Әлем елдерінің экономикасына ауыр соққы келтірген індеттің салдары аз болған жоқ. Соның ішінде кәсіпкерлік саласы елеулі шығынға ұшырады. Әрбірден соң кейбір шағын бизнес субъектілері қызметін тоқтатты. Осындай қысылтаяң шақта кәсіпкерлер тығырықтан шығар жол іздеп, бірі заңгер кезіп, бірі сотқа жүгінуге мәжбүр болды. Осындайда кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жауапты салалардың қамқорлығы аса қажет болғаны анық. Осы ретте Түркістан қаласында кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтарға «Керек кеңес» айдары аясында тұрмыс-тіршілікте кездесетін мәселелер жөнінде заң саласы өкілдерінің пікірлеріне сүйене отырып бірқатар құқықтық кеңестерді атап өтпекпіз.
Кәсіпкерлік құқық принциптері деп оның негізгі бастауларын, яғни заңмен тұжырымдалған немесе оның ұйғарымының мағынасынан туындайтын, кәсіпкерлік-құқықтық нормалардың мазмұны мен мәтінін дұрыс түсінуге, оларды бара-бар түсіндіруге, арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге септігін тигізетін, заңдардың олқы тұстарын толықтыруға жәрдемдесетін іргелі идеяларды түсінеді.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік құқық принциптерінің кеңестік кәсіпкерлік құқық принциптерінен түбегейлі айырмашылықтары бар. Сол кезде өмір сүрген қоғамдық қатынастардың сипатын білдіре келе және оларды нығайтуға, қорғауға бағдарлана отырып, кеңестік кезендегі кәсіпкерлік құқық мемлекеттік меншіктің мемлекеттік емес меншіктің барлық түрлері мен нысандарынан басымдығы, кәсіпкерлік-құқықтық шартты жасауда, түсіндіруде жөне орындауда жоғарыдан берілетін жоспарлы тапсырмаға бағынудың міндеттілігі, экономикалық қатынастарда бәсекенің болмайтыны жөне т.с.с. принциптерге сүйеніп құрылған болатын. Бұл принциптердің барлығы экономиканы реттеудің орталықтаңдырылған, әміршіл-әкімшіл жүйесін бейнеледі және осы жүйемен қоса келмеске кетті.
Бүгінде кәсіпкерлік құқықтың мынадай принциптерін атауға болады: кәсіпкерлік-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық мәртебесінің теңдігі; меншікке қол сүғылмайтындығы; кәсіпкерлік-құқықтық шарттың еркіндігі; мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы; кәсіпкерлік-құқықтық қатынастардың субъектшері — кәсіпкерлер мен тұтынушынарды қорғау; несие берушілердің құқықтары мен занды мүдделерін қорғау; — кәсіпкерлік құқықтардың қорғалуы. Барлық кәсіпкерлік-құқықтық нормативтік актілер, ең алдымен — ҚР АК аталған принциптерге сай келеді (сай келуі тиіс). Олардың көшцілігі АК-ның 2-бабында көрсетілген жөне» Кәсіпкерлік зандардың негізгі бастаулары» деп аталады. Бүл принциптердің барлығы өзара тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады және біртұтас заңды жүйе болып табылады. Енді осыларды қарастырып көрейік.
Кәсіпкерлік-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі мынадай жалпы методологиялық алғышартқа байланысты: бір-біріне бағынбайтын субъектілер кәсіпкерлік-құқықтық қатынастардың субъектілері болады, заң оларды кәсіпкерлік құқықтарды иеленуде, жүзеге асыруда, қорғауда тең деп таниды, міндеттері жөнінен және олардың бүзылуы үшін де тең деп біледі. Кәсіпкерлік құқық субъектілерінің ешқайсысы бір-біріне бұйрық бере алмайды, соңдықтан өзара келісім олардың қатынастарының негізін құрайды. Нақтырақ айтқанда, субъектілердің теңдігі мыналарды білдіреді:кәсіпкерлік құқықтық қатынастарға ене отырып, мемлекет немесе оның экімшілік-аумақтық бөліністері өздерінің кәсіпкерлікқұқықтық серіктестерінен’— азаматтан немесе занды тұлғадан ешқандай артық-шылықтарға ие болмайды;кез келген үйьщдық нысаңдағы заңды тұлға кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілері ретіңде жеке тұлғаларға теңестіріледі;шетелдік азаматтар және шетелдік занды тұлғалар Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғалары секілді, кәсіпкерлік құқықтар мен міндеггерді иеленеді.
Кәсіпкерлік қызмет – бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі.
Кәісіпкерлік қызмет – кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет.
Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек:кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі;меншіктің болуы;тәуекел сипаты;пайда (табыс) алуға деген мүдделілік. Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы. Олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы.
Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады.
ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, кез келген адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқылы. ҚР Азаматтық кодексі айқын бекіткендей, меншік құқымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады. (33-баптың 1-тармағы), сондықтан оқшау мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға тиісінше кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп танылмауына себеп болады.
Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелді сипаты нарықтық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігіне контрагенттің келісім-шарт міндеттерін орындамауы немесе 2 қанағаттанарлықсыз дәрежеде орындауы сияқты, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлікті құрту немесе бүлдіру, кәсіпкерлік қызметтен мүмкіндігінше пайда, табыс ала алмау да жатады. Сол себепті кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде жүзеге асыру бойынша барлық жауапкершілік кәсіпкерге жүктеледі. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгісі пайда, табыс табу, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Пайда ақша қаражаттары түрінде де, басқадай материалдық және материалдық емес құндылықтар түрінде де болуы мүмкін. Бұл салынған, капитал пайыздары, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан түскен үлес немесе тұтас пайда болуы да мүмкін. Табыс табу кез келген түрдегі еңбекке қатысуға, оның ішінде өз капиталын да қатыстыруға байланысты болады. Айтарлықтай маңызға ие (бірақ қолданыстағы заңдарда бекітілмеген) тағы бір белгісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жүйелілігін айтуға болады. Кәсіпкерлік қызметтің жүйелілігі аталған қызмет бір жолғы сипатта емес және ұзақ мерзім немесе тіпті шектеусіз уақыт ішінде іске асырыла алады дегенді білдіреді.
КӘСІПКЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
557 көрілім
