Түркістан қаласының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Күн тәртібіне енгізілген өзекті мәселелер қаралып, бірқатары өз шешімін тапты.
Отбасылық жағдайға байланысты бейімдеу орталығына орналастырылған 2 бала анасына қайтарылып, уәкілетті органдардың қадағалауына алынды, сондай-ақ күнделікті тіршілікте тағдыр тауқыметін тартып жүрген жалғызбасты әке комиссия мүшесі Түркістан қаласының бас имамы М.Е.Жұмадуллаевтың қолдауымен жұмысқа алынып, балалары тұрғын жаймен қамтамасыз етіледі.
Сонымен бірге жазғы маусымның басталуына байланысты кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі, олардың құқықтарының қорғалуы, тәуекел тобындағы және аз қамтылған отбасыдағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша уәкілетті және құқық қорғау органдарына тапсырмалар берілді. Қоғамда балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жүйенің тиімді жұмыс істеуінің кепілі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдардың жолға қойылған өзара байланысты жұмысы болып табылады. Бірлескен іс-шараларды өткізу жоғарыда көрсетілген нәтижеге қол жеткізу бағыттарының бірі болып табылады.
Кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушылардың (сотталушылардың) құқықтық қорғау мәселелерінің үлкен маңызы бар. Кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылардың психикасы мен жасының ерекшеліктерін ескеріп, БҰҰ Бас Ассамблеясы 1985 жылы «Пекиндік Ереже» деген атпен белгілі «Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының минималды стандартты Ережелерін» бекітті, ол әрбір елдің заңдарында ескерілуі тиіс және осы санаттағы істерді тергеу және сот талқылауы барысында қолданылуы керек.
Осы Ережелерде мазмұндалған ұсыныстарға байланысты, қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша іс жүргізу тәртібінде мұндай тұлғалардың жас ерекшеліктері мен құқықтық жағдайы ескерілген. ҚР ҚІЖК 11-бөлімінің нормалары кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен мүдделерін корғауға, сотта жүргізудің тәрбиелік ықпал етуін қамтамасыз етуге бағытталған және кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша іс жүргізуде қолданылатын ерекше ережелерді көздейді. Оларда кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қосымша кепілдіктер мазмұндалған, сондықтан іс жүргізу әрекеттерін реттейтін жалпы нормаларды ауыстырмайды, тек толықтырады. Бұл нормалар қылмыс жасаған сәтте 18 жасқа толмаған адамдардың істеріне қолданылады.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстары туралы істерді қозғаудагы прокурорлық қадағалау, анықтау, алдын ала тергеу органдарының және соттың заңдылықты тура орындауы мен сақтауына кепілдік болып табылады. Кәмелеттік жаска толмағандардың істері бойынша тергеуші іс жүргізген кезде: тергелушінің жасы (туғанжылы, күні, айы); кәмелеттік жасқа толмағанның тура жасы туу туралы куәлікпен немесе төлқұжатпен расталуы тиіс. Мұндай фактіні анықтау бұл тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту, оған қандай жаза шарасын қолдану туралы мәселелерді дұрыс шешу үшін қажет. Іс материалдарына кәмелеттік жасқа толмағанның жасын растайтын құжат көшірмесі қоса тіркеледі. Адам 14,16,18 жасқа туған күні емес, туған күнінен кейінгі тәуліктік нөл сағатында толады деп есептеледі. Кәмелеттік жасқа толмағанның жасын айқындайтын құжаттар болмаған жағдайда немесе олардың түп нұсқалылығына күмән келтірілген жағдайда, жас мөлшерім анықтау үшін ҚІЖК 240-бабының тәртібімен сараптама тағайындалады. Дегенмен сот медициналық сараптамасы кәмелеттік жасқа толмағанның жасын тура анықтап бере алмайды. Соттық тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, медициналық сараптамасы тексерілушінің дене бітімі мен интеллектуалдық дамуына қарап, оның жасын шамалай анықтайды, мысалы, «тексерілушінің жасы (аты-жөні көрсетіледі) 14—17 жасқа сәйкес келеді». Мұнда қылмыстық қудалау органдары сараптамада болжанған жасты ескереді. Ал жылдың соңғы күні, яғни 31 желтоқсан туған күні болып есептеледі. Tұлғаның еркі, интеллектуалдық және психикалық даму деңгейі; кәмелеттік жасқа толмағанның жеке басын зерттеу барысында жасты анықтаумен катар, оның жалпы даму деңгейін, яғни нақты жағдайға бейімделуін, өз тәртібін ақылмен баға беруі мен өз әрекеттеріне басшылық етуін анықтаудың маңызы зор. — мінез-құлығының ерекшеліктері, оның сұранысы мен қызығушылықтары; заңда істі тергеу процесінде сотты прокурорды, тергеушіні және анықтау жүргізуші тұлғаны әрбір іс бойынша кәмелеттік жасқа толмағанның өмірі тәрбиелену жағдайын анықтауға, сондай-ақ қылмыс жасауға әсер еткен себептер мен жағдайларды айқын міндеттейді. Оны кәмелеттік жасқа толмағандардың іс бойынша кез келген жауап алу кезінде ескеру қажет. Tергелудегі адамға ересек адамдар мен басқа кәмелеттік жасқа толмағандардың ықпалының қандай екенін анықтау; кәмелеттік жасқа толмағандардан, сондай-ақ куәлер мен жәбірленушіден жауап алған кезде олардан айыпталушыға теріс ықпалын тигізетін қандай мән-жайларды білетіндіктерін анықтау керек. Ол үшін тергеуді қадағалайтын прокурор тергеушіден, кәмелеттік жасқа толмағанның ата-аналарынан, қорғанушыларынан, қамқоршыларынан, мұғалімдерінен, сынып жетекшілерінен, тәрбиешілерден, шеберлерден, көршілерінен, жолдастары мен жасөспірім қатарластарынан, сондай-ақ оның өмірі мен тәрбие жағдайын жақсы білетін басқа адамдардан міндетті түрде жауап алынуын талап етуі тиіс. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясында, қылмыстық заңдарды бұзған немесе оны бұзды деп айыпталған әрбір баланың, оның кінәсі заңға сәйкес делелденбейінше кінәсіздік презумпциясы кепілдігіне ие болу керектігі көзделген. Балаға оған қарсы айып тағылғандығы жөнінде дереу және тікелей хабарлау керек, ал қажет болған жағдайларда оның ата-аналары немесе заңды қамқоршылары арқылы жеткізу қажет. Оған өзін қорғауға дайындалған және қорғауды жүзеге асырған кезде құқықтық және басқа да қажетті көмек көрсетілуі тиіс. Кәмелеттік жасқа толмағанның жасырын болу (конфиденциалдық) құқығы оған керексіз жариялылық келтірмеу үшін немесе абыройына нұқсан келтірмес үшін барлық сатыда құрметтелуі қажет. Бала құқықтары туралы Конвенцияда ешқандай бала әрекет немесе әрекетсіздік арқылы, оны жасаған сәтте оған ұлттық немесе халықаралық құқықта тыйым салынбаса қылмыстық заңдарды бұзған адам қылмыс жасаған деп танылмайды және оған айып тағылмайды деп көзделген. Егер күдікті немесе айыпталушы кәмелеттік жасқа толмаса, онда қандай ауырлықтағы қылмыс жасалғандығына қарамастан қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қорғаушының қатысуы міндетті. Егер кәмелеттік жасқа толмаған күдікті немесе айыпталушы ешқайда кетпеу туралы қолхат берсе немесе біреудің қарауында болса, қорғаушы бірінші жауап алу кезінде жіберілуі тиіс. Егер кәмелеттік жасқа толмаған бала ұсталса немесе қамауға алынса, онда оны бірден адвокатпен қамтамасыз ету керек. Кәмелеттік жасқа толмағанды ата-анасы немесе заңды өкілдері адвокатпен қамтамасыз етпесе, онда мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, тергеуші, прокурор және сот қорғаушының қатысуын қамтамасыз етулері тиіс. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстары туралы істерде қорғаушыдан басқа оның заңды өкілдері — ата- анасы, қамқоршылары немесе қорғаншылары қатысады. Олардың мынадай құқықтары бар: кәмелеттік жасқа толмағанға не үшін күдік келтіріліп немесе айып тағылып отырғанын білуге; жауап алуға қатысуға; тергеушінің рұқсатымен кәмелеттік жасқа толмаған мен оның қорғаушысының тергеу іс-әрекеттеріне қатысуына; тергеу іс-әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға; өтінімдер мен қарсылықтар мәлімдеуге, тергеуші мен прокурордың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасауға; дәлелдер ұсынуға; тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға құқығы бар. Мұндай жағдайда заңды өкіл көптеген өкілеттіктерге ие болады. Бірақ оның іс-әрекеттері кәмелеттік жасқа толмағанның мүдделеріне зиян келтіреді немесе істі объективті тергеуге кедергі келтіреді деп есептелсе, онда тергеушісі; өзінің қаулысымен заңды өкілді іске қатысудан шеттеуі мүмкін. Егер айыпталушы немесе сезікті 16 жасқа толмаған болса, мұғалім іске міндетті түрде қатысуы керек.
Кәмелеттік жаска толмаған күдікті, айыпталушы тергеушіге немесе сотқа оның ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері арқылы, ал олар болмаған жағдайда қамқоршы және қорғанушы органдары аркылы шақырылады. Кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушыдан, күдіктіден жауап алу қорғаушының, заңды өкілдің, ал қажет жағдайларда психологтің, мұғалімнің қатысуымен жүргізіледі. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан хаттамамен танысуға жене айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқығы бар. Кәмелеттік жасқа толмаған куәгерден және жәбірленушілерден жауап алу, негізінде, тыныш жағдайда, онымен әңгімелесу нысанында жүргізілуі тиіс, жасөспірімнің көңілін ешкім және ештеңе аудармауы тиіс. Кәмелеттік жасқа толмағанның жауаптарын хаттамаға жазу одан сұралған оқиғаны немесе мән-жайларды ол мазмұндап берген соң ғана жүргізіледі. Кәмелеттік жасқа толмаған күдіктіден, айыпталушыдан жауап алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі және үзіліссіз екі сағаттан артық, ал жалпы алғанда — күніне төрт сағаттан артық жалғастырылуға тиіс емес. Кәмелеттік жасқа толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуы тиіс.Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 215-бабына сәйкес, 14 жасқа дейінгі куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін, ал тергеушінің қалауы бойынша 14 жастан 18 жасқа дейінгі куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін педагог шақыртылады. Кәмелеттік жасқа толмаған куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкілдері қатысуға құқылы. 16 жасқа дейінгі куәгерлер мен жәбірленушілерге айғақ беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілмейді, өйткені көрінеу жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Мұндай куәгерлер мен жәбірленушілерге іс жүргізудегі құқықтары мен міндеттері түсіндірілген кезде оларға тек шындықты ғана айтудың қажет екені атап көрсетіледі. Мұғалім, психолог тергеушінің, соттың рұқсатымен жасқа толмаған күдіктіге, айыпталушыға сұрақтар жоюға құқығы бар. Ал іс жүргізу әрекеті аяқталғаннан кейін оларға тергеу қимылының хаттамасымен танысуға ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға, тергеушінің, соттық ұйғарымы бойынша кәмелеттік жасқа толмағанның жеке басын сипаттайтын іс материалдарымен танысуға құқық берілген. Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша іс жүргізудің аталған ерекшеліктері мемлекеттің кәмелеттік жасқа толмаған күдіктінің (айыпталушының) құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті қорғауды қамтамасыз етуге ұмтылыс жасап жатқандығын көрсетеді.
Қылмыстық жауапкершілік – кез-келген адамның құқық пен істеген қылмысына заң алдында міндетті түрде жауап беруі.
Жаза – қылмыс істеген адамға соттың шешімімен мемлекеттік нақты шара қолдану, оны орындауға мəжбүрлеу. Жаза қылмыстық жауапкершілікке тартудағы ең басты нысаны болса, келесі бір қылмыстық жауапкершілікке тарту нысаны кəмелетке толмағандарға қатысты тəртіптік сипаттағы еріксіз шаралар болып табылады. Жасы толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту өз ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер оларға қолданылатын қылмыстық құқықтық шалалардың белгілі бір дəрежеде ғана іске асатындығын айқындай түссе керек. Яғни, кəмелетке толмағандарға өлім жазасы, өмір бойына бас бостандығынан айыру сияқты жазалар қолданылмайды жəне тағайындалатын бас бостандықтан айыру жазасы он екі жылдан аспауы тиіс екендігін айқындайды. Қылмыстық кодекс кəмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін олардың есінің дұрыстығын тексеруді міндеттейді.
Жоғарыда атап өткендей, қоғамға қауіпті іс-əрекет жасағаны үшін санасы мен ерік-жігері бар, есі дұрыс адамдар ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылады, яғни, қылмыс субъектісі болып табылады. Тек осындай адамдар ғана не істегенін түйсініп жəне өз іс – əрекетін басқара біледі. Ал мұндай қабілеті жоқтар яғни істеген əрекетінің қауіптілігін сезбейтіндер, сезінсе де өз əрекетін басқара алмайтындар есі дұрыс еместер деп саналады да, қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
Есі дұрыс еместік ұғымы ҚР ҚК-нің 16 бабының 1 бөлігінде былай сипатталған: «Қоғамдық қауіпті əрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс – əрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес» .
Қандай да болсын психикалық ауытқуы бар жасөспірім қоғамға қауіпті əрекет жасау кезінде өзінің əрекетіне баға бере алмай, өзін-өзі басқара алмайды. Мұндай жағдайда егер кəмелетке толмаған есі дұрыс емес деп танылса, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту орнына соттың шешімімен арнаулы медициналық сипаттағы шара қолданылады. Жас болсын, жасы толмаған болсын оның қылмыстық əрекетті қасақана жасағанын, кінəсін анықтау кез-келген жағдайда міндетті болып табылады. Кінəні анықтау қылмыстық жауапкершілікті тағайындауда басты рөл атқарады. Кінəлі болса қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал кінə дəлелденбесе, жауапкершілік өздігінен күн тəртібінен түседі.
Қылмыстық заң қылмыстық əрекетке барған кəмелетке толмағандарды жазалау керектігін белгілейді. Ересектерге қарағанда, кəмелетке толмағандарды қылмыс үшін жазалау белгілі бір шектеу мен құқықтардан тұратынын тағы да еске сала кеткен артық болмас. Десек те, қандай да болсын қылмыстық жаза – кəмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын болдырмау, қайта тəрбиелеу мен дұрыс жолға салуға өз септігін тигізеді. Кəмелетке толмағандарға тағылатын қылмыстық жаза оның сана сезіміне əсер етіп, өзінің істеген əрбір қадамына сынмен қарауына, қоғамға жат əрекетті екінші рет қайталап жасамауына, заңды бұзбауына жол ашады. Кəмелетке толмағандардың қылмыстарын болдырмау үшін күрестің маңызы оның нəтижесінен көрінері с өзсіз.Жалпы құқық бұзған жасөспірім болсын, қылмыс жасаған кəмелетке толмаған болсын, олардың қоғамға жат əрекеттерінің қауіптілігін, зиянын анықтау арқылы жаза тағайындау немесе ата-ана қарауына беру, арнаулы мекемелерге жіберу – қылмыстық заңның əділдігін паш етеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚР ҚК) кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көздейді. ҚР ҚК-нің 15 бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады. Одан басқа, қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың қылмыстық жауаптылыққа жататын қылмыс санаттары бар. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды талдау, қылмыстардың негізгі бөлігі есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты екенін көрсетті, пайыздық ара салмақта шамамен 35% халық денсаулығына және имандылығына қарсы бағытта, 29% меншікке қарсы (тонау, ұрлық, айдап әкету), 14% жеке адамға қарсы (денсаулыққа ауыр зиян келтіру, жас балаларды азғындату), 7% отбасыға және кәмелетке толмағандарға қарсы (кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамау), 7% сот төрелігіне және жазаны орындау тәртібіне қарсы (көрінеу жалған айғақ беру), 7% адам мен азаматтың конституциялық және өзге де құқықтарына қарсы (тұрғын үйге қол сұқпаушылық) қылмыстар құрайды.
Кәмелеттік жасқа толмау жазаны жеңілдететін жағдай ретінде ескеріледі. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік құқықбұзушылықты алғаш рет жасаса, онда уәкілді орган (лауазымды тұлға) оны әкімшілік жауапкершіліктен босатып, оған тәрбиелік ықпал жасайтын шараларды қолданады. Тәрбиелік ықпал ету шараларына жататындар: заңды түсіндіру; ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың немесе мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру; келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу; бос уақытын шектеу және оның мінез-құлқына ерекше талаптар қою. Шаралардың бұл тізімі нақты анықталып, шектелген болып саналмайды. Өзге де тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.
Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны: Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсiндiруден тұрады. Қадағалауға беру ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға, не мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және оның мiнез-құлқына бақылау жасау жөнiндегi мiндеттердi жүктеуден тұрады. Келтiрiлген зиянды жөнге келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы мен тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытын өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн.
Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға әкімшілік жаза— әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір айдан, ал созылмалы құқық бұзушылық үшін—оны анықтаған күннен бастап, бір айдан кешіктірмей тағайындалады. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулының орындалуынан кейін алты ай жаңа құқық бұзушылық жасамаса, онда ол әкімшілік жазаға тартылмаған болып саналады. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа тұру талабы да қойылуы мүмкiн. Бұл тiзбе осымен шектелмейдi. Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн мерзiм. Өзiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам осындай жазаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, алты айдың iшiнде ұшырады деп есептеледi.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданылуымен қатар әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған адамға аталмыш Кодекстің ерекше бөлімінің бабында көзделген айыппұл мөлшеріне қарамастан, айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмауға және он айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Негізінен, айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді. Егер, кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмағанжағдайда, айыппұл ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға салынады.
Кәмелетке толмаған адамға әкімшілік жаза қолданған кезде (осы Кодекстің 56 және 57-баптарында аталған мән-жайларды ескермегенде) оның өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуі ескеріледі. Алайда, кәмелетке толмаған жас басқа да жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жиынтығында жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріледі. Мәселен, әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) оған заңнамада көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкімшілік жауаптылықтан немесе тағайындалған әкімшілік жазаны орындаудан босатуы мүмкін. Кәмелетке толмаған балаға тәрбиелік ықпал етудің мынадай шаралары тағайындалуы мүмкін, ол – заңды түсіндіру; ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру; келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу; бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.
Мұнда заңды түсіндіру дегеніміз – бұл кәмелетке толмаған адамға оның әрекетімен келтірілген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылық тарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсіндіру болып табылады.
Қадағалауға беру — бұл ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға не мамандандырылған мемлекеттік органдарға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпал ету және оның мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді жүктеуден тұрады. -Келтірілген зиянды жөнге келтіру міндеті – бұл негізінен кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайы мен тиісті еңбек дағдыларының болуы ескеріле отырып жүктеледі. -Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу дегеніміз — бұл белгілі бір орындарға баруға, бос уақытын өткізудің белгілі бір нысандарын, оның ішінде көлік құралдарын пайдалануға, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздейтін шара түрі. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған адамға оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көмегімен жұмысқа тұру талабы қойылуы мүмкін.
Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу шаралары үш айға дейінгі уақытқа белгіленеді. Егер де бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу шаралары жүйелі түрде орындалмаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттік орган бұл шараның күшін жойып, кәмелетке толмаған баланы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін материалдарды сотқа ұсынады.
Айта кететін бір жайт, кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік ықпал етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін. Аталмыш Кодексте қарастырылғандай әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазақолданылған кәмелетке толмаған адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, алты айдың ішінде осындай жазаға тартылды деп есептеледі.
Кəмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылық үшін жауапкершілгі жайлы мəселе қоғам өмірінде «қылмыстылық пен» күресті шешуде маңызды орын алады. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жəне жазалау мəселелері ҚР Қылмыстық Кодексінің VI бөлімінде қарастылған. Бұл жағдай ең алдымен кəмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы қылмыстылықтың құрамдас бөлігі ретіндегі айтарлықтай өзіндік ерекшеліктерімен дəйектеледі. Бұл ерекшеліктер жасөспірімдер мен кəмелетке толмағандарды əлеуметтік – психологиялық тұрғыда өсіп жетілуінің өзгешеліктеріне: əлеуметтендірілу деңгейінің жеткіліксіздігіне, психофизика лық, жас жағынан жəне əлеуметті кемелденуінің олқылықтарына, адамгершілік құндылықтары жөніндегі одағай түсініктеріне, мінез-құлқының өзіндік қасиеттеріне, «формальды емес жетекшілердің» əсеріне тез берілуі, үлкендерге еріп кету жəне т.б. тəуелді болып келеді.
Кəмелетке толмағандар қылмыстылығының көрсетілген өзіне тəн сипаттары заң шығарушыны кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын ықтиятты түрде реттеу қажеттілігіне қарай жетелеп əкеледі. Заңдарда кəмелетке толмағандар үшін жаза түрлерін белгілеудің, оларға жаза тағайындаудың, оларды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың, ескіру мерзімдеріне есептеу мен соттылығын жоюдың айрықша шарттары қарастырылған.
Қазіргі таңда заң əдебиеттерінде қылмыстық жауапкершіліктің жасын анықтауда біркелкі пікір жоқ. Мəселен, бір ғалымдар құқық бұзған, қылмыс жасаған кəмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын белгілеуде басты рөл атқаратын белгі қоғамдық қауіптіліктің дəрежесі екенін баса көрсетеді. И.И. Карпец: «Ауыр қылмыс жасаған кəмелетке толмағандарға заң шығарушы он төрт жастан қылмыстық жауапкершілік тағайындайды дей келе, ауыр қылмыс жасаған кəмелетке толмағандардың əрекетін жазалаусыз қалдыруға болмайды» деп жазады. Ал З.А.Астамиров, А.А. Примаченко жеткіншіктерді қылмыстық жауапкершілікке тартуда тағы да бір белгіні көрсетеді, ол кəмелетке толмағандарды жеке адам етіп қалыптастыру үшін белгілі бір дəрежеде əлеуметтендіру З.А.Астамиров, А.А. Примаченконың пікіріне М.М.Бабаев пен Н.А. Беляевтың тұжырымдары етене жақын. Н.А. Беляев, М.М.Бабаев атап өткендей, он төрт жастағы жасөспірімдердің соттық жауапкершілігі олардың өз əрекетін қоғамға жат қылық екенін, істеуге тыйым салынатынын түсіне алатын жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Кейінгі кезде жасөспірімдердің жан-жақты интеллектуалдық жағынан жетілу, жылдам өсу процестерінің байқалуы олардың ерте бастан, жас кезінен өз тəртіптерінің дұрыс, бұрыстығын өз тұрғысынан бағалай білу қабілеті міндетті түрде қылмыстық жауапкершілік жасын төмендетуді қажет ете ме деген сұрақ туғызар болса, ол заңды да.
Жасы толып, қылмыс жасаған баланы қылмыстық жауапкершілікке тарту əр елде əр түрлі шешілген. Мысалы, Ұлыбритания елінде қылмыстық жауапкершілік кей қылмыстар үшін сегіз жастан көзделуі мүмкін. Нью – Иорк штатынының ҚК бойынша қылмыс істеп, сотқа тартылған бала егер өз əрекетінің қауіпті іс – əрекет екенін түсіне алған жағдайда қылмыстық жауаптылыққа сегіз жастан он екі жасқа дейін тартылады. Шетелдердің қылмыстық заңнамасын зерттеу барысында қылмыстық жауаптылық, соның ішінде кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық жасы əр елде əрқалай көрсетілетіні белгілі болды.
