Түркістан қаласында құқықтық саясаттың іске асырылу  барысында жиын өтті

365 көрілім

Түркістан қаласында құқықтық саясаттың іске асырылу  барысында Tүркістан қаласы прокурорының орынбасары Е.Кадировтың төрағалық етуімен полиция қызметкерлері және екінші деңгейлі банктер өкілдерінің қатысуында интернет-алаяқтық қылмыстардың алдын алу мәселесі бойынша шұғыл жиналыс өтті. Соңғы кезде елімізде интернет арқылы жасалатын қылмыстар жыл санап ұлғайып келеді және мұндай қылмыстарды ашу оңайға соқпайды. Сондықтан олардың алдын алуға баса назар аудару қажет. 2022 жылдың 6 айында Түркістан қаласында жалпы 181 алаяқтық қылмыс орын алса, оның 42-сі интернеттің көмегімен жасалған. Жиналыста Түркістан қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімінің бастығы М.Сейділдаев пен криминалдық полиция бөлімі бастығы Т.Бижанов алаяқтық қылмыстарға қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді. Жиын барысында алаяқтық қылмыстарды анықтау, ашу, тергеу және алдын алу бойынша проблемалық мәселелер талқыланды, екінші деңгейлі банктер өкілдері прокуратура мен полиция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, өздерінің ұсыныстарын жеткізіп, пікір алмасты. Бірқатар маңызды проблемаларды заңнама деңгейінде шешілуге жататындықтан жоғары тұрған органдарға тиісті ұсыныстар жіберу қажеттігі атап өтілді.
Tүркістан қаласының прокуротурасы қала тұрғындары мен қала қонақтарын интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады.

Қазіргі күні алаяқтық қылмыстардың көбі интернет арқылы жасалуда. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде 8 алаяқтық қылмысы тіркелген, оның 6-ы интернет алаяқты. Интернет алаятықтың 2-і «WhatsApp» және ««Instagram»» ақпараттық жүйелерін пайдаланумен орын алса, 4-і жалған интернет несиелер алу арқылы жасалған. Ғылыми тілде мұны «Ақпараттық жүйені пайдаланып жасалатын алаяқтық» деп атайды. Бүгінде халықтың көбі, әсіресе оң-солын танып үлгермеген жастар интернетке жіпсіз байланғанын ескерсек, алаяқтардың да сол ауылды торуылдайтыны түсінікті жағдай. Алаяқтық дегеніміз – бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап келе жатқан қылмыстардың түрі. Ол қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Соған орай, алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. Интернет-алаяқтық деп – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді әрекеттерге барады.

Ғаламторды торуылдайтын алаяқтар дәстүрлі алдау қағидаларын ұстанғанымен, олардың ерекше сипаттары да бар. Мәселен, олар интернетті пайдаланатындықтан, халықаралық деңгейде таралуымен ерекшеленеді. Яғни, бір елде отырып, екінші елдегі адамдарды алдап-арбай беретін шекара талғамау сипаты бар. Екіншіден, интернет-алаяқтар жасырын болып келеді. Яғни, олар жалған жеке және заңды тұлғалардың атынан жиі әрекет етеді. Елімізде көп кездесіп жүрген алаяқтық түрлеріне: интернет-дүкенмен байланысты алаяқтықтар, фишинг, интернет арқылы қайыр сұрау, телефон-алаяқтық, SMS-алаяқтық және интернет-банкинг арқылы жасалатын қылмыстар. Қазіргі таңда адамдардың көпшілігі кез келген затты сату немесе алу үшін арнайы сайттарды пайдаланады. Өткен жылдың қараша айынан бастап Халық банкінің банкоматтарында «Қолма-қол ақшаны картасыз алу» жаңа қызметі қолжетімді болды. Енді төлем картасынан қолма-қол ақшаны алу үшін мобильді телефонның болғаны жеткілікті, мұнда да оған банкоматтан ақша алу үшін банктен код жіберіледі. Бұл қызмет түрі дұрыс қолданған тұтынушылар үшін өте тиімді. Алайда, осы қызмет түрі бойынша да екі-үш айдың ішінде қаншама адамдар алаяқтарға алданды. Интернет алаяқтықтың тағы бір түрі Фишинг алаяқтық бұл – интернет пайдаланушының жеке мәліметтерін (логин мен пароль) жасырын алу болып табылады. Қаскүнемдер алдымен танымал брендтердің немесе банктердің атынан жаппай электронды хаттар таратады. Негізі, айта кететін нәрсе, электрондық адресіңізге өзіңізге қатысты емес, сіз білмейтін мекенжайлардан келген хаттарды ашпаған жөн, ашқан күннің өзінде ол жерде көрсетілген сілтемелерге кірудің қажеті жоқ. Ондайларды мүмкіндігінше сол келген бойында жойып отыру керек. SMS алаяқтық дегеніміз- бұл да соңғы уақытта көп болып жүрген алаяқтық қылмысқа жатады. Мәселен, сізге телефон немесе теледидар секілді бағалы заттар сататын белгілі компаниялардың немесе туристік фирмалардың атынан хабарлама келеді не телефон шалады да: «Сіз бағалы сыйлық ұттыңыз», «Шетелге жолдамаға ілігейін деп тұрсыз» деп қызықтырады. Сондықтан, әлеуметтік желілерде таныс емес адамдармен араласуда аса сақ болған жөн. Қазір фэйктік парақшалар өте көп. Ол жерде алаяқтықтардың да сан түрі пайда болуда. Ақпараттық жүйелерді пайдаланып алаяқтық жасайтындарға алданып қалмау үшін біріншіден, сол тауар алатын сайт қандай сайт, жалған емес пе, соны анықтауға тырысуымыз керек. Оның мекенжайы, телефондары бар ма, соған қараймыз. Егер болып жатса, оған хабарласып, сатушысымен сөйлесуіміз қажет. Осы сайтта бұл тауарды бұрын алған адамдардың пікірлері бар ма, олар не дейді, осыған да назар аударған артық болмайды. Осындай жан-жақты ақпараттарды анықтап алғаннан кейін ғана ақшаны төлеуімізге болады. Ал, жалған интернет-дүкендерге алданып қалып жатқандардың көбі «дүкеннің» егжей-тегжейін қарап тексеріп жатпай-ақ, сайтта көрсетілген шотқа ақшаны жібере салады. Әрбір интернетке қосылған компьютерде, планшетте вирусқа қарсы бағдарламалар міндетті түрде болғаны дұрыс. Өйткені, ол сізге қажетсіз, күмәнді, сіздің бағдарламаларыңызға тікелей зиян келтіретін бөтен файлдарды тез анықтап, бәрін өзі-ақ жойып отырады немесе сізден сұрап отырады. Одан кейін банктер болсын, құқық қорғау орындары болсын, еш уақытта сізге телефонмен хабарласып немесе мессенджермен жазып, логин, пароль секілді құпия мәліметтерді сұрамайды. Тіптен, қажет болған жағдайда, банк қызметкері сізге хабарласып, бар мәселені нақтылау үшін «біздің кез келген бөлімшемізге келіп кетіңіз» деп өтінуі мүмкін. Өйткені, телефон арқылы ондай мәселелер шешілмейді. Осыны ұмытпаған жөн.

Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында алаяқтыққа, соның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтығына қатысты құқық қорғау органдарына кешенді әрі нақты шараларды әзірлеуді тапсырған. Өйткені Қазақстанда қазір интернет алаяқтығына тыйым болмай тұр. Технологияның тілін мықты меңгерген әккілердің құрығы ұзарып, алдап-арбау әдіс-тәсілдері күн санап мың құбылуда. Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында алаяқтыққа, соның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтығына қатысты құқық қорғау органдарына кешенді әрі нақты шараларды әзірлеуді тапсырған. Өйткені Қазақстанда қазір интернет алаяқтығына тыйым болмай тұр. Технологияның тілін мықты меңгерген әккілердің құрығы ұзарып, алдап-арбау әдіс-тәсілдері күн санап мың құбылуда.

«Жау жағадан алғанда бөрі етектен алады» демекші, Бас проку-ратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне қарағанда, коронавирус пандемиясы алқымнан алып тұрған 2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларын құру бойынша 181 қылмыстық іс қозғалған екен. Қатерлі індеттің қыспағында қалып, тұрмысы төмендеп кеткен мыңдаған адамның қолындағы аз-мұз пұлын еселеп көбейтіп береміз деп алдап-арбап, қалталарына басып кеткен алаяқтардың зары өтіп-ақ тұрды. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында: «Алаяқтықтың көбеюіне байланысты азаматтардың наразылық білдіруі орынды. Бас прокуратура алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шаралар әзірлейді» деген болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құқық қорғау органдары қолданған шаралардың нәтижесі болар, өткен жылы қаржы пирамидаларын құру бойынша тіркелген қылмыстық істер саны 160-қа дейін, яғни 11,6 пайызға азайыпты. Әрине, мұның өзі де көңіл көншітерліктей көрсеткіш емес. Алаяқтықтың осындай түрінен, әсіресе, Шымкент қаласы «оқ бойы оза шауып», өзге өңірлерге шаң қаптырып тұр. Үшінші мегаполисте алдыңғы жылы 61 қаржы пирамидасы тіркелген болса, былтыр олардың саны екеуге ғана, яғни 59-ға дейін ғана кеміпті. Одан кейінгі орында – Ақтөбе облысы. Бұл өңірде 2020 жылы 16 қаржы пирамидасы құрылған болса, өткен жылы олардың саны 43,8 пайызға ұлғайып, 23-ке жетіпті. Үшінші орындағы Алматы қаласында тіркелген қаржы пирамидаларының саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 28,6 пайызға, немесе 14-тен 18-ге дейін көбейген. Мұндай алаяқтық Қарағанды (7-ден 12-ге дейін) мен Ақмола (2-ден 7-ге дейін) облыстарында да көбейіп кеткен. Ал астанада алдыңғы жылы – 11, былтыр 8 қаржы пирамидасы құрылған.
Өткен ғасырда адамзат тарихындағы ең ірі қаржы пирамидаларының бірін құрып, 3 миллион адамға зардап шектірген америкалық Бернард Медофф 150 жылға бас бостандығынан айырылған болса, алаяқтығы одан да асып түсіп, 15 миллион адамды зар еңіреткен ресейлік Сергей Мавроди темір тордың арғы жағында небәрі 4,5 жыл ғана отырған екен. Біздің алаяқтар да заңы жұмсақ Қазақстанда АҚШ-тағыдай аса қатал жазаға тартылмайтындығын біліп, тайраңдай басып жүрген сияқты. Себебі осыған дейін Қылмыстық кодекстің 217-бабына сәйкес қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны және оған немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық еткені үшін қылмыскердің мүлкі тәркіленіп, 3 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза кесіліп келді. Ал қылмыстық топ жасаған, сондай-ақ аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған және мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған қаржы пирамидасы үшін қылмыскерлердің мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған-ды. Іс жүзінде «Қазақстандық Мавродилердің» көбі әрі салғанда 5-6 жылға ғана бас бостандығынан айырылып келді. Мәселен, жуырда Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты 1,5 жыл бойы алаяқтықпен айналысқан «Астана Раушан кассасы айналымы» қаржы пирамидасы басшыларының әрқайсысына 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағаны мәлім.
Бұған қоса, қоғамда қаржы пирамидасын жарнамалайтын адамдарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылмағаны сынға алынып келді. Қаржы пирамидаларының жарнамасы үшін жауапкершілік тек Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 150-бабында көзделген болатын. Онда қаржы пирамидасы қызметiнiң жарнамасын шығару, тарату және орналастыру 3 айға дейiнгi мерзiмге бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – 150, лауазымды адамдарға – 170, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 300, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеліп соғады деп көрсетілген. Осы бап бойынша кейінгі 3 жылда небәрі 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жеңіл жаза қаржы пирамидалары жарнамаларының жолын кесе алмаған. Сол себепті осындай алаяқтықты халыққа танымал адамдар, соның ішінде өнер адамдары насихаттаған деректер көбейіп кеткен. Мұның өзі қаржылық және құқықтық сауаты төмен адамдардың алаяқтарға көптеп алдануына әкеліп соқтырған.

Зардап шегушілердің қайсыбірін тіпті өзін-өзі өртеп жіберуге дейін жеткізген осы келеңсіз құбылыспен күресті күшейту мақсатында Парламенттің бір топ депутаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуге бастамашылық жасаған болатын. Бұл маңызды құжат Мәжіліс пен Сенатта талқыланғаннан кейін оған Мемлекет басшысы биылғы 12 шілдеде қол қойды. Аталған заң арқылы Қылмыстық кодекстің 217-бабында қаржы пирамидасын құрушыларға көзделген жазалар біршама қатайтылып, оны жарнамалаушыларға да жауаптылық белгіленді. Нақты айтсақ, қаржы пирамидасын құру, яғни жеке және заңды тұлғалардың салған ақшасын қайта бөлу арқылы бір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту жөніндегі қызметті ұйымдастырғаны, сол сияқты қаржы пирамидасына немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық еткені үшін қылмыскерлердің мүлкі тəркіленіп, 1000-нан 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал қылмыстық топ жасаған, сондай-ақ аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып жасалған, не ауыр зардаптарға алып келген және мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам, не оған теңестiрiлген адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған қаржы пирамидасы үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекске мынадай жаңа 217-1-бап енгізілді: «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы жарнамалау, яғни айтарлықтай залал келтіре отырып, ақпаратты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электронды ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, адамдарды оған тартуға алып келген жеке жəне тікелей тарату – мүлкі тəркіленіп, 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген: 1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 2) бірнеше рет жасалған; 3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-əрекет – мүлкі тəркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады». Осылайша, қатайтылған заң, біздің ойымызша, қаржы пирамидаларын құрушылармен күресті, әсіресе, қаржы пирамидасын жарнамалаумен күресті күшейте түсуге мүмкіндік туғызады. Тек қаржы пирамидаларын құрған қылмыстық топ мүшелеріне қолданылатын жазаның жоғарғы шегі 12 жылға дейін ұлғайтылғанымен, төменгі шегі бұрынғыша 5 жыл болып қалдырылғаны көңілімізге қоныңқырамайды. Осы заңның жобасын жасаған Парламент депутаттары біздің кейбір судьяларымыз қаржы пирамидасын құрған алаяқтарды көргенде аса ізгілігі мен аяушылығы ұстап кетіп, оларға жазаның төменгі шегін бергісі келіп тұратынын ескермеген секілді. Әлбетте, бұл пікіріміздің дұрыс-бұрыстығын алдағы өмір көрсете жатар.

Қазақстанда күні бүгінге дейін құқықтық реформалар жасалынып келді. Қазіргі уақытта бұл жемісін де беріп жатыр. Нәтижесі де жоқ емес, бар. Ең бастысы, Қазақстан қоғамы құқықтық сауаттылық тек қана адамның өзіне байланысты екенін түсініп келеді. Әрине, мемлекет адамның құқы, өмір сүру бостандығына қатысты қажетті барлық заң тетіктерін жасайды. Кепілдігін береді. Мемлекет және құқық теориясында құқық жүйесі және құқықтық жүйе деген екі бір­ бірімен тығыз байланыстағы санат қалыптасқан. Құқық жүйесі деп белгілі бір мемлекет аумағында қалыптасқан құқық нормаларының өз реттеу пәніне қарай институттарға, салаларға біріктірілу арқылы жүйеленуін түсінеміз. М.М.Рассолов құқық жүйесінің келесідей бөліктерін атап көрсетеді: құқық нормасы, құқық саласы, құқық подотрасль, құқық институты, құқықтың субинституты.Әр мемлекеттің құқық жүйесі сол мемлекеттің жүргізіп отырған саясатының көрсеткіші бола алады, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын сипаттайды. «Система права формируется не только как нормативная основа деятельности организаций, трудовых коллективов, личности, различных форм демократии, но и становится интегративным инструментом. Суть интегративного начала, заложенного в системе права, проявляется в объединении всех норм права в единое целое с целью сплочения людей на основе принципов справедливости и законности, сохранения и упрочения позитивных общественных отношений, стабилизации складывающихся взаимосвязей внутри конкретных общностей» Кез­келген құқық жүйесі белгілі бір құқықтық жүйенің құрамына кіреді және сол құқықтық жүйе ерекшеліктеріне қойылатын талаптарға сай келеді. Құқық жүйесі мен құқықтық жүйе бір­бірінің дамуына ықпал етеді, өзара сыбайласа дамиды. Құқықтық жүйе тек құқық жүйесін ғана емес сол құқық жүйесімен байланысты пайда болатын құбылыстардың басын біріктіретін ұғым. «Құқықтық жүйе дегеніміз ­ әр мемлекеттерде қалыптасқан құқықтық реттеу және құқықты қолдануда өзіндік сипат пен ерекшеліктерге ие болған нормалардың, құндылықтардың, көзқарастардың, ерекшеліктердің жиынтығы».Бұл екі санат бір­бірін толықтырып отырады, бірақ, құқық жүйесі мемлекетте орын алған құқықтық реформалар негізінде кейде бірнеше құқықтық жүйенің элементтерін бойына сіңіруі мүмкін. Бұған мысал ретінде қазақстанның құқық жүйесін келтіре аламыз, бүгінгі күні еліміздің құқық жүйесі романо­германдық құқықтық жүйеге кіреді, тіпті, кеңестер кезеңінде де социалистік құқықтың өзі сол патшалық Ресей аумағында қалыптасқан романо­германдық құқықтық жүйенің негізінде жасалған болатын. Сол себептен социалистік және романо­германдық құқықтық жүйелерде сырттай ұқсастықтар сақталып қалды, екі құқықтық жүйеде де құқық нормасы ортақ жүріс­тұрыс ережесі ретінде танылды, социалистік құқықтық жүйеде ескі заң терминдері мен құқықтың салаларға бөлінісі де сақталып қалды. Әйтсе де, социалистік құқықтық жүйенің өзгешеліктері басым болғандықтан ол өзінше дербес құқықтық жүйеге айнала алды. Социалистік құқықтық жүйені қалыптастыруда екі тәсіл қолданылды, біріншіден, жаңа құқықтық қайнар­көздер жасалынды; екіншіден, ескі құқықтық қайнар көздерді оларға жаңа әлеуметтік мән мен маңыз беріп пайдаланды.Соиалистік құқықтық семьясы бұрынғы «социлистік лагерь деп көпке дейін аталып келген елдердің құқықтық жүйелерінен құрылған. Олардың өзіндік ерекшеліктері болған, ол таптық сипаттығымен байланысты болып келді. Социалистік құқықта жалғыз, әрі ең негізгі қайнар көзі нормативтік­құқықтық актілер болып есептелінді. Бұлар ең алдымен еңбекшілердің, артынан партияның басшылығымен халықтың мүддесі мен еркін көздейді деп көп жылдар бойы уағыздап келді. Тіпті нормативтік құқықтық актілердің өздері де «социализмнің» тұғырынан шыға алмай партиялық­мемлекеттік органдардың мүддесіне сай қабылданған құжат.Тәуелсіздік алған соң еліміз нарықтық экономикаға көшкендіктен социалистік құқықтық жүйеден романо германдық құқықтық жүйеге өтуде ешқандай қиындық болған жоқ. Нарықтық экономикаға көшу нәтижесінде еліміздің құқық жүйесін қалыптастыруда романо­германдық құқықтық жүйедегі мемлекеттердің нақты қоғамдық қатынастарды реттеудегі тәжірибесі кеңінен қолданылып, жаңа сипаттағы заңнама қалыптастырылды. Бірақ, жеке мемлекет болғандықтан, жаңа құқық жүйесін қалыптастыру жайлы тың идеялар да қоғамда орын алып отырды. Еліміз тәуелсіздік алған уақытта жаңа құқық жүйесін қалыптастыру мәселесі өткір болған тұстарда ұлттық бағыттағы заңгерлер құқық жүйесіне қзақтың әдеттік құқығының элементтерін кіріктіру мәселесін көтерген болатын.Еліміздің ұлттық құқықтық жүйесі роман­германдық құқықтық жүйесіне кіретін болса да онда өзіндік өзгешеліктер де бар. Соның бір көрінісі ретінде азаматтық кодекстің 3 бабының 4 тармағын келтіруге болады. Бұл бапқа сәйкес, азаматтық қатынастар, егер әдеттегі құқықтар, соның ішінде іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелінуі мүмкін. Азаматтық кодекске берілген түсіндірмеде осы бапқа келесідей түініктеме беріледі: «Под обычаями, понимаются правила поведения, сложившиеся в данной местности или в данной этнической (социальной) группе населения по поводу имущественных или личных отношений, охватываемых в общей форме гражданско­правовым регулированием. Обычаи делового оборота – это правила, сложившиеся при осуществлении предпринимательской деятельности. Статья 3 гражданского кодекса допускает применение обычаев (обычаев делового оборота) при условии, что они не противоречат законодательству либо договору. Таким образом, обычаи подчинены законодательству и носят диспозитивный характер». Бұл мысал арқылы ұлттық құқықтық жүйенің жалпы құқықтық отбасынан нақты мәселелерде өзгешелене алатынына көз жеткізе аламыз. Соңғы жылдары ғалымдар құқықтық жүйелерді жіктеуде өз ұлтының немесе туысқан халықтардың ертеден қалыптасқан құқығының ерекшеліктерін басшылыққа алып құқықтық жүйелерді бөліп қарастырады. Мысалы, С.Өзбекұлы дүниежүзілік құқықтық жүйені беске бөліп қарастырады: мұсылмандық құқықтық жүйе (діни), роман­германдық құқықтық жүйе, англо­саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлік құқықтық жүйе, көшпелі өркениетінің құқықтық жүйесі. Жоғарыда аталған құқықтық саясат тұжырымдамасының қылмыстық құқыққы қатысты бөлігінде келесі мәселе көтеріледі: «Важнейшим направлением развития уголовного права является определение возможностей поэтапного сокращения сферы применения уголовной репрессии путем расширения условий освбождения от уголовного наказания, прежде всего по отношению к лицам, не представляющим большой общественной опасности.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы