Түркістан қаласындағы Ә. Темір атындағы №3 жалпы орта мектебінде оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы болып өтті. Маңызды мәселе аясында Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының мамандары полиция лейтенант Д.Кулетов Түркістан қалалық полиция лейнант Г.Аметова, Түркістан қаласы прократурасы Тастанов Азат Жанабеков тақырыптық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ата-аналарға жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері: отбасындағы ақау тәрбие, отбасындағы материалдық әл-ауқаты, жұмыссыздық; баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы; ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы; мінез-құлықтың ауытқушылығы туралы түсіндірілді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубта отыруға, сағат 23:00-ден кейін ата-анасыз беймезгіл көшеде жүрмеуін, үйде болу керектігін айтты. Мектеп директоры Р.Юсупов балалардың сапалы біліммен қатар саналы тәрбие алуы үшін ұстаздардан бөлек ата-ананың да орны мен рөлі айрықша екеніне тоқталды.
«Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі.
Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Құқықтық тәрбие дегеніміз не? Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл Құқықтық білім беру – нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т. б. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға- құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады деп сенеміз. А. С. Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпағанымыз жөн болар. Құқық пен тәрбиенің өзара байланыс әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата– аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар және жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер жасөспірімдірдің арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл Республика бойынша өзекті мәселенің біріне айналып отыр.
Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол – ата-ананың жауапты ісі. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырады. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Кеңңес құрамында 10 адам бар. Кеңес төрайымы мектеп директоры және мектеп ұстаздарынан құралған.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында мектебімізде спорттық үйірмелер жұмыс істеп, оған оқушылар тартылып отыр. Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Бүгінгі күні мектептегі мектептен тыс оқушы қосымша біліммен қамтылып отыр.
Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту күн тәртібінде тұр.
Қорыта келе, отбасы — адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Ата -ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әр-бір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді. Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіреміз.
Құқықтық сана құқықтық реттеу механизмімен тығыз байланысты. Біріншіден, ол заң нормаларын жасаудың алдында жүреді, өйткені, ол нормалар әрқашанда субъектінің санасы мен еркіне туелді; екіншіден, олармен қоса өне бойы іс-әрекет жасалады, өйткені құқық нормалары әрқашанда оларды субъектінің түсінуіне, оның санасы мен еркіне есептелген; үшіншіден, құқықтық сана құқықтағы олқылықтарды түсіндірумен анықталады, заңдарды жетілдіру мен дамытуды қамтамасыз етеді.
Құқық теориясында құқықтық сана өзара байланысты 3 міндетке: танымдық, бағалаушылық, реттеушілік міндеттерге бөлінеді.
Танымдық міндет құқықтық шындық құбылыстарын субъектінің құқықтағы мәнділігі мен тиістілігі туралы түсініктері тұрғысынан ой елегінен өткізуден тұрады. Бағалаушылық міндет құқықтық шындық құбылыстарын ұқсастыруда, оларды реттеудің нақты ережелерімен сәйкестендіруде болып табылады.
Құқықтық сананы иеленушіге байланысты құқықтық сананың жеке, топтық (ұжымдық) және қоғамдық құқықтық сана түрлері туралы айтуға болады.
Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан-түрлі әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалы-физиологиялық ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның мәдениеті мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен қабілетінің бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің әртүрлі болуына себепші болады. Құқықтық сана деңгейін көтеру үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқына нысаналы идеологиялық ықпал жасаудың, азаматарға құқықтық тәрбие берудің де маңызы аз емес.
Топтық құқықтық сана тиісті әлеуметтік топтар мен оларға кіретін жеке адамдардың ерекшеліктерімен анықталады. Құқықтық құндылықтар әрбір топта бірдей танылмайды. Олардың ішінде топтық құқықтық сана заңдылық пен әділеттік идеяларын мүлде құрметтемейтіндерінде топтық құқықтық сананың әлеуметсізденуі, қоғамда бар құқықтық идеологиядан шеттеу, құқықтық нигилизмнің ескі түрін консервациялау, тіпті криминогендік жағдайлардың қалыптасуы мүмкін.
Қоғамдық құқықтық сана құқыққа және құқықтық өмір шындығының жалпы қоғамда қалыптасқан құбылыстарына көзқарасты бейнелейді. Қоғамдық құқықтық санада қоғамда жеке адамның бостандығына және жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік бере алатын теңдесі жоқ әлеуметтік құндылық ретінде құқық түсінігі орнығады. Құқық болмайынша, оның екеуі де жоқ.
Заңдардағы барлық уақытта дер кезінде жаңартыла бермейтін жаңсақтықтар мен жетілмегендіктің қоғамдық құқықтық санадағы құқық бейнесінің көрінуіне теріс әсер етеді. Тыйым салушы нормалар мен қызметтік көзқарастың басым болуы оған бүлдірушілік ықпал етеді. Соның салдарынан қоғамдық құқықтық санада құқықтың мәнін қажеттіліктің пен әділеттіктің шоғырланған көрінісі ретінде емес, қайта күштеу ретінде қабылдау мен түсіну сақталып келеді. Сондықтан да құқық нормаларын сақтауға азаматтан гөрі, мемлекет көбірек мүдделі деген пікір таралып кеткен.
Мазмұнының толықтыққа жақындау деңгейіне немесе дәрежесіне қарай құқықтық сана құқық теориясында дағдылы, кәсіби(заңгерлердің құқықтық санасы) және ғылыми болып бөлінеді.
Дағдылы құқықтық сана дегеніміз адамдардың жаппай түсініктері, олардың күнделікті және өмірлік тәжірибесінің ықпалымен туындайтын құқық пен заңдылық жөніндегі сезімі мен көңіл-күйі болып табылады. Бұл- құқықтық сананың ең жылжымалы түрі, толық емес және үздік-создық, фрагментарлық болған соң ол сонымен бірге құқықтағы жаңалыққа мейлінше сезімтал және құқық қолданудың кемшіліктерін байқауда “қырағы” болып келеді.
Кәсіби құқықтық сана бір түр ретінде кәсіби заңгерлер арасында қылыптасады, норма шығаруда, құқықты түсіндіруде және құқық қолдануда өзекті рөл атқарады. Ол екінің бірінде белгілі бір стереотиптермен (күдікшілік, “айыптауға бейімдік”, дәлдік және формалдылық, ілеспе заң нормаларын, іс-әрекеттің секторын немесе тіпті негізгі құқықтық өрісін көру) белгіленген, жазудан ерекше стилі мен заң тілін қалыптастырады. Бұл- құқықтық сананың біршама толық түрі.
Ғылыми құқықтық сана құқықты және құқықтық өмір шындығының құбылыстарын теориялық тұрғысында ой елегінен өткізу арқылы қалыптасады, ол қоғамның құқықтық идеологиясын әзірлеуде, мемлекет пен заңдарды дамыту жолдарын негіздеуде белсенді рөл атқарады. Құқықтық сананың осы ең толық түрін иеленушілер құқықтанушы және мемлекеттанушы ғалымдар болып табылады.
Құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық мәдениет болып табылады. Ол құқыққа белгілі бір көзқарас қана емес, қайта, құқықтық білімнің, тұрақты құндылық- құқықытық бағдардың және соларға сәйкес заң жүзінде маңызды мінез-құлықтың бірлігі ретінде көрінеді.
Құққтық мәдениет қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметпен қарауы тән. Ол адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқықбұзушылықтың жасалуына бастамашылықпен кедергі жпасауына сәйкес келуін анықтайды.
Құқық өз нормаларына сәйкес мінез-құлыққа оң көзқараста болады. Алайда егер жеке адам заңды бұзбаса, құқық нормаларын жазалаудан қорыққандықтан немесе өзінің комформизмі салдарынан, яғни жұрттың бәрі сияқты істеймін принципі бойынша бұзбайтын болса, бұл әлі де оның қажетті құқықтық мәдениеті бар екендігі білдірмейді.
Сол сияқты жеке адамның немесе топтың кез-келген құқықтық белсенділігін құқықтық мәдениетке жатқызуға болмайды. Заңдарды білуге және оларды өздері қызмет етіп жүрген мақсаттарға зиян келетіндей етіп пайдалануға болады. Өмірде құқықтарды, сөз бостандығын қоғам мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, қиянат жасау да сирек кездеспейді. Керісінше, заңсыз әдістермен ізгі мақсаттарға жетуге тырысатын кездер де болады. Демек, әлеуметтік-құқықтық оң белсенділік қана жеке адамның немесе ұжымның жеткілікті құқықтық мәдениетінің компоненті деп танылуы мүмкін.
Заңды мінез-құлықты оның мотивтері бойынша әлеуметтік-құқықтық оң белсенділікке(заңды мінез-құлықтың дұрыстығы мен пайдалылығына сенуге негізделген); конформистік мінез-құлыққа(ұғынбай тұрып және құқықтық белсенділік болмай, заң нұсқауларына бағыну) және маргиналдық мінез-құлыққа(құқық нормаларын жазалаудан қорқып сақтау) жіктеумен қатар, юриспруденцияда заңды мінез-құлықты оның қоғамдық маңыздылық дәрежесіне қарай да бөлу жүргізіледі.
