениетінің компоненті деп танылуы мүмкін.
Заңды мінез-құлықты оның мотивтері бойынша әлеуметтік-құқықтық оң белсенділікке(заңды мінез-құлықтың дұрыстығы мен пайдалылығына сенуге негізделген); конформистік мінез-құлыққа(ұғынбай тұрып және құқықтық белсенділік болмай, заң нұсқауларына бағыну) және маргиналдық мінез-құлыққа(құқық нормаларын жазалаудан қорқып сақтау) жіктеумен қатар, юриспруденцияда заңды мінез-құлықты оның қоғамдық маңыздылық дәрежесіне қарай да бөлу жүргізіледі.
Осы өлшем бойынша заңды қажетті мінез-құлық(мысалы, қарулы күштерде қызмет ету); заңды қалағанындай мінез-құлық(ғылыми немесе көркем шығармашылық); заңды жол берілетін мінез-құлық(діни-ғұрыптарды атқару және т.б.) болады.
