СОТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

306 көрілім

Сот және құқық қорғау орган­дарындағы реформалардың тиімділігін, сол тиімділіктің төмен болу себептерін зерттей отырып, реформаларды әзірлеуге жауапты жаңадан құрылған органдарға тоқталғым келеді. Мәселен құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының құрамына келейік. Бұқаралық ақпарат құралдарында, нақтырақ айтсақ, Turan Press ақпараттық агенттігінде бұл жұмыс тобына ғалымдар, сарапшылар, кәсіпкерлер құқықтары мен адам құқықтары жөніндегі уәкілдер, үлкен тәжірибесі бар танымал ардагер­лер, атап айтқанда, құқық қорғау жүйе­сін реформалау жөніндегі жетекші заң­герлер, адвокаттар және азаматтық қо­ғам өкілдерін тарта отырып, кешенді жұмыс жүргізілгені туралы айтылды. Тіпті, қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізудің ең жоғары жетістігі ретінде қылмыстық қудалау шеңберіне тартылмаған екі мыңнан астам адамның құқығы қорғалғаны жөнінде де жария­ланды. Алайда, бұл сандардың нақты қайдан алынғаны анық емес. Сондай-ақ біз жұмыс тобының сарапшылық құра­мын толықтыра түсу керек деп санаймыз. Өйткені оның құра­мында беделді ардагер-практиктер жоқ.

Құқық қорғау және сот жүйесін реформалау мәселелерін терең пысықтау үшін жұмыс тобына енген әр адамның қажетті әрі жеткілікті тәжірибесі мен құзыреттілік деңгейі болуы керек. Әсі­ресе, көп жылдық жұмыс өтілі бар арда­герді көбірек тарту қажет.

Мемлекеттік аппаратта жұмыс іс­теп тұрған институттар бар. Олар өз бе­­йіні бойынша құқық қорғау, сот жү­йе­сін реформалау жөніндегі мін­дет­терді шеше алады. Мысалы, Пре­зидент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқық­тық бөлімі, құқықтық саясат жө­нін­дегі кеңес. Осы институттардың кадр­лық құрамын бейінді мамандар­мен күшейтіп, іс жүзінде нақты пайда­лан­сақ та болады. Бұл өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдей алмаған түрлі органдардан әлдеқайда тиімдірек болар еді. Сондықтан біз «бас тарта отырып, ұсыныс жаса» деген қағидатты басшылыққа алып, судьялардың, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отставкадағы әлеуетін пайдалану қажет деп санаймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы