Түркістан қаласының тұрғынының құқығын қорғау мақсатында қылмыстық іс сотқа жіберілді

432 көрілім

Түркістан қаласының прокуратурасы адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген айыппен қала тұрғыны 1986ж.т. Е.Абишевке қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ол а.ж. қаңтар айында Отырар мөлтек ауданындағы бір пәтерде түнгі уақытта бірге карта ойнап отырған таныстарының бірімен жанжалдасып төбелесу барысында пышақпен жәбірленушінің оң жақ қабырға тұсынан соққы жасап, денсаулығына ауыр зиян келтіргені анықталды.
Тергеу нәтижесімен қалалық полиция басқармасы күдіктінің жоғарыда аталған қылмысты жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен оның іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен саралаған (үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген).
Бұған дейін күдікті 2021 жылы Түркістан қалалық сотының үкімімен жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар қаруды заңсыз алып жүріп сақтағаны және осындай қару қолданып бұзақылық жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 287-бабының 2-бөлігі және 293-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл шектеу жазасына сотты болғанын атап өткен жөн.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағын сурыптау үлкен қиындықты туғызады. Бұл күрделілік денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің табиғатында жатыр. денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді дұрыс саралау жəбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның мөлшеріне қарағанда субъективтік жағына көбірек байланысты. Сот-тергеу тəжіребесі денсаулыққа касақана ауыр зиян келтіруді саралау кезінде көп қателіктер субъективтік жағын ұрыс анықтамау себебінен жіберілетіндігін көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сəйкес басқа тулғалардың денсаулығына ауыр зиян келтірген тұлғаның тарапынан кінə болмаса, зиян қандай ауыр болса да қылмыстық жауаптылық болуы мүмкін емес. Қазақстан қылмыстық құқығына өзге де дамыған мемлекеттердің қылмыстық құқығына сияқты объективті айыптау тəн емес, яғни кінəсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.мДенсаулыққа қасақана ауыр зиянды тікелей ниетпен келтірудің кейбір жағдайларында кінəлінің ниеті көбінесе анықталған болып келеді. Бұл жағдайларда субъект денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіре отырып, үшінші тұлғалардың денсаулығына ауыр зиян келтіріп отырғанын ұғынып қана қоймай, сонымен бірге келтірілген зиянның мөлшерінде ұғынады, яғни өз іс-əрекеттерінің нəтижесінде денсаулыққа ауыр зиян келтірілетінін ұғынады жəне соның келтірілуін тілейді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің көптеген жағдайларында кінəлі ниетінің мазмұны жəбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянға қатысты анықталмаған болып келеді. Тұлға өз іс-əрекеттерімен жəбірленушінің денсаулығына жалпы зиян келтіретінін уғынады, бірақ денсаулыққа зиян келтірудің табиғатында жатқан объективті мəн-жайларға байланысты жəбірленушінің денсаулығына өз іс-əрекеттерімен келтірілетін зиянның мөлшерін ойша анықтай алмайды жəне жəбірленушінің денсаулығына кез-келген ауырлықтағы зиянның келтірілуін тілейді.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағына денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің себебі мен мақсаты да , жатады. Қылмыстың себебі деп тұлға қылмыс жасау кезінде басшылыққа алған саналы ниетін түсінген жөн. Денсаулыққа қасақана  ауыр зиян келтіру кезінде кінəлі əртүрлі себептерді басшылыққа алуы мүмкін (кек алу, қызғанушылық жəне т.б.). Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі денсаулыққа  қасақана  ауыр  зиян  келтіруді  оны  келтіру кезінде кез келген себептердің бар болуына байланысты жеке құрамдарға бөлмейді, сондықтан себеп денсаулыққа келтірілген ауыр зиянды саралауға әсер етпейді. Кез келген себептің  бар-жоғы денсаулыққа қасақана – ауыр зиян келтіруді саралауға əсер етпесе де, бұл мəн-жай жасалған қылмыс құрамы шегінде қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мəн-жай болып табылады жəне сотпен жазалау шарасын анықтау кезінде ескеріледі.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің кейбір себептерін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің сараланған құрамдарына жатқызады. Əлеуметтік, ұлттық, нəсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысы себебінен адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру ҚР ҚК103-бабы 2-бөлігінің «з» тармағымен сараланады. Мұндай себептермен адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргенде кінəлі белгілі ұлтқа, нəсілге, қандай да бір дінге немесе конфессияға жатқандықтан жəбірленушінің толыққанды адам еместігін көрсеткісі келеді. Екінші жағынан өз ұлтының, нəсілінің немесе діни кофессиясының ерекшелігін көрсетеді. Қылмыскер жəбірленушінің денсаулығына оның басқа ұлтқа, нəсілге жатқандығы немесе өзге дінді ұстағаны үшін ауыр зиян келтіреді. Адам құқықтарын қорғау механизмі – бұл адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсатында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесі. Жалпы адам құқықтарын қорғау механизимінің мақсаты болып, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз  ету  табылады.   Құқықтық   реттеу механизмі заңдық құралдардың жүйесі, олардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық əсер ету жүзеге асырылады, құқық субъектілерінің мүдделері қанағаттандырылады. Құқықтық реттеу механизмі элементтерінің құрамына құқықтық норма, құқықтық қатынастар, жеке құқықтық актілер, құқықтық тəртіп пен құқықтық сана кіреді. Мемлекетте   демократияның    басты негізі адамның, жеке тұлғаның құқықтық жағдайы болып табылады. Сондықтан  да, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау механизміне нормативті құқықтық   актілер   жатады. Барлық  қазіргі заманға сай конституциялар, оның ішінде Қазақстан Республикасының   Конституциясы да бұл мəселеге ерекше назар аударады. Көпшілігінде адам мен  азамат  құқықтары мен бостандықтары алғашқы бөлімдерде келтірілген, бұл мемлекеттің жеке тұлғаның құқықтық жағдайына қаншалықты қарымқатынаста болатындығын көрсетеді. Көпшілік мемлекеттер Конституциясымен қатар оның құрамдас бөлігі ретінде негізгі құқықтар мен бостандықтарды жеке құжаттарда көрсету орын алады. Бұған, атап айтқанда 1789 жылғы француздың «Адам мен азамат құқығы Декларациясын», 1982 жылғы канадалық «Құқық пен бостандық хартиясын», 1992 жылғы «Негізгі құқықтар мен бостандықтар  Хартиясын» жатқызуға болады. Бұл қадам басқа да конституциялық жағдайлардан жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бөліп алып қарастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында адам құқығын қорғау мәселесін саяси жаңғырумен қатар қояды. Ал күні кеше өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында Президент бұл жүйені одан әрі нығайту жөнінде айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Еліміздің құқық қорғау мәселелерін ілгерілетудегі жоғары нәтижелілігін ерекше атап өткен Мемлекет басшысы кеңесте сөйлеген сөзінде: «Мен адам құқықтарын қорғау бағытына ерекше назар аударамын, өйткені оның жай-күйі, сайып келгенде, біздің қоғамның даму деңгейіне әсер етеді», деп атап өтті.

Біз құқықтық және әділ мемлекет құру жолымен кезең-кезеңімен ілгерілеп келеміз. Мұны ел Президенті «Мемлекетіміздің стратегиялық бағ­дарының басым міндетінің бірі – сая­си жаңғыруды біртіндеп жүзеге асыру» деп түсіндіреді. Ал бұл міндет соңғы үш жылда адам құқығын қорғау саласына едәуір өзгерістер енгізіп, осы бағыттағы жұмыстарды біршама ілгерілете түскені анық. Солардың ішіндегі елеулісі – Үкімет бекіткен Адам құқығын қорғау жөніндегі кешенді жоспар.

Рас, Президент әу бастан адам құқығын қорғау саласын қашанда жеке-дара бөліп қарап, бұл мәселе бірінші кезектегі мәселе­ге айналды. Жоғарыда біз атап өткен жос­пар да саяси жаңғырудың маңызды бір кезеңі болып саналады. Жалпы, елімізде адам құқықтарын қорғау мәселесі егемендік ал­ған алғашқы жылдан ерекше назарда тұр. Осыдан 26 жыл бұрын қабылданған Ата Заңымызда да еліміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, ең қымбат қа­зы­насын – адам жəне адамның өмірі, құқық­тары мен бостандықтары деп бекітті.

Ел дамуының ең маңызды құжатына айналған Конституцияның алғашқы екі бө­лімі халықаралық құқықтық шарттарға сай адам құқықтарын қорғауға негізделген. Жал­пы әлеуметтік жəне экономикалық, аза­мат­тық пен саяси құқықтың барлығын бір жерге біріктірсек те, нормалардың ішін­де адам құқының қорғалуы басымырақ түседі.

Отыз жылдан бері қастерлеп келе жатқан тәуелсіздігіміздің басты ұстанымының бірі де осы – адам құқықтарының сақталуы. Шындап келгенде, бұл біздің ең жанды жеріміз. Өйткені «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» болса, басты заңға сәйкес «Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс».

Ең алдымен айтатынымыз – еліміз тə­уел­­сіздіктің алғашқы жылдарынан бас­­тап-ақ əлемдік деңгейдегі құқықтық қа­лып­­тың барлығын, соның ішінде адам мен аза­маттардың құқықтары мен мүд­де­леріне ерекше мән берді. Ата Заңның алғаш­қы бабында да «Мемлекеттің ең қым­­бат қазынасы – адам жəне адамның өмі­рі, құқықтары мен бостандықтары» деп тайға таңба басқандай жазылды. Яғни еліміз ең бірінші орынға адамды қойды. Алдымен оның өмірін жоғары бағалады. Сол себепті де айналамыздағы жұрттың барлығы Қазақ елін жай ғана мемлекет деп емес, адам құқығын қамтамасыз ететін егемен ел деп біледі. Сабырмен сансыз қиын­дықтарды жеңген еліміз ең бірінші мемлекет деген ұғымның емес, адам деген асыл құндылықтың бағасы биік тұратынын айшықтап берді. Кеңес заманында бұл ұғым керісінше еді. Бірінші орынға мемлекетті қойған Одақ одан кейін қоғамды, ал адам­ның құқын үшінші кезекке ысырып тастаған болатын.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы осыдан 73 жыл бұрын 1948 жылдың 10 желтоқсанында адам құқықтары мен бостандықтарының жалпыға бірдей мойындалуын, сақталуын және тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Бұл деклара­цияны ХХ ғасырдағы ең негізгі әрі маңыз­ды құқықтық құжаттардың бірі деуге болады. Адам құқығын қорғаудың нақты ережесі жазылған, барлығы 30 баптан тұратын декларация бүгінге дейін әлемнің 500-ден астам тіліне аударылды. «Еркіндіктің ұлы хартиясы» деп аталып кеткен халықаралық құжат әр адамның тумысынан тиесілі құқықтарын айқындап берді. Басқаша айтқанда, өткен ғасырдың басында болған қанды оқиғалар кез келген мемлекеттің алдымен адам тағдыры үшін жауапкершілі­гі болуы керектігін түсіндіріп берген еді. Себебі адамның өмірі – ешқандай саяси жүйенің ойыншығы болмауға тиіс.

Ал үш ғасыр патша өкіметінің езгісін көріп, 70 жыл бодандықта болған еліміз егемендігін жариялаған алғашқы күннен-ақ мемлекет үшін ең басты құндылық адам екенін айтып келеді. Қазақтың керемет қасиеті бар. Ол халқымыздың «Дүниеде адамнан асқан құндылық жоқ» деген таным-түсінігінен туындайды. Сол себепті де Ата Заңымызда мемлекет үшін ең бас­ты құндылықтың адам болып белгіленуі – заңдылық.

Адам құқығын бұзу оңай, қалпына кел­тіру қиын іс. Осыны ескерген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 9 маусымда «Қазақстан Республикасының адам құ­қық­тары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойып, ел Үкіметіне адам саудасының құрбаны болғандардың құқықтарын қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары, әйелдерге қатысты кемсітуді жою, бірлесу, пікір білдіру бостандықтарына, адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құ­қығы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру, адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Ал адам құқықтары мен бостандық­та­рын, мүдделерін қорғау – әуел бастан Қазақстан саясатының басты бағыты болып саналады. Сол себепті де Мемлекет басшысының бұл Жарлығы осы жауапты шешімнің салмағын арттырып, жауап­кершілігін зорайта түсті. Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру саяси жаңғырудың маңызды кезеңі екенін Президенттің өзі де атап өткен еді. Ал Жарлыққа заң саласының өкілдері «адам құқы дейтін басты құндылыққа құрметпен қарауды бағдарлайтын құжат болды» деген баға берді.

Ата Заңның басты принциптері мен идея­ларынан бастау алған Жарлықтан туын­дайтын міндеттер қандай? Еліміз Тә­уел­­сіз­дігінің 30 жылдығында адам құ­қық­­­та­ры мен бостандықтарын қорғау сала­сын­­да, демократиялық институттарды ны­ғай­туда маңызды жетістіктерге жетті. Әлем­дік тәжірибені негізге алған озық заң­нама жүйесі де талапқа сай енгізіліп ке­леді. Ал Президенттің адам құқықтарын қор­ғауға бағытталған бұл Жарлығы маңыз­ды сала­ның нәтижелі жұмыс істеуінің берік ірге­тасы болып қаланатыны сөзсіз.

Адамның ажырамас табиғи құқық­та­ры деген ұғым бар. Бұл құқықтар мен құн­дылықтар адамға туа бітеді. Жаратылыс­тың құдіреті сол – адам дүние есігін ашқан­да нәсіліне, дініне, тіліне, туған жері мен ұлтына қарамай бәрі тең және олардың құқықтары бірдей. Оның ең бастысы – өмір сүруге деген құқығы. Конституцияның 15-бабын есіңізге түсіріп көріңіз. Онда: «Әркімнің өмір сүруге құқы бар» деп ­жа­­­­зылған. Демек кез келген мемлекет ең алдымен адамның жайлы өмір сүруіне жағ­дай жасауы керек. Мұның сыртында адам­ның саяси, әлеуметтік, экономика­лық, мәдени, тіпті экологиялық құқықта­ры бар. Түптеп келгенде адам құқығы­ның сақ­талуы – мемлекет іргетасының берік­тігі бо­лып саналады. Себебі «құқық­­тық ниги­лизм» – өте қауіпті құбылыс. Егер заң орын­далмаса, жай қолжаулық болып қалса, халықта заңға деген құрмет қал­майды, мемлекет пен билікке деген сенім де болмайды. Ал тарихтан белгілі – мұндай сенімсіздіктің салдары өте ауыр. Сондықтан да ел Президенті­нің жо­ғарыда аталған Жарлығын адам құ­қық­­тарын толыққанды әрі тиімді қорғау тә­сіл­дерін түбегейлі өзгертетін маңызды құ­жат деп қабылдағанымыз жөн. Өйткені құқықтық актіде санамалап көрсетілген адам құқықтары еліміздің әр азаматына қатысты болғандықтан мұның бәрі мем­лекеттік құқық қорғау органдарының жұмысын қайта құруға және заң шығару қызметін жаңғыртуға алып келеді. Басқа­ша айтқанда, халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін заңнаманы, сот жүйесі, прокуратура мен өзге де мемлекеттік орган­дардың жұмыс тәжірибесін қайта сүз­гі­ден өткізуге тура келеді. Бұл жерде мә­се­ленің мәнісі тек адам құқықтары­на қа­тысты жаңа Жарлық пен онда көрсетіл­ген іс-ша­раларды іске асыру жоспарына қа­тысты емес екенін айқын түсінген жөн. Се­бебі қолданыстағы заңна­ма мен сот тәжі­рибесін қайта қарау қажетті­гі – түсі­не білген жанға өте ауқымды жұмыс, ма­ңызды реформа. Ал бұл оңай шаруа емес.

Осының бәрі мемлекеттік органдар­дың азаматтық қоғаммен, ұлттық және ха­лық­аралық сарапшылармен, ғалымдармен сындарлы әріптестігіне жол ашады. Ең бастысы – Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы сөзден нақты іске бет бұрғанын аңғартады. Осы тұста құқық қорғау органдары мен депутаттық корпус жұмыстарының тиім­ділігі таразы­ға түсері анық. Бір сөзбен айтқанда, адам құқықтарына қатысты мемлекеттік меке­мелердің барлығына маңызды әрі жауап­кершілігі зор миссия жүктеліп отыр.

Қазақстан – құқықтық мемлекет. Бізде бұл туралы арнайы доктрина да бар. Ал құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен өркендеуі, елдегі демократиялық процестердің дамуы адам бостандығы мен құқығын сақтау сынды ең асыл құндылықтарымен тікелей байланысты. Басты ұстанымы да адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және оларға қысым жасауға жол бермеу болып қала береді. Жарлық Үкіметтің алдына жаңа міндеттер қойып, қызмет бағыттарын айқындап берді. Бұл іс-шаралар елімізді барлық қызметі құқық нормаларына бағынатын, әр азаматының қадір-қасиетін, бостандығы мен құқықтарын қорғауды алдыңғы орынға қойған құқықтық мемлекет ретінде сипаттайды.

Ерекше айта кетерлік жайт – маңызды Жарлықта белгіленген азаматтардың барлық өмірлік маңызды құқықтары Ата Заңымызда көрсетілген азаматтардың конституциялық құқықтарынан туындайды. Егер жағдайды жақсарту үшін жеке Жарлық шығару қажет болса, бұл осы салада жинақталған проблемалардың маңыздылығын білдірсе керек. Бастысы – қазіргі таңда азаматтық қоғам адам сау­дасы, әйел теңдігі, қоғамдық көзқарасты білдіру, өмір сүру құқықтарына қатысты мәселелерде сындарлы өзгерістер жасау үшін пісіп-жетілді.

Конституцияның барлық нормасы заң­дарда және заң актілерінде тікелей кө­рі­ніс табуы керек. Бұған елімізде барлық жағ­дай жасалған. Өйткені Конституция – қа­ғаз бетінде қалатын сөздер емес, нақты іс­тің алгоритмі.

Бір ғана мысал келтіре кетейік. Дүние­жүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай жыл сайын 30 шілдеде елімізде «Мен адам саудасына қарсымын!» ұраны­мен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Дәл осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясының «Адам саудасына қарсы күрес жөнінде­гі күш-жігерді үйлестіруді жақсарту» қа­рары бекітілді. Жыл сайын үкіметтік емес ұйымдар халықпен, серіктес мекемелермен және полиция органдарымен бірге әлеуметтік желілерде осы тақырыпқа ар­налған роликтер мен ақпараттар жариялап, азаматтарға құқықтық кеңес береді. Азаматтарға, оның ішінде өмірде түрлі қиындықтарға тап болған мигранттарға көмек көрсетіледі. Ал мұндай игі іске бастамашы болған акцияларға қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. Осының бәрі не үшін қажет? Ең алдымен, халықты адам құқықтары және адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы саласында сауаттандыру үшін керек. Өйткені қоғамда «адамның қадір-қасиеті бәрінен қымбат» деген ұғым туралы түсінік қалыптасты­рып алмай, мықты мемлекет құру мүмкін емес. АҚШ-тың 39-президенті Джимми Картердің «Америка адам құқығын жасаған жоқ. Шындығына келгенде, адам құқы­ғы Американы жасап шықты» деген сөзі бар. Тарихи тәжірибеден туындаған бұл сөздің астарында үлкен шындық жатыр. Сондықтан Ата Заңымыз айқындап берген, ал Президенттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «мықты, әділ әрі озық мемлекет құрудың бірден-бір дұрыс жолы» деп басымдық берілген адам құқығы әрбір қазақстандықтың сана-сезімінде, іс-әрекетінде әрқашан бірінші орында тұруы қажет. Себебі адам құқығы қашаннан ең биік құндылық болып қала береді.

1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция адамның, жеке тұлғаның құқықтық мəртебесін реттеуде ірі қадамдардың бірі болды. Ол тек адам құқықтары облысында халықаралық құжаттардың ойларын ғана емес, сонымен қатар елдегі əлеуметтікэкономикалық жəне саяси жағдайлардың конституциялық дамуының  бұрынғы  тəжірибесін де есепке алды. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қазіргі уақытта қорғау жүйесі көп деңгейлі сипатта көрінеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Бұл қағида демократиялық мемлекеттің  қызметі мен оның халықаралыққұқықтық міндеті. Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мəселелердің бірі. Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы – демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі. Адам жəне азаматтың конституциялық – құқықтық мəртебесi институты төмендегiдей элементтердi қамтиды: адам жəне азаматтың құқықтық мəртебесiнiң мəн-маңызын құрайтын конституциялық құқықтар, бостандықтар жəне мiндеттер; адам мен мемлекет арасындағы қарымқатынастарды, сондай-ақ адамның қоғамдағы жəне конституциялық құқықтың басқа субъектiлер арасындағы жағдайларды сипаттайтын адам жəне азаматтың мəртебесiнiң конституциялық принципi.

Сонымен қатар конституциялық құқықтар, бостандықтар мен міндеттерді жүзеге асыру объективтік жəне субъективтік факторлардың бірлігіне  де  байланысты.  Демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан үшін аталған мəселені шетелдік тəжірибені  қолдана  отырып шешу тиімдірек екені сөзсіз. Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстары, мемлекет азаматтарының шетел азаматтарымен арасындағы қарым-қатынасы бұл тəжірибеге əсерін тигізіп қана қоймайды, сонымен бірге оған ылғи да жол ашуды көздеп отырады.

Адам құқығы-қазіргі замандағы өзекті мəселелердің бірі. Мемлекет те, партия да, жеке лауазымды тұлға да емес, жеке қарапайым адам өзінің құқықтары мен бостандықтары арқылы кез келген қызмет ортасында болуы керек. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмайды жəне ол адамның туған сəтінен бастап өзіне тиесілі.

Кез келген адам мен  азамат  негізгі құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алады. Демократиялық құқықтық мемлекеттің заңдылықтары  адам  мен  азаматтың құқықтары мен бостандығының теңдігіне, яғни оның ұлтына, нəсіліне, жынысына, тіліне, мүліктік жəне қызметтік жағдайына қарамастан кепілдік береді, тілдік, діндік, ұлттық, нəсілдік, əлеуметтік белгілеріне қарамастан оның құқықтарына шек қоюға тыйым салынады.

Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы-сонау көне дəуірден қазіргі заманға дейін əлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы жəне мол тəжирибесі бар.

Адам құқығы – тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан əлеуметтік норма əр уақытта даму процесінде болады. Əлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын  əлеуметтік  норма да дамып, нығайып жақсарады, оның əділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді[4].

Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, байрақатты тұрмыс кешуіне жағдайды қалыптастыру – əлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған мақсаты[5]. Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, əлеуметтік жəне саяси пактілерге қосуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді.

Мақаланың өзектілігіне, əркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылу құқығы жəне өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тəсiлмен қорғауға жатады. Адам құқықтарының ерекше құқықтар ретiнде қабылдануы  үшiн  бiздiң  бiрiншi  ұсынысымыз– əр  түрлi  мəдениеттегi  қоғамдарда  танылқан «адам құқықтары» деген сөз тiркесiнiң барлық қоғамда, еш өзгерiссiз, əмбебап адам құқықтары ретiнде қабылдануы, бiрақ қоғамдағы құқық саласында қолданылып жүрген терминдердi түсiндiру.

Халықаралық құжаттарда жəне қазақстандық заңдарда мынадай  екі  ұғым  қолданылады: «адам  құқығы»  жəне   «адам   бостандығы». Заң тұрғысынан адам құқығы мен адам бостандығының  бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Дегенмен, белгілі бір өзгешеліктері бар. Мұны осы екі ұғымның анықтамаларын салыстыра отырып байқауға болады.

Адам құқығы табиғи қасиетке ие жəне жеке адамнан ажырамайды, олар аумақтық немесе ұлттық шеңбермен шектелмейді, халықаралық құқықтық реттеу жəне қорғау объектісі болып табылып, мемлекеттің заң актілерінде бекітілгенге қарамастан тəуелсіз болып табылады. Олар адамды сипаттап жəне оның қалыпты өмір сүруіне қажетті жалпы əрі негізгі өкілеттіктері болады. Адам құқығы мемлекеттің нақты заң актілерінде белгіленген жағдайда олар осы мемлекет азаматының құқықтары болып табылады.

Азаматтыққұқыққоғамныңжəнемемлекеттің даму барысында жасалған жəне пайда болған табиғи өкілеттіктерінің мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерде көрініс табуы болып табылады. Азаматтық құқық міндетті түрде конституциялар мен басқа заң актілерінде белгіленеді жəне мемлекет оны жария етіп əрі олардың қорғалуын қамтамасыз етеді. Олар адамды мемлекеттік ұйымдасқан қоғамдастықтың мүшесі екендігін білдіреді.

Бұл екі құқық санаты əдетте бір тұрғыдан еске алынады, дегенмен олардың мазмұны бірдей емес. Адам құқығы негізгі болып табылады, қай жерде туғанына, қай елдің азаматы екендігіне, сол елде тұратындығына немесе тұрмайтындығына қарамастан олар барлық адамдарға тəн, ал азаматтық құқық белгілі  мемлекеттегі  адамның  сол  мемлекетте тұрғандығына байланысты бекітілген құқықтарын кіргізеді. əрбір азаматқандай-да болмасын мемлекетте жалпыға бірдей адам құқықтарына жəне осы мемлекет мойындаған азаматтық барлық құқықтардың жиынына ие. Сондықтан құқықтар мен бостандықтардың екі тобын біріктіретін «азаматтық құқықтар жəне бостандықтар» термині заңды болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықтар адамның негізгі құқықтық мəртебесін білдіреді. Олардың көпшілігі абсолюттік сипатта, яғни тек қана ажыратқысыз болып табылмайды, сонымен қатар олар шектелуге жатпайды.

Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес, бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі болып табылады. Адам құқығы саласындағы жалпы танылған халықаралық нормалар қазір ұлттық заңдарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішіндегі адам құқығын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған халықаралық ұйымдар, адам құқығының бұзылмауына жол бермеуге нақты механизмдер қарастырды. Егер мемлекет ішінде құқықтық көмек құралдары болмаған жағдайда, халықаралық құқық көзқарарасы бойынша, əрбір адам өзінің мемлекетінің халықаралық шарттары бойынша, адам құқығы мен бостандығын қорғау мемлекет аралық органдарынан көмек алуға болады. Адам құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау жайында, қоғамдық тəртіпті сақтауда, адам құқықтары мен бостандықтарын, адам денсаулығы мен ар абыройын қорғау негізінде заңда көрсетілген жағдайда ғана шектеледі. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси ниетпен шектеуге жол берілмейді.

Прокуратурой города направлено в суд уголовное дело в отношении жителя города Туркестан Абишева Е., 1986г.р., по обвинению в умышленном причинении тяжкого вреда здоровью человека.
В ходе досудебного расследования установлено, что в январе т.г. ночью в одной из квартир в мкр. Отырар во время совместной игры в карты у него возникла ссора с одним из игроков, переросшая в драку, в ходе которой он нанес ножом удар в правое ребро потерпевшего, причинив тяжкий вред его здоровью.
По итогам расследования городское управление полиции, собрав достаточные доказательства его вины в совершении указанного преступления, по согласованию с прокуратурой квалифицировало его деяние по части 1 статьи 106 Уголовного кодекса РК (предусмотрено наказание в виде ограничения свободы на срок от трех до восьми лет либо лишение свободы на тот же срок).
Следует отметить, что подозреваемый ранее в 2021 году приговором Туркестанского городского суда за хранение и ношение травматического оружия, а также хулиганство с применением такого оружия был осужден по части 2 статьи 287 и части 3 статьи 293 Уголовного кодекса к 3 годам ограничения свободы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы