ТҮРКІСТАН: ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

712 көрілім

Түркістан қаласының тұрғындарының назарына!

Түркістан қаласының аумағында кәмелетке толмаған жасөсіпірімдердің қатысуымен орын алатын құқықбұзушылықтың, қылмыстың, келеңсіз оқиғалардың алдын алу және беймезгіл уақытта жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында 19-22 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шараcы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында, көшеде жүруін болдырмау. Іс-шараға қала прокуратурасының, Түркістан ҚПБ жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының, Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің, Жастар ресурстық орталығының және адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері қатысты. Жүргізілген рейдтік іс-шара барысында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарда жүрген 10 жасөспірім анықталып, полиция басқармасына жеткізілді.
Олардың ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442-бабымен, ойынхана иелеріне 132-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бұдан бөлек, ювеналды полиция тобы мен адами әлеуетті дамыту бөлімі қызметкерлері Жастар ресурстар орталығы және ата-аналар комитетінің өкілдерімен бірлесе отырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. Іс-шаралар барысында түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған және заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмаған 52 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 жасөспірім есепке алынып, 2 жайсыз отбасы тіркелсе, алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында масаң күйде жүрген кәмелетке толмаған 2 бала ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс мен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында, Түркістан ПД бастығының бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 19-21 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы негізгі мақсат — кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды азайту, балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде болуына жол бермеу болып табылады.

ІІО-да профилактикалық есепке барлығы 35 адам қойылды, оның ішінде құқық бұзушылыққа бейім 18 кәмелетке толмаған жасөспірім және ата-ана міндеттерін тиісті түрде орындамаған 17 қолайсыз отбасы. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 5 жасөспірім орналастырылды. Полицейлер атап өткендей, мұндай іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтың алдын алу тұрғысынан аса қажет. Сондықтан азаматтарды мұқият болуға, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен
қылмыстың алдын-алу басты міндет. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр.Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз.
Жыл сайын жаз маусымы басталып,оқушылар,студенттер демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді.
Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубта отыруға және 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.
Оқушылар демалысқа шығып,мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі.Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып,мектептен бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады. «Ел болам десең,бесігіңді түзе» деп атам қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақыттарында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады. Сондықтан тәртібі нашар, ішкі істер органдарында есепте тұрған оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізуден жалықпау керек сияқты.
Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан жақты сезіну керек» .
Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу, оны бұзу — жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі түсіндіреміз.

Қазіргі таңда өмірге көз – қарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір сүруі де ықпал етеді. Жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көніл бөлуіне де байланысты.
Қоғам кәмілеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататынын да кездестіріп жатамыз. Жасөспірімдермен қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, оқу орындарында тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, эканомикалық жағдай, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуінен т.б. Соңғы жылдары жастар арасында қылмыс жасау көбейді. Көбінесе қылмыстың мына түрлері жиі кездеседі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бұзақылық, алаяқтық.
Жасөспірімдердің қылмыстары арасында қатыгездік пен зорлық – зомбылық әдетті іске айналып бара жатыр. Сонымен қатар жасөспірімдер зорлық- зомбылықты шегінен асырып жасайды. Жасөспірімдер қылмыс жасау барысында келеңсіз жағдай бола қалса адам өлтіру, ауыр дене жарақатын, қарақшылық жасауға дейін барады. Жастар арасындағы қылмыстар ер балалар мен қыз балалардың нашақорлық, таксикомания және алкагольдық әсерімен жасалады. Қазіргі таңда мастықпен жасалатын қылмыстар айтарлықтай жиі кездеседі. Әрбір бесінші қылмыс жасөспірімдердің алкагольдың немесе нашаның әсерімен жасалады. Қазіргі таңда қыз балалардың қылмыс жзасауы жиі кездесіп жатады .
Алдын ала жоспарланып, дайындалып, техникамен жабдықталған қылмыстар көбейіп бара жатыр. Бұл кылмыстарды көп немесе топтасып жасайды. Жастардың тең жартысы топ ішінде қылмыс жасайды. Кәмелетке толмағандардың жасайтың қылмыстардың арасында ерекше орын алатыны бұзакылык. Бұзақылық үшін сотталғандар ішінде аса катығездікпен жасағандар басым көпшілік. Кәмелетке толмаған кылмыскердін мінездемесін занды білмегенмен түсіндіруге болады. Бұл біріншіден жалпы халыктың құқтық сауатсыздығы, екіншіден жасөспірімдердің өздері заңға немқұрайлы қарауы, заңды толық білмеуі, олардың әділеттікке сенбеуін туғызады. Соңғы кезде кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстардың өсіп кетуі экономикалық жағдайлардың нашарлауы және қогамның қысымы деген турақты ой калыптасуда.
Әрине бұның барлығы үлкендер арасындағы қылмыстардың көбеюіне себепші, алайда өмір деңгейінің төмендеуі жасөспірімдерге үлкен әсер етеді, себебі жастар қоғамның осал тұсы болып табылады. Бұл осалдық жастардың ерекшеліктерінде (психикасының қатаймауы, құндылықтар жөніндегі ойдың қалыптаспауы) ал үлкен адамдар оларға қарсы тұра алады. Заңды жолмен өздерінің талаптарын қанағаттандыра алмағандықтан жастар ақша жасау және өздеріне керек заттарды, өз күшіне қарай алуға тырысады, бірақ көбінесе қылмыстық жолмен жасалады. Кәмелетке толмағандар рэкет, заңсыз бизнеспен айналысу да жиі кездеседі. Жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі балалардың бос уақытын ұйымдастыра алмауынан туып отыр. Зерттеулерге жүгінетін болсақ сотталғанға дейін жасөспірімдердің бірнеше қылмыс жасайтыны белгілі.
Қазіргі Қазақстанда жастар өзара өте күшті конкуренцияға түсуде, сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық, мүліктік, саяси көзқарастары бір- біріне қарама – қайшы келеді. Бүгінгі жастар ортасында әлеуметтік топтар арасында қарама қарсылық бар, яғни, бір топ жастар өзін қорғауда біреулерге арқа сүйейді, олардың ішінде билік органдары да бар. Ал екінші топ ондай көмекке ие бола алмайды. Сондықтан олар қыспаққа түседі.
Қорытындылай келе кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар белең алып келеді, онымен күресу үшін мемлекеттік органдармен байланыс орнату керек. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу керек. Жастар арасындағы қылмыс – қоғам ауруы, оны емдеу қажет және алдын алу шараларын қолдану керек. Әрбір отбасында ата – ана өсіп келе жатқан жасөспіріммен жақын сөйлесіп, оны мазалаған ойларын біліп, оның айналасындағы достары туралы хабардар болып, оның проблемаларын шешуге көмектесіуі керек. Осы жағдайларда жасөспірімдермен жасалатын қылмыстардың алдын – алуға болады деген сенімдемін.

Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық псиологиясының ерекшелігін анықтау
Психологияда қылмысқа барған жасөспірімдердің мінез-құлқы ерекше мәнге ие. Соның ішінде біз қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлқын қарастырамыз. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімнің делинквенттілігі – бұл заңның немесе қоғамдық нормалардың бұзылуында жүзеге асырылатын әрекеттердің кең ауқымы үшін нақты емес түсінік болып табылады. Ол әлеуметтану, медициналық психология және заң салаларында жан-жақты қарастырылады.Мәселен заң саласында қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквенттілігі – бұл кәмелет жасқа толмаған адамдардың қылмыстық кодексті бұзатын жүріс-тұрысы ретінде қарастырылады..
Делинквенттіліктің әлеуметтік және психологиялық анықтамалары мәнді шамада бір-бірлеріне сәйкес келуі мүмкін, бұл жерде екеуі де заңның анықтамасымен қиылысады. Әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда, делинквенттіліктің құрамына жол беруге болмайтын жасөспірімдердің әр түрлі, яғни агрессивті жүріс-тұрысы, қыдырулар, кішігірім ұрлық, немесе есірткі қолдану сияқты әрекеттері енеді. Делинквенттіліктің психологиялық анықтамасының құрамына жүріс-тұрыстың бұзылуы мен антиқоғамдық жүріс-тұрыстар кіреді. Жүріс-тұрыстың бұзылуы – бұл әдетке айналған дұрыс емес қылықтармен сипатталынатын жүріс-тұрыстық паттерндердің бүтіндей класын белгілеу үшін қолданылатын диагностикалық ұғым. Әдетке айналған дұрыс емес қылықтарға : ұрлық, өрт қою, үйден кету, мектептен қашулар, төбелестер, жануарлар мен адамдарға мейрімсіз қатынас жасау және әдетке айналған өтірік айту сияқты қасиеттер жатады.
Осы қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық ерекшелігін көптеген ғалымдар зерттеген. Солардың бірі психолог А.Я. Колодная делинквентті мінез-құлық ерекшелігі бар жасөспірімдерді мынадай үш топқа жіктеген болатын, олар:
1. ата-аналары тарапынан бақылау жасалынбағандықтың нәтижесінде жағымсыз микроортаның әсеріне кез болған, психикалық және физикалық дендері сау жасөспірімдер;
2. жүйке жүйесінде ауытқулары бар, оңай қозатын, жағымсыз әсерлерге оңай берілетін және жанұясы мен мектептен тиісті тәрбие алмаған жасөспірімдер;
3. психикалық жүйке ауруларына шалдықпаған, алайда толығымен дендері сау деп есептеле алмайтын, шекаралық күйдегі жасөспірімдер.
Бұл жердегі қылмысқа барған жасөспірімдердің А.Я.Колодная бойынша ұсынылған жіктелуі өте жалпы болып табылады. Оның классификациясы қылмысқа барған жасөспірімдерге медициналық, медико-педагогикалық және тәрбиелеудің күшпен жасалынатын шараларын қолдану мүмкіндігіне бағдарланған (егер жауап беруге қабілеттілік шегіндегі психикалық ауытқулары бар адамдар туралы айтылса ). Бұл жерде құқықтық аспект айқын анықталмаған, және қылмысқа барған жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері ашылмаған.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің тағы бір классификациясын жасаған П.П.Бельский болатын.Ол өз кезегінде қылмыс жасаған жасөспірімдердің – анти қоғамдық жүріс-тұрыс мотивациясын негізге ала отырып жіктеуді ұсынған. Ол қылмысқа барған жасөспірімдерді мынадай топтарға бөлген: қарапайым және төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға белсенді талпынушы жасөспірімдер; ерік-жігердің және сенгіштіктің әлсіздігінен арбауларға оңай берілетін жасөспірімдер; арманшыл жасөспірімдер; истерияның немесе психопатияның әсерінен әрекет етуші жасөспірімдер; моральдық және ақыл-ойлық дефектілері бар жасөспірімдер.

Осы П.П. Бельскийдің тұжырымдамасын ұстана отырып, Г.Г. Бочкарева қылмыс жасаған жасөспірімдердің үш типін бөліп көрсеткен, олар: «өкінетіндер», «конфликтілі еместер», «циниктер».Автордың бұл жіктеуі айыпты адамның жасаған қылмысын бағалауына негізделген және белгілі-бір шамада оның құндылық бағдарын бейнелейді.
Бағыттылықты талдаудың негізінде Г.М. Миньковский қылмыс жасаған жасөспірімдерді төрт топқа бөлген болатын, олар үшін жасағандары: а) кездейсоқ (коллизионды), тұлғаның жалпы бағыттылығына қарама-қайшы болып табылатындар; б) бағыттылықтың тұрақсыздығын ескергенде мүмкін, бірақ қылмыс жасау жағдайы тұрғысынан жағдайлық болып табылатындар; в) тұлғаның жалпы жағымсыз бағдарының нәтижесі болып табылатындар; г) тұлғаның қылмыстық бағдарының нәтижесі (асоциалды бағалаулар мен қатынастар жүйесі) болып табылатындар.
Жасөспірімнің қылмысқа алып баратын жолы әдетте бірнеше өзара байланысты кезеңдерден тұрады, ол тәртіпті қылық – кішігірім қылмыстық әрекет – қылмыс деп бөлінеді. Қылмыс, айтылып өткеніндей, – объективті және субъективті факторлардың күрделі байланысының нәтижесі. Біздің пікіріміз бойынша, олардың мәнін ашу үшін мыналар біршама маңызды болып табылады: анти қоғамдық жүріс-тұрыстардың мотивтерін туғызатын жас өспірімнің әлеуметтенуі және оның тұлғалық қасиеттерінің өзгеруі процесстеріндегі ауытқуларды талдау; қылмыс жасаған жасөспірімнің тұлғасын қалыптастыратын тұлға аралық байланыстар мен қатынастардың құрылымын зерттеу; жиі жағдайларда жасөспірімге шешуші әсер ететін және тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің қирауын, қылмыскер тұлғасының қалыптасу процессін аяқтайтын топтық қылмыстық жүріс-тұрыстың мазмұнын ашу.
Жасөсіпірімнің қылмыстық жолға түсуі ең алдымен тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамымағандығымен немесе деформациясымен байланысты. Қылмысқа барған жасөспірімдердің дамудағы ауытқулары ең алдымен өнегелі сананың деформациясында көрінеді. Қылмысқа барған жасөспірімдер мен заңды ұстанушылардың құқықтық, өнегелік және моральдық тыйым салулары туралы білімдері жуықтап алғанда бірдей болғанымен, қылмысқа барған жасөспірімдерде оларды түсіну тереңдігі көп төмен болып табылатындығын зерттеулер көрсеткен. Олар сонымен қатар өздерінің және қоршаған адамдардың өнегелік, моральдық қасиеттерін мәнді шамада примитивті бағалайды. Құқық бұзушылар әдетте қарастырылып отырған құбылыстардың мазмұнын ашпастан және жиі жағдайларда олардың түпнегіздік мәндерін түсінбестен ненің «жаман», ненің «жақсы» екендіктерін атаумен ғана шектеледі. Тұлғаның жағымсыз қасиеттерін бағалауда да, оларға танымал адамдарды констатациялауда да қылмысқа барған жас- өспірімдерге – әдетте белгілі-бір «үлкендікті» көрсете отырып, біршама реалисттік позицияны ұстану тән. Бұл жерде тікелей әсерінен олардың тұрмыстық саналары қалыптасқан анти қоғамдық жүріс-тұрыстың белгілі-бір тәжірибесі мен микро ортаның жағымсыз әсері білінеді деп болжам жасауға болады. Қылмысқа барған жасөспірімдер өздерінің жеке жүріс-тұрыстарын – «барлығы осылай жасайды», «бұл үшін жазаламайды», «ойланбастан әрекет етіппін», «барлығы жаман» және т.б. деп – біржақты және примитивті бағалап отырады.
Сана бағыттылығының бұрмалануы олардың ұсынылған талаптарды түсінуін қиындататындығы сөзсіз. Өмірдің негативті жақтары, оның ішінде криминалды жоспар қылмысқа барған жасөспірімдердің кейбіреулері үшін жалпы қабылданған моральдық және өнегелі талаптарға қарағанда, біршама таныс және жақын болып келеді. Бұл жерде қоршаған адамдардың жүріс-тұрыстарын жағымсыз бағалау, негізінен, өзінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарының кедейлігімен, жұтаңдығымен сәйкестенеді, бұл балалық шақтан бастап спирттік ішімдіктерді қолдануда, ерте жыныстық өмірде, есірткі қабылдауда және т.б. көрінеді.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің интеллектуалды сұраныстары, әдетте, аса кедей болып келеді. Олар көбінесе бастысы көңіл көтеру сипатындағы қызығушылықтармен алмасады. Бұл жерде осындай қызығушылықтар бірінші орынға шығады. Бұндай жасөспірімдердің қызығушылықтары интеллектуалды және өнегелі примитивизммен ерекшеленеді.
Қылмысты топпен жасау кәмелет жасқа толмаған жасөсіпірімдерге ниеттердің жүзеге асуына сенімділік береді және өздігінен олардың көпшіліктері үшін олар формальды байланыстар мен қатынастар сферасында ала алмаған қауымдастық сезімінің арқасында тартымды болып табылады. Сонымен бірге кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің қылмыстық топқа қатысуы оның қалыпты ұжымнан шеттетілуін күшейтеді. Бұндай позиция ұсталып қалудан және жасалынған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылу мүмкіндігінен қорқудан және шартты түрде күштеп істелінген сипатқа да ие болуы мүмкін. Қалыптасқан қылмыстық топтағы шеңберлік сипаттың болуы жасөспірімнің арнайы ортадағы жеткілікті күрделі жағдайын одан ары тереңдетеді және оның әлеуметтік нашар халін күшейте түседі. Бұл жерде қылмыстық топтан кетудің әдетте басқа қатысушылардың тарапынан мүмкін болатын жазалаудан қорыққандықтан қиын болады, бұл жиі жағдайларда орын алады. Егер жас өспірімде өмірлік жобалар болмаса және ол қайтадан нашар жағдайларда көрінсе, арнайы шаралармен бұзылған жасөспірімнің қылмыстық байланыстары тез арада қайтадан қалпына келуі мүмкін.
Антиқоғамдық бағытты топпен байланыс және осындай топқа кіру ешқашанда кездейсоқ болмайды. Бұл топ сол топтың әрбір мүшесінің тұлғасының алдын-ала болатын нашар өнегелі қалыптасуларымен дайындалынады.
Қазіргі кезде әсіресе қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық іс-әрекетке тарту психологиясы туралы сұраққа баса назар аударған жөн. Соттық практикалық зерттеулер, қылмыс жасаған жасөспірімдер топтық қылмыстардың 25 %-тен астамын үлкендердің қатысуымен, олардың тікелей әсер етуімен жасайтындығын көрсетеді. Кәмелет жасқа толмаған жас өспірімдерді қылмыстық іс-әрекетке тарту бірнеше факторлармен жүзеге асады.Біріншіден, жасөспірімдер өздерінің өзбетінше өмір сүре алатындықтарын дәлелдей отырып, үлкендерге деген табиғи талпынысқа ие болады. Осы үлкендерге тартылу олардың бойындағы құрдастарымен қарым-қатынасқа деген қажеттіліктерін еш күрделендірмейді, керісінше оны толықтырып отырады. Жасөспірім өзінің құпия ойларын бөлісетін және әр түрлі өмірлік қиындықтар туындағанда кеңес алатын ұстазды қажет етеді де осының әсерінен қылмыстық іс-әрекетке тартылады. Екіншіден, жас өспірімдер әдетте үлкендерге еліктеуге бейім болып келеді. И.П. Павловтың пікірінше, «еліктеу рефлексінің (үлкендердің жүріс-тұрыстары мен әрекеттерін механикалық дерлік көшіру) көмегімен біздің барлығымызда да балалық шағымызда күрделі жеке адамуалды және әлеуметтік жүріс-тұрыс ысымызды қалыптастырамыз, дейді».
Жасөспірімдер еліктеу объектісінің тек сыртқы ғана емес, сондай-ақ ішкі де психологиялық қасиеттеріне еліктейді: мінез, ерік, дүниетаным және т.б. Бұл әсіресе кіші жастағы жасөспірімдерде пайда болады.Ал біршама үлкен жастағы жасөспірімде бірінші орынға бірте-бірте таңдалып алынған идеалға сәйкес өзіндік сана-сезімі мен жетілу элементі пайда болады. Алайда идеал ретінде оған тән деп есептелінген қасиеттерге мүлде ие емес адам алынуы мүмкін, яғни идеал жалған болып шығуы мүмкін. Өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігі, айқын қалыптасқан тәртіптік пайымдаулардың жоқтығы жасөспірімдерде түпнегіздік идеалды таңдап алуды сөзсіз қиындатады. Жас өспірімнің тікелей қарым-қатынас сферасындағы жағымды идеал мүлдем жоқ немесе жалған болғандықтан, ол анти қоғамдықпен алмасуы мүмкін.
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің, ол үшін референтті болған қылмыстық топқа жатуы әлеуметтік пайдалы байланыстар мен қатынастардың толығымен ажырауына алып келуі мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы