Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу мәселелері

927 көрілім

Кәмелетке толмағандар  арасындағы  құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы екендігін түркістандық сақшылар тұрғындарға кездесулерде түсіндіріде. Түркістандық полиция қызметкерлері тұрғындарды жеке мүліктеріне абай болуға және оған ұқыптылықпен қарауға шақырады. Сондай-ақ, бөттеннің затына қол сұққан адам заң жүзінде қылмыстық жауапқа тартылатындығын айтуда. Мұндай әрекеттерге бармау үшін әр адам құқықытық жағынан сауатты болуы керек. Сол үшінде құқықытық сауаттылық пен құқықтық мәдениет тұрғысынан түсіндірме ақпараттарын тұрғындарға барынша таратудамыз.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғышарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары әсер етеді. Ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмай қараусыз қалған, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп, құқық бұзушылық жасауға баратын балалар санының өсуі осы жағдайдың бір себеп-салдары ғана. Демек, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық деңгейінің  артуына ықпал ететін факторлардың бірі атааналардың төлем қабілеттілігінің төмендеуі және бос уақытты өткізудің барлық түрлерінің коммерциялануы болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – ең алдымен, жұмыс орындарын көбейтуге, баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіруге бағытталып отыр. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты– білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор екендігін жоғарыда келтірілген. Демек, бұл шараларда айтарлықтай бір қатар кемшіліктер бар екендігі баршаға белгілі. Мысалы, теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанқұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағынадағы журналдар, фотосуреттер, жарнамалар шектеусіз көрсетіледі. Мұның өзі келешек ұрпақтың мінезқұлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіруі мүмкін. Себебі жасөспірім ақпараттана отырып құқық бұзу әрекеттерінің жазаға тартылмау жолдарын қарастыруы немесе ішкі істер органдарының қызметіне қарсы әрекеттер жасау пікірі қалыптасады. Қоғам мүлкін немесе жеке тұлғалардың меншігін қылмыстық жолмен иелену арқылы материалдық қажеттілігін арттыру мақсатында табыс табу жолдарын үйренуге талпынады. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді ашып көрсету қажеттігі туындайды.

Түркістан қаласында көптеген құқық бұзушылықтар орын алуда. Солардың бірін айтсақ, полицейлер жақында кассадан 10 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған кассир әйел анықтаған. Нақтырақ айтар болсақ, Түркістан қаласының Полиция басқармасына  жергілікті кәсіпкер тұрғын арызданып хабарласқан. Шағымданушының сөзінше, оның кассадағы қызметкерімен есептесу кезінде  10 миллион теңгеге жуық ақша кем болып шыққан. Содан жәбірленуші оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Тәртіп сақшылары ақпарат келіп түскен сәттен бастап бірден іске кірісіп, оқиға болған жерге дер кезінде жетті. Олар қаражаттың қайда кеткенін анықтау үшін қажетті жұмыстарды атқарды. Мән-жайды саралады.

Тәртіп сақшыларының  қырағылығы мен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті адам анықталды. Ол жергілікті тұрғын әйел болып шықты. Анықталғандай, сезікті әйел жеке кәсіпкерлік орталықта  кассир операторы болып жұмыс істеген. Күдікті кассадан  5 миллион  теңгені жымқырған, арада біраз күн өткен соң тағы да 5 миллион теңгеге жуық ақшаны білдірмей заңсыз иемденген. Күдікті әйел алған ақшаның барлығын  өзінің жеке бас пайдасына  жұмсаған. Сонымен қатар, аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті емденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алып, қазіргі таңда әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан қаласының сақшылары алаяқтыққа бармауға, одан абай болуға шақырады. Алаяқтық дегеніміз – бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе өз мүлкіндей пайдалану құқына заңсыз  иемдену  болып табылады. Ол үшін қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданады немесе басқаның сеніміне кіріп алып, қастық жасайды. Бұл арада мынаны еске алу керек, алдау және сенімге кіру жолымен басқа қылмыстар да жасалуы мүмкін, бірақ олар басқа қылмыстық-құқықтық нормалар бойынша қарастырылады. Алаяқтық әрекеттерінің әрбір жағдайында істің мәнісін жанжақты қарастырып, оған ұқсас қылмыстардан ажырата білу қажет. қылмыстық  жауапқа  тарту  және  айыпты  деп тану үшін сол әрекеттерде қылмыс құрамының болған-болмағанын анықтап алу қажет. Мұның өзі қылмыстық заңда қылмыстық жауапкершілікке тартуға бірден-бір негіз болып табылады. қылмыстың әрбір құрамы нақты қылмыстың объективтік және субъективтік белгілерінің сипаттамасынан құралады. Олай болса, бұл мәселелерді алаяқтық құрамына қатысты қарастыратын болсақ, мұндай қылмыстардың сырын түбегейлі білуге болады. Құқыққа қайшылық ұрлықтың нышандары ретінде заң әдебиеттерінде де әртүрлі анықталған. Бірінші типті анықтамаларға сәйкес – «құқыққа қайшылық нышаны – ұрлық заң жүзінде тыйым салынған әдіспен ғана емес («объективті құқыққа қайшылық»), сонымен қатар айыптының мүлікке құқығының жоқ («субъективті құқыққа қайшылық») жағдайларында жүзеге асырылуын білдіреді», басқасында – «құқыққа қайшылық деп заңды негіздемесіз және меншік иесінің немесе басқа да заңды иемденушілердің келісімінсіз мүлікті айыптының иемденуін айтады». қылмыстық кодексте ескерілген амалдармен ғана ұрлыққа жататын әрекеттерді шектеуге мүмкіндік беретіндіктен бірінші анықтама толық әрі анық деп саналады. Алаяқтықтың қоғамдық қауіптілігі – бұл алдау  немесе сенімге қиянат жасау нәтижесінде  азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке зиян келтірілуінде.Алаяқтық қылмысы мүліктік қылмыстар арасындағы салыстырмалы түрде аз тараған, 5,5% қана, бірақ  оның үлесі күннен күнге өсуде. Алаяқтық әрекеттерді еркек те, әйел де, ересек те, кәмелетке толмаған да жасауы мүмкін. Себебі, пайдакүнемдік қасиеттер  адамдар арасында кең тараған, ал алдау мен жалған мәлімет айту – қазіргі күні қиынға соқпайтын  әрекетке айналды.Бұл қылмысқа Ежелгі Рим заңгерлері нақты анықтама беріп, оны түр-түрлерге жіктеген. Олардың  ойынша, алаяқтық – бұл жәбірленушіні  алдап, кінәлі үшін пайда алу тәсілі. Олар алаяқтықты ауыр қылмыстар қатарына жатқызған. Сондықтан жаза ретінде  кінәлі алыс аралдарға ашаршылықтан өлуге жіберілетін.

Алаяқтық  жасау үшін белгілі бір деңгейде ақыл-ой, қабілеттіктер, жеке қасиеттер  болу керек. Сонымен қатар, алаяқтар, осындай ерекше қасиеттерге ие бола отырып, бас бостандығын айыру  орындарына сирек түсетін.Аталған  қылмыс тәжірибеде саралау кезінде  белгілі бір қиындықтарды туғызады.Сонымен  қатар, алаяқтықтың жаңа түрлерін саралау  проблема деңгейіне жеткен десе де болады. Себебі, заң шығарушыға қарсы  қылмыскердің интеллекті, ақыл-ойы, айласы қарсы тұрады.Алаяқтық  қол сұғушылықтың заты – бөтен  мүлік немесе мүлікке құқық болғандықтан, осы қылмыстың аяқталу сәтін  анықтауда да қиыншылықтар болуы  мүмкін. Алаяқтықты  саралаудың осы сұрақтарын қарастыру  – осы курстық жұмысымның негізгі  міндеті болып табылады.Алаяқтық жасаудың тәсілі ретіндегі  алдау өткендегі және дәл осы  кездегі фактілерді бұрмалаумен  көрініп қана қоймайды. Мұндайларға  мысалы, жәбірленушіден машина сатып  аламын деген желеумен немесе  жай «қарызға» ақша алу жатады.Келешекке қатысты алдай отырып  алаяақ жәбірленушіге өзінің  шынайы пиғылы мен ниеті туралы  білдіртпеуге тырысады. Бұл жерде  алдау сөзбен де немесе басқа  да жолдармен жүзеге асуы мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы