Жүргізуші куәлігінен айырыла тұра, қайта көлік басқарған мас жүргізуші ұсталды

695 көрілім

Түркістан қаласы патрульдік полиция қызметкерлері өздеріне белгіленген аумақта профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында Түркістан қаласы көшелерінің бірінде «Ваз 2107» маркалы автокөлік бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткендіктен күдік тудырған. Полицейлер жол ережесін бұзған автокөліктің ізіне түсіп жүргізушіні тоқтатады.

Содан жүргізушінің жеке басын анықтап, автокөлікке қатысты құжаттарын анықтау барысында Түркістан қалалық әкімшілік сотының қаулысымен 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар жүргізуші куәлігінен айырылса да тағы да спирттік ішімдік ішіп, көлік басқарғаны белгілі болды.

Мас күйінде көлікке отыру – ірі қылмыс. Мұны әлем елдерінің заң тәжірибесінен де байқауға болады. Бұған дейін Қазақстанда мас күйінде рөлге отырғаны үшін жүргізушілерге айыппұл салынатын не 2 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылатын. Қазір олай емес. Енді мас күйінде көлік жүргізу мен апатқа ұшырау ауыр қылмыс қатарына енгізілді. Ал жазасы – бас бостандығынан айыру мен жүргізу куәлігінен өмір бойы айырылу. Зардап шегуші тараппен татуласуға рұқсат берілмейді. Жүргізушілердің арасындағы ең көп таралған әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі көлікті мас күйінде жүргізу екендігі бәрімізге мәлім. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің ішіндегі адам өміріне аса қауіп тудыратын құқық бұзушылықтар болып табылады. Қазіргі бәсеке мен нарық заманында көліктің бір үйдің асыраушысы екендігі, шаруамыздың осы көлік құралынсыз бітпейтіндігі барлығымызға аян. Соны біле тұра ішімдік ішіп алып көлік жүргізіп, одан көлік жүргізетін құжаттан айырылып, бірнеше жыл бойы көлік жүргізе алмай, не істеп жүрген жұмысынан айырылып, ол кінәні өзінен көрмей, біреуден кінә іздеп сергелдеңге түсіп жүретіні түсініксіз. Олай дейтініміз, бүгінде мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші үшін тағайындалатын жаза қаншалықты қатал болса да, қазір ішімдік ішіп алып көлік жүргізушілер саны азаймай отыр.

Мысалы, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруіне жауаптылық көзделген Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабымен Арал аудандық сотында жыл басынан бері мас күйінде көлік басқарған тұлғаларға қатысты 21 әкімшілік іс қаралған. Жол жүру ережесін өрескел бұзған жүргізушілердің кінәсі медициналық куәләндырудың қорытындысымен расталып, соның нәтижесінде оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған. Сотпен аталған жүргізушілерге қатысты әкімшілік істер қаралып, ӘҚБтК-нің 608-бабында көзделген құқық бұзушылық құрамының белгілеріне қарай әкімшілік жауаптылық түрлері белгіленген. Оның ішінде, 4 тұлғаға қатысты әкімшілік қамаққа алу жазасы, ал қалған 17 тұлға 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімдерге көлік құралын басқару құқықтарынан айырылған.

Осыншама адамға сот көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындағанда екі мақсатты көздейді, біріншісі сол әкімшілік құқық бұзушыға енді ондай теріс әрекетке бармасын деп тағайындалған мәжбүрлеу шарасы болса, екіншісі басқа адамдар осыдан сабақ алсын деген профилактикалық іс шара. Бірақ бұдан, ішімдік ішіп көлік басқаратындардың кейбірінің сабақ алатыны көрінбейді. Жүргізушілердің арасындағы ең көп таралған әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі көлікті мас күйінде жүргізу екендігі бәрімізге мәлім. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің ішіндегі адам өміріне аса қауіп тудыратын құқық бұзушылықтар болып табылады. Қазіргі бәсеке мен нарық заманында көліктің бір үйдің асыраушысы екендігі, шаруамыздың осы көлік құралынсыз бітпейтіндігі барлығымызға аян. Соны біле тұра ішімдік ішіп алып көлік жүргізіп, одан көлік жүргізетін құжаттан айырылып, бірнеше жыл бойы көлік жүргізе алмай, не істеп жүрген жұмысынан айырылып, ол кінәні өзінен көрмей, біреуден кінә іздеп сергелдеңге түсіп жүретіні түсініксіз. Олай дейтініміз, бүгінде мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші үшін тағайындалатын жаза қаншалықты қатал болса да, қазір ішімдік ішіп алып көлік жүргізушілер саны азаймай отыр.Мысалы, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруіне жауаптылық көзделген. Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік қамау, яғни, уақытша бас бостандығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылатынына қарамастан, жүргізу құқығынан айрылған адамдардың осы жағдайға жеңілтектікпен қарауы кісіні таң қалдырады.Мас күйінде көлік құралын жүргізу өкінішті жағдайға әкелуі мүмкін екенін естен шығармағанымыз абзал. Қазақстан заңы бойынша қан құрамындағы 0.5-1.5 ‰ (промилле) – жеңіл мастық, 1.5-2.5 ‰ – орта деңгейдегі мастық, 2.5-3.0 ‰ – ауыр деңгейдегі мастық, 3.0-5.0 ‰ – алкогольге уланған саналады. Егер алкотестер 0.5 промилледен төмен болса, жүргізуші мас адам саналмайды. 0-0.5 ‰ арасындағы көрсеткішке дәрі-дәрмек, эндоген алкоголь себеп болуы мүмкін. Ал 0.5 промилледен жоғары болса, жүргізуші жауапқа тартылады.

«Құқық», «құқық бұзушылық» термині пайда болған кезінен, бұл тақырыпқа зерттеушілер көп еңбек арнаған. Оның себебі, адамзат қандай да прогресстік жолға шықса да, адам мен адам, тұлға мен қоғам арасында әрқашан да түсінбеушілік пайда болады. Қоғам ішіндегі проблемаларды шешу үшін, біздің заманымызға дейн адамзат «заң» мен «жеке құқықты» ойлап тапты. Құқық бұзушылықпен, адам баласы жер бетін алғашқыда басып жүрген кезінен кездескен. Эмилем Дюркгейм айтқандай: «Құқық бұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі». Сонымен де, құқық бұзушылықтын қандай да формасы, жеке тұлғаға, жалпы қоғамға, тұтас мемлекетке де, материалдық, социалдық, психологиялық, саяси да, зиян келтіреді. Жақын туыстарынан айырылуы, ақша жағынан зиянға ұшырауы, денсаулыққа зардап шегуі және т.б., бұның барлығы әр адамға өте ауыр тиеді. Ал әлемдік масшабтағы құқық бұзушылықты алсақ, бұл – терроризм, геноцид, соғыстар, рассалық бөлініс, бүкіл адамзатқа, планетарлық масштабта зиян келтіреді. Сондықтан да, біз қоғамды реттейтін заңды ережені, «құқық», немесе «норма» деп атаймыз. Осыған байланысты ережелерге қарсы әрекеттерді, біз «құқық бұзушылық», немесе «қылмыс» деп те, атаймыз. Құқық бұзушылықты түсіну және ашу, бұл мемлекет және құқық теориясы пәнінің басты қызметтердің бірі. Бұл проблемаға өте терең зерттеу жүргізу, оның социальдық маңызын білу, қоршап тұрған факторды есепке алу, болашақта заң бузұшылықты азайту, жетістіктерге қол жеткізе білу, бұның барлығы болашақ заңгерлерге үлкен көмек береді. Бұл тақырыпты зерттегенде алғашқыда, құқық бузұшылықтың жалпы белгілерге дұрыс, жеке сипаттама беру керек. Құқық бузушылықтың классификациясы болса да оларды біріктіретін ортақ белгісі бар бұл – белгіленген ережелерді орындамау немесе заңға бағынбау. Есімізге салған жөн, құқық бұзушылық, бұл адамдар әрекетті (немесе әрекетсіздігі) және де, жауапқа тек адамдар тартылады. Қоғамға табиғат немесе жануар әрекетінен зиян келсе, олар жауапқа тартылуы мүмкін емес. Бірақ та, тарихқа назар аударсақ, 18 ғасырға дейн Еуропаның кейбір елдерінде жануарларды жауапқа тарту процестері кездескен. Жаупқа тарту процесстерінде де, өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, 14 жасқа толмаған балаларды заң алдына жауапқа тартуға болмайды. Тек қана белгілі елдің азаматы ғана емес, сонымен бірге басқа елдің азаматтары да, қылмыс үшін жаупқа тартылады. Мемлекет және құқық теориясы, құқық бұзушылық түсінігін студенттерге терең анализ жасауға, субьективті және обьективті қарауға, дұрыс шешімді таңдап алуға үйретеді. Құқық бұзушылық — қоғамдық қауіпті (зиянды) сипаты бар, өз істеріне өз бетінше жауап беруге қабілетті тұлға жасаған кінәлі құқыққа қайшы іс-әрекет. Барлық құқық бұзушылықты екі топқа бөлу қабылданған – қылмыс және теріс қылық. Оларды бөлудің басты критерийлері, біріншіден, қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі, екіншіден, субъективті фактор, бұл шешуші шамада құқыққа қайшылық ретінде сол немесе басқа іс-әрекетті мойындауға әсер етеді. Қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі нысан құндылығымен, құқыққа қайшы қастандықпен, жағдаймен, уақытпен, (зорлық немесе зорлық емес)  тәсілдермен, өлшеммен және келтірілетін зиян сипатымен және т.б. анықталады. Теріс қылықтар  бұл, қылмыстармен салыстырғанда қоғамдық қауіптің аз дәрежесімен сипатталатын құқық бұзушылық, ол қоғамдағы құқықтық тәртіптің жеке жақтарына қастандық жасайды. Теріс қылықты құқық салаларында қолданарлық түрде, сондай-ақ олар теріс қылық енгізетін қарым-қатынас түрлері бойынша және солар үшін қолданылатын жаза түрлеріне қарай топтауға болады. Тәртіптік теріс қылық – қызметтік қарым-қатынастар аумағында жасалатын құқық бұзушылық және ол ең алдымен қызмет бойынша бағынушылық қатынастың тәртібін бұзады. Тәртіптік теріс қылық адамдардың (жұмысшылардың, қызметкерлердің, оқушылардың және т.б.) белгілі ұжымдарының қызмет тәртібіне қастандық жасайды, ол еңбек, қызмет немесе оқу тәртібін әлсіретеді де, тәртіптік теріс қылықты тудырады. Сонымен, мысалы, Еңбек туралы заңдар кодексі ескерту, сөгіс, белгілі бір мерзімге төмен жалақылы жұмысқа ауыстыру немесе төменгі лауазымға түсіру, жұмыстан босату сияқты тәртіптік жазалар қарастырылған. Тәртіптік жазаларды кәсіпорын, мекеме, ұйым теріс қылық шыққан күннен бастап бір айдан кеш қалмай және оны жасаған күннен бастап алты айдан кеш қалмай салады. Тәртіптік жазаның мерзімі – бір жыл. Әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық) — заң бойынша бекітілген  қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқару және орналастыру қызметі саласындағы қарым-қатынасқа қастандық жасайтын, қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес құқық бұзушылық. Әкімшілік теріс қылықтар, мысалы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін, мемлекеттік немесе жекеше кәсіпорындарда санитарлық гигиенаны бұзу болып табылады. Әкімшілік делиттер, қоғамдық зияндылық немесе қауіп белгілеріне ие бола отырып, зияндылығының аз дәрежелілігімен қылмыстан айтарлықтай айырмасы болады.Әкімшілік құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік заңмен қарастырылады. Бұл ең алдымен, айыппұл, арнайы құқығынан айыру (мысалы, көлік құралдарын басқару құқығы), түзету жұмыстары (екі айға дейін), әкімшілік тұтқындау (15 тәулікке дейін) және т.б. Жаза құқық бұзушылық жасаған күннен бастап екі айдан кеш қалдырмай қолданылуы керек.Әкімшілік жаза түрлері әкімшілік құқық бұзушылық істерін олар жөнінде істер бойынша өндіріс қарастыратын өкілетті органдар, сондай-ақ, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларды орындау тәртібі әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен анықталған. Азаматтық теріс қылықтар (деликттер) – мүліктік  және сондай-ақ мүліктік емес аймақта жасалатын құқық бұзушылық, ол адам үшін рухани құндылық болып табылады. Азаматтық құқық бұзушылық — ұйымдарға және жеке азаматтарға келісім бойынша міндеттерін орындамаудан, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратудан тұратын мүліктік зиян келтірумен бейнеленеді. Азаматтық құқық бұзушылық, зиянның орнын толтыру, бұзылған құқықты мәжбүрлеп қалпына келтіру немесе орындалмаған міндетін атқару сияқты санкцияларды қолдануға алып келеді. Еңбек құқығын бұзу (еңбек туралы заңды бұзу)– еңбек міндеттерін бұзудан, орындамаудан тұратын және еңбек туралы заңның нормаларында болатын санкциялармен тыйым салынған еңбек құқығы субъектісінің құқыққа қайшы айыпты іс-әрекеті.Іс жүргізудегі құқық бұзушылық азаматтардың немесе мемлекеттік органдардың әділ сот мүдделерін немесе құқық бұзушы құқықтық қатынаста тұрған жақтың іс жүргізу құқығын бұзушылығына байланысты. Бұл объективті түрде, соттың қолдау хатты қанағаттандырудан бас тартуы, бекітілген пішінге сәйкес келмейтін ізденім өтінішін қабылдау сияқты  қорғау шараларын қолдануға және т.б. алып келетін құқықтық әрекет емес. Халықаралық құқық бұзушылық (деликт) – халықаралық құқық нормаларына немесе жеке басының міндеттемелеріне қайшы келетін әрекет немесе басқа субъектіге, халықаралық құқық субъектілерінің тобына немесе барлық халықаралық қауымдастыққа залал келтіретін халықаралық құқық субъектісінің әрекетсіздігі. Халықаралық деликтіге — дипломатиялық өкілдерге қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу жөнінде шаралар қолданбау, сауда міндеттемелерін  бұзу және т.б. жатады. Құқық бұзушылықтың ерекше түрі – құқыққа қайшы жағдай туғызу — өз бетімен орналасу немесе құрылыс орнату, бөгде адамның мүлкін ұстау, заңға қайшы мәміле жасасу, заңсыз акт шығару, азаматтардың құқықтарын немесе оларға жүктелетін заңмен қарастырылмаған міндеттерді бұзу және т.б. болып табылады. Осындай құқық бұзушылықтарды қалпына келтіру санкциялар құқығын қолдануға алып келеді.Құқықтық норманың санкциясы деп, құқық бұзушылық жағдайында қолданылатын және оның қорытынды құқықтық бағасы енетін мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын нормативтік анықтауды атаймыз. Барлық санкциялардың ортақ мақсаты – құқықтық тәртіпті қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу. Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде бұл мақсатқа екі негізгі тәсілдермен қол жеткізіледі: бұзылған құқықтарды қалпына келтіру; жеке тұлғаға әрекет ету және құқық бұзушының оны түзету, қайта тәрбиелеу, осындай құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы құқықтық статусы.Санкциялар — құқықты қалпына келтіру (міндеттерін мәжбүрлеу арқылы орындауға, бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған) және айыппұл салушы, жазалаушы (құқық бұзушының кейбір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттер жүктеу немесе ресми түрде бетіне басуды қарастыратын) болып бөлінеді.Құқық бұзушылықтың ең қауіпті түрі — қылмыс болып саналады.Қылмыстар дегеніміз — қоғамдық қауіпті, қылмыстық заңдармен тыйым салынған, адамгершілік тұрғыдан сотталатын, айыпты деп табылған, жазаланатын, мемлекеттік конституциялық құрылысына, оның саяси және экономикалық жүйесіне, азаматтардың құқықтары мен бостандық меншігінің бекітілген түрлеріне қастандық келтіретін немесе құқықтық тәртіпті бұзатын, сондай-ақ, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін іс-әрекеттер. Қылмыстық әділ соттың мақсаты қоғамды тұтастай қорғау болып табылады. Сондықтан, қылмыстық сотқа жататын  кез келген іс-әрекет қоғамдық қауіпті  деп саналады.Қылмыстың теріс қылықтардан айырмасы — қоғамдық қаупінің жоғарғы дәрежесі және жеке тұлғаға, мемлекетке, қоғамға анағұрлым ауыр зиян келтіреді. Қылмыстар мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негіздеріне, азаматтардың жекеменшігіне, жеке басына және құқығына, қарулы күштер қауіпсіздігіне қастандық жасайды, әрі қылмыстық жаза шараларын қолдануға алып келеді. Қылмыстық жаза қылмыс жасағаны үшін ғана емес, қылмыстық қастандығы, соған дайындалғаны, бірге қатысқаны, ал кейбір құрамдар бойынша – қылмысты жасырғаны және ол туралы хабарламағаны үшін де қолданылады. Тек сот қана, бекітілген іс жүргізу тәртібімен, қылмыс жасағаны бойынша айыпты деп санап, жаза белгілей алады.

Заң жүзіндегі жауапкершілік – субъект құқығын бұзған және жеке, мүліктік немесе ұйымдық  сипаттағы шектеулер мен айыруға ұшыраған кінәліні мемлекеттік айыптау болып табылатын құқықтық норма санкциясымен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.Заң жүзіндегі жауапкершілік заңдылық принципіне, сондай-ақ, гуманизмге, әділдік пен демократизмге негізделген. Бұл нақты түрде келесі: заң жүзіндегі жауапкершілік құқық бұзушылық құрамы болған жағдайда ғана мүмкін болуымен көрінеді. Құқық нормасы бұзылған жағдайда заң жүзіндегі жауапкершілік міндетті түрде тууы керек. Заң жүзіндегі жауапкершіліктің түрі мен шегін бұзылған құқық нормасында мемлекет айқын анықтайды.Заң жүзіндегі жауапкершілік әрқашан қатаң түрде жеке басқа жүктеледі. Заң жүзіндегі жауапкершілікті жүктеу кезінде ерекше іс жүзіндегі тәртіпті сақтау және қолдану қажет.Заң жүзіндегі жауапкершілік құқық бұзушыны жазалау үшін салынады. Қылмыстық ісі үшін сазайын тарту және айыбын өтеу идеясы заң жүзіндегі жауапкершілікті тек шектік әмбебап түрде жүктеу кезінде ғана болады: санкция көлемі (бас бостандығынан айыру немесе айыппұл, болмаса түзету жұмыстары, әйтпесе айып төлеу) қылмыстық істің ауырлығына байланысты.Заң жүзіндегі жауапкершіліктің мақсаты – құқық бұзушыны қайта тәрбиелеу (келешекте құқық бұзушылық жасаудың алдын алу). Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп немесе залалдың орнын толтырып немесе сөгіс алғаннан кейін айыпкер азаматтастарының қатарында қалады да, одан әрі өмір сүріп, жұмыс істеуін жалғастырады.Заң жүзіндегі жауапкершілікті қолдану қоршаған адамдарға, олардың тарапынан құқыққа қайшы іс-әрекеттерді жасаудың алдын алу үшін насихаттаумен жүзеге асырылады. Кері жағдайда, олар сол бір жағымсыз нәтижеге ұрынуда немесе құқық бұзушы өтеген жеке басының игіліктерінен айырылудан басқа амалы болмайды.Заң жүзіндегі жауапкершіліктің негіздемесі –құқық бұзушылық болып табылады. Субъектінің тәртібі құқық бұзушылық белгілеріне жатпаса, онда бұл тұлға заң жүзіндегі жауапкершілікке жатпайды. Заң жүзіндегі жауапкершілік – бұл күрделі әлеуметтік процесс. Ол құқықтық нормалардың белгілеулерін бұзу нәтижесінде туады және құқық бұзушыға мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану түрінде көрінеді. Заң жүзіндегі жауапкершіліктің маңызды белгісі мынада: оны мемлекет анықтайды және оның құзыретті органдары қолданады.Заң жүзіндегі жауапкершіліктің басты мақсаттары құқық тәртіптерін қорғау және азаматтарды құқықты құрметтеу рухында тәрбиелеу деп санауға болады. Заңға және құқыққа құрметпен қарау әрбір адамның жеке наным-сенімі болып қалуы керек. Осы тәрбиелік процесте өз сөзін мектеп, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар және т.б. айтуы керек.

Ғасырлар бойы адамзаттың ең ақылдылары қоғамдағы құқық бұзушылық себептері мен оны жою жолдарына бастарын қатырып келеді. Бүгінгі күні бұл мәселе заң ғылымында бұрынғыдай соншалық күрделі, әрі қарама-қайшылықты болып келеді. Оның өзектілігі — күмәнсіз. Құқық бұзушылық әрқашан болған. Сондықтан француз социологы Эмиль Дюркгейммен келіспеуге болмайды, ол қылмыс кез келген салауатты қоғамның элементі болып табылады деп санады. Осыған орай, бір де бір қоғам қылмысты мүлдем жоя алмайды. Олар болған, бар және әрқашан болады.

Нақ сондықтан құқық бұзушылықпен күресудің жаңа теориялық тұжырымдамаларын үнемі тұжырымдау, жаңа әдістер мен рәсімдерді құрастыру қажет. Қылмыс, басқа әлеуметтік құбылыс ретінде үнемі дамып, жаңа түрге ие болады. Осы санкциялар өз беттерінше емес, құқық қолдану қызметі процесінде жүзеге асырылады. Оны жүзеге асыру барысында құзыретті органдар құқық бұзушылық жөнінде істерді қарастырып, шешім қабылдайды. Ізденімді қолдану, құқық бұзушылық жөніндегі істі қозғау негізі жасалған істе құқық бұзушылық құрамының болуы болып табылады. Сондықтан құқық қолдану қызметін жүзеге асыру құқық бұзушылық ұғымын терең білмейінше мүмкін емес. Қажетті білім құқық бұзушылықты дұрыс біліктілеуге, іс бойынша заңды шешімдер қабылдауға, заңдылықты сақтауды қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектеседі. Құқық бұзушылықтың ең жалпы түрі қоғамға зиян келтіретін және заңға сәйкес жазаланатын қоғамға қарсы әрекет ретінде сипатталуы мүмкін. Құқық бұзушылықтың бәрі түгелдей табиғат пен заттардың күш әрекеттері емес, жануарлардың әрекеті емес, адамдардың іс-әрекеттері болып табылады. Адамның ойлары мен сезімдері құқық бұзушылық болып саналмайды. Құқыққа қарсы жасалатын іс-әрекеттердің алуан түрлі себептеріне, жағдайларына, субъектілері мен сипатына қарамастан олардың бәрінде, құқық бұзушылық сияқты әлеуметтік құбылысқа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ белгілер бар.Құқық бұзушылық – қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру,азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.),әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады. Құқық бұзушылықтар үшін заңмең тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.Әкімшілік-құқықтық қатынастар — бұл мемлекеттік басқару аясында калыптасатын және әкімшілік-құқық нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар.Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу — құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады.

Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына карай өкімшілік-құқықтық қатынастар тік (тетелей) және көлбеу болып белінеді.Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты болса (мысалы, облыстың әкімі мен аудан әкімі), онда олардың арасында тік (төтелей) қатынастар туындайды. Көлбеу құқықтық қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан бір-біріне бағынышты болмайды (мысалы, атқару билігі органы мен азамат). Әкімшілік-кұкықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немесе оның лауазым иесі болып табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық қатынастар осы азаматтар арасында емес, құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында туындайды; әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің бастамасы бойынша туындауы мүмкін және бұл жағдайда екінші тараптың келісімі міндетті шарт болып табылмайды. Олар екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне қарамай-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушы тараптарға олардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен, яғни соған өкілеттік берілген атқарушы билік органдары және олардың лауазым иелері арқылы шешіледі. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару қызметінің барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік режімін орнату және оларды қамтамасыз ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар болмайды. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір жағы міндетті түрде мемлекеттік басқару органы болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Соның өзінде өкімшілік-құкыктьщ нормалар көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. 

Әкімшілік құқығы ұғымы және оның зерттейтін мәселесі. Әкімшілік-құқықтық нормалар және әкімшілік-құқықтық қатынастар.Әкімшілік құқығы ұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз — бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы және қызмет етуі барысында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) шымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады, Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарың, сондай ақ кәсіпорындарың, мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың басқару органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайды. Әкімшілік құқығының нормалары азаматтардың да көптеген құқықтарын: олардың мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін, мемлекеттік қызметшінің құқығы мен міндеттерін және олардың жауапкершілігін айқындайды. Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:атқарушы биліктің жұмысты тиімді жасауына жағдайлар туғызу;атқарушы биліктің демократиялық жолмен оңтайлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;азаматтардың, олардың бірлестіктерінің өз құқықтарын іске асыру үіпін басқару саласында жағдайлар туғызу;азаматтар мен қоғамды мемлекет аппараты қызметкерлерінің әкімшілдік өктемдігінен, қиянаттарынан, салақтығынан қорғауды қамтамасыз ету.Әкімшілік құқық, құқықтық нормалардың күрделі жүйесі — Жалпы және Ерекше бөліктерге жіктеледі.Жалпы бөлігіне — әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын, басқарудың түрлері мен әдістерін, әкімшілік мәжбүрлеуді, заңдылықты қамтамасыз ететін тәсілдерді реттейтін құқықтық нормалар кіреді.

Әкімшілік құқықтың Ерекше бөлігі — мемлекеттік басқарудың нақты салаларындағы (ауыл шаруашылығын, экономиканы, білім мен ғылымды, денсаулық сақтауды, заңдарды және т.б. басқару) қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Әкімшілік құқық нормалары мемлекет органдары басып шығаратын нормативтік актілерде болады. Мемлекеттік органдар нормативтік актілерді басып шығара отырып, құқықтық нормаларға енген мінез-құлық ережелеріне зандық күш береді. Әкімшілік құқықтың көздері мыналар:Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституциялық нормалар атқарушы билік органдарының қалыптасу негіздері мен қызметін, құзыреттерін, олардың мемлекеттік басқа органдармен және өзара қарым-қатынастары негіздерін айқындайды;2001 жылы 30 каңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;Қазақстан Республикасының заңдары;Президент актілері (жарлықтар, заңдық күші бар жарлықтар, өкімдер).

Полицейские задержали нетрезвого водителя, управлявшего без водительских прав

Сотрудники патрульной полиции УП г. Туркестан, во время проведения профилактических мероприятий на закрепленной за ними территории, на одной из улиц областного центра заметили автомобиль марки «Ваз 2107», который проехал на красный свет светофора. Полицейские сразу же остановили автомобиль, водитель которого нарушил правила дорожного движения.

При проверке документов и установления личности водителя выяснилось, что ранее решением Туркестанского городского административного суда мужчина был лишен права управления автомобилем сроком на 7 лет. Также установлено, что несмотря на лишение водительских прав, водитель повторно сел за руль и управлял автомобилем в нетрезвом состояние.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы