Азаматтық іс бойынша құқықтарды Түркістан қаласының жұртшылығына ақпараттық сайтымыздың керек кеңес айдарында ұсынамыз. Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтініш жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтініштері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс. Іске қатысушы адамдар, орындалмауы азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда көзделген салдарларды туғызатын жағдайда, өздерінің іс жүргізу міндеттерін атқарады.
Сарапшының құқықтары мен міндеттері
Сарапшының: сараптама нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге; соттың рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге тиісті ескертпелер жасауға; сот сараптамасын тағайындаған соттың келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, азаматтық іс үшін маңызы бар, сараптама тағайындау туралы ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге; сараптама жүргізу кезінде соттың және іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға; сараптама жүргізу кезінде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.Сарапшы: соттан бөлек, іске қатысушы адамдармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; сараптамалық зерттеу үшін материалдарды дербес жинауға; егер сараптама тағайындаған соттың бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.
Сарапшы: соттың шақыртуы бойынша келуге; өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге; өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстің 97-бабында көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сотқа жіберуге; жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттеліп жатқан объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге; істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге міндетті.Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.
Қылмыстық іс бойынша
Жәбiрленушi бірінші сатыдағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;сот жарыссөздерінде сөйлеуге;айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға;әрбір беттегі мәтіннің соңғы жолының астына және хаттаманың соңына өз қолын қоя отырып, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде әрбір беттің соңына және осы бөліктің соңына қол қоя отырып, сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге;соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға;іс бойынша әкелінген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық ұсынуға;мәлімделген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтарды апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттың қарауына қатысуға;өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауына құқығы бар.Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша белгiлi барлық мән-жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.Жәбiрленушi жауап беруден бас тартқаны үшiн және қасақана жалған айғақ бергенi үшiн заңдарға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.
Куә
Куәнiң қылмыстық жазаланатын әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзi, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшiн iзiне түсуге әкеп соқтыратын айғақ беруден бас тартуға; өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақ беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; одан жауап алуға қатысушы аудармашыға ескерту жасауға; жауап алу хаттамасына айғақтаманы өз қолымен жазуға; жауап алуға дейiн оны күдiктi деп тану туралы өтініш жасауға; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың және соттың iс-әрекетiне шағым жасауға, өз құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге құқығы бар. Куә, егер адвокаттың іске қандай да бір басқа жағдайда қатысы болмаса, адвокаттың қатысуымен айғақ беруге құқылы.Куә: анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; iс бойынша барлық өзiне белгiлi жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер оған анықтаушы, тергеушi немесе прокурор ескерткен болса, өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы кезiнде белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.Қасақана жалған жауап бергенi үшiн және жауап беруден бас тартқаны үшiн куә Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауапқа тартылады.
Сарапшы сараптама нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға;қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге;қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге тиісті ескертпелер жасауға;сараптама тағайындаған органның келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге;ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге;сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның және іс бойынша іс жүргізуге қатысушы өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға;сараптама жүргізу кезінде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыртуы бойынша келуге;өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге;жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге;сараптама тағайындаған органға сараптама жүргізуге байланысты шығыстардың сметасын және келтірілген шығыстар туралы есепті табыс етуге міндетті.Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.
Маман қылмыстық iстi жүргiзушi органның шақыртуы бойынша келуге; дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға көмек көрсету үшiн арнаулы бiлiмiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысуға; өзi орындаған iс-әрекеттер жөнiнде түсiнiктеме беруге, ал осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізуге және қорытынды беруге; өзiне iске қатысуына байланысты белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және өзге де мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.Өзiнiң мiндеттерiн орындаудан дәлелдi себептерсiз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн маман әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Көрінеу жалған қорытынды берген жағдайда маман заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.
Аудармашы аударманы жүзеге асыру кезiнде қатысушыларға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қоюға; жүргiзуiне өзi қатысқан тергеу немесе өзге де iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгiзуге жататын ескертпелер жасауға; егер оның аудару үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әрекетiне шағым жасауға; тергеу және өзге де iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысуына байланысты өзiне келтiрiлген шығындарға өтем және егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысу оның қызметтiк мiндетiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмысы үшiн сыйақы алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге құқығы бар. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге; өзiне тапсырылған аударманы дәл және толық орындауға; оның қатысуымен жүргiзiлген тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасында, сондай-ақ процеске қатысушыларға олардың ана тiлiндегi немесе олар бiлетiн тiлдегi аудармасында тапсырылатын iс жүргiзу құжаттарында аударманың дұрыстығын өзiнiң қолымен куәландыруға; аудармашы ретiнде тартылуына байланысты өзiне белгiлi болған iстiң жағдайы туралы мәлiметтердi немесе өзге де деректердi жарияламауға; тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.
Сот ғимаратында азаматтардың келіп-кету ережесі
Бұл тәртіп азаматтардың сот ғимаратына және ондағы бөлмелерге кіру сипатының нормаларын белгілейді.Сипат тәртібі соттарда Қазақстан Республикасы аумағында соттармен сот төрелігін жүзеге асыру процедурасын реттейтін заңнамалардың нормаларына сай және азаматтардың конституциялық құқықтары сотпен қорғалуын іске асыру мақсатында жетілдірілген.
Жалпы ережелері
Соттардың ғимараттары немесе бөлмелері деп жеке ғимараттарды(құрылыстарды) немесе судьялар мен соттар аппараттарының қызметкерлері үнемі орналасқан, қызметтік функцияларын атқаратын олардың ішіндегі бөлмелерді ұғыну керек.Сот мәжілісі залдары, судьялар мен сот аппараты қызметкерлерінің қызметтік кабинеттерімен қатар сотқа жататындар қатарына сот істерін(кеңселер және сот мұрағаттар), құжаттар мен материалды техникалық құндылықтарды(тұрақтар, қоймалар, айғақтық заттарды сақтау қапастары) сақтауға арналған бөлмелер және ортақ пайдалатын орындар( дәліздер, холлалар, буфеттер, әжетханалар, баспалдақтар марштары және т.б.) кіреді
Сотқа келушілер болып сот өзінің жұмыс орны болып табылмайтын, сот ғимаратында(бөлмесінде) уақытша болған, кез келген жеке тұлға танылады. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғалар егер олардың қатысулары судьялардікі сияқты соттар аппараттарының қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі болмаса сот ғимаратында(бөлмесінде) тек ата-аналарының(жақын туыстарының, қорғаншыларының немесе педагогтардың) алып жүруімен бола алады.
Соттар ғимараттарындағы (бөлмелеріндегі) орнатылған тәртіп болып
Республика соттарымен сот төрелігінің жүзеге асырылуын;соттың нақты істерінің қаралуымен байланысы жоқ судьялардың және сот аппараты қызметкерлерінің қызметін;қоғамдық орындарда азаматтардың мінез-құлықтарының нормаларын реттейтін заңнамалық және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілері талаптарының жиынтығы табылады.Соттар ғимараттарында(бөлмелерінде) қоғамдық тәртіпті қолдау сот жасауылдарымен және соттар аппараттарының қызметкерлерімен, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Күзетінің Мамандандырылған Қызметінің Республикалық бас басқармасының кезекші қызметкерлерімен жүзеге асырылады және олардың орнатылған тәртіпті сақтау бойынша заңды талаптары соттарға келушілер үшін міндетті.Сотқа келушілерге қатысты жоғарыда талданған тұлғаларға талаптарды мәжбүрлі орындату соттар қызметіндегі орнатылған тәртіпті қамтамасыз ететін соттар жасауылдарына жүктеледі.Сот ғимаратына келушілерді өткізу рұқсатнамасы олардың жеке бастарын куәландыратын құжатын немесе оны ауыстыратын құжатын, сондай-ақ, соттардың рұқсатнама Бюросынан берілген арнайы рұқсатнамасы бойынша жүргізіледі.Сот ғимаратында келушілерді кіргізу рұқсаттамасы нақты сотта орнатылған ішкі күн тәртібіне сай іске асырылады. Түскі үзіліс кезінде, жұмыс күні аяқталғаннан соң және демалыс күндері келушілерді сот ғимаратына өткізу рұқсатнамасына жол берілмейді.Сот ғимаратына келушілердің қару және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірулеріне жол бермеу үшін олар арнайы жабдықтардың қолданылуымен тексеріледі. Қажет болған жағдайда жеке заттарына тексеру жүргізіледі.Қызмет куәлігі бойынша жұмыс уақытында сот ғимаратына кіру құқының Қазақстан Республикасының барлық соттарының судьяларына, соттар Аппараттарының, кеңселерінің қызметкерлеріне және соттар әкімшілеріне,Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Ресубликасы Бас министрінің қолдары қойылған, қолданыстағы қызмет куәлігі бар лауазымды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелеріне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, облыстық, аудандық(қалалық) мәслихат депутаттарына;нақты істердің қаралуы кезінде қатысуы үшін ұсынылған тізімге сай прокурорларға;ордерлерін немесе құқықтарын бекітетін басқа да құжаттарын ұсынған кезде процеске қатыстырылатын адвокаттарға(өкілдерге);ашық сот мәжілістеріне, ресми шараларға қатыстырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне орнатылған үлгілері бар.
Сот ғимаратындағы тұлғалардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төндіретін оқиға кезінде полиция қызметкерлері мен «Жедел жәрдемнің» дәрігерлік құрамы, өрт немесе апат туындаған кезде өрт айырысу және апатқа қарсы қызмет тобы ғимаратқа кедергісіз кіреді.
Сотқа келушілер құқы.Сот талқыламасы процедурасына сотпен тартылған тұлғалар санындағы сотқа келушілер жалпы құқықтан басқа іс бойынша төрағалық етуші судьямен немесе аталған соттың аппарат қызметкерімен түсіндірілетін процессуалдық құқықтарды да иеленді.Сотқа келушілер аталған соттың төрағасының өкімімен орнатылған қабылдау күні мен уақытында сот төрағасының қабылдауына, сот кеңсесіне сотқа талап арыздарын және басқа да құжаттарын өткізуге, сондай-ақ, осындай мәтіндегі құжаттар көшірмелерін алуға жұмыс уақыты кезінде келуге құқылы. Басқа елді мекендерден сотқа келген азаматтар жұмыс уақыты аралығында қабылданады.Сотқа келушілер сот құжаттары үлгілерінің стендтерін пайдалануға және аталған соттың өндірісіндегі әрбір сот істерінің қаралу күні мен уақыты туралы ақпарат алуға құқылы.Сотқа келушілер егер сот мәжілісі жабық болмаса соттың әрбір істерінің қаралуы кезінде қадағалаушы ретінде өз тарапынан сот мәжілісінің залында болуға құқылы.
Сотқа келушілердің міндеттері
Сотқа келушілер сот бөлмесінде болған кезде соттар қызметінің тәртібі мен қоғамдық орындағы мінез-құлық нормаларының орнатылған тәртібін сақтауға;судьяларға, соттар аппараттары қызметкерлеріне, сот жасауылдарына және басқа да сотқа келушілерге құрметтемеушілік танытуға жол бермеуге;судьялардың, соттар аппараттары қызметкерлерінің және сот жасауылдарының заңды талаптары мен окімдерін орындауға;судьялармен, соттар аппараттары қызметкерлерімен және сот жасауылдарымен қызметтік міндеттерінің тиісті орындалуына кедергі келтірмеуге:сот төрағасының және сот кеңсесінің қабылдауында кезектілікті сақтауға;сот процесіне қатысушы, куә, маман, сарапшы және т.б. ретінде шақырылуы бойынша сотқа келгендігі туралы сот мәжілісінің хатшысына хабар беруге;сот мәжілісі залына шақырылғанға дейін сот жасауылымен немесе сот мәжілісінің хатшысымен ұсынылған орында немесе осы орында бөлінген жерде болуға;соттың мүліктеріне ұқыпты қарауға, соттар ғимаратындағы(бөлмелеріндегі) тазалықты, тыныштықты және тәртіпті сақтауға;сот жасауылының талабы бойынша тексеруге қол жүгін ұсынуға;соттың мәжіліс залында болуға, ұялы байланыс құралдарын өшіруге;сырты киімдері мен ірі көлемдегі заттарын гардеробқа өткізуге міндетті.
Сотқа келушілерге соттың ғимаратында(бөлмесінде) болған кездерінде судьяның немесе сот қызметкерінің рұқсаттарынсыз қызмет бөлмелерінде немесе сот мәжілісінің залдарында болуларына;айдауылдағы тұлғаларды ұстауға арналған бөлменің маңында болуға;таныстырылуға арналған құжаттарды соттар ғимараттарынан(бөлмелерінен) шығаруға;сот құжаттарының үлгілерін стендтен алуға, сондай-ақ, оған жеке сипаттағы хабарлама енгізуге;соттар ғимараттарында(бөлмелерінде) қоршағандардың денсаулықтарына қауіп төндіретін ішімдік ішкен, есірткі және уытты заттардың елітуі жағдайында болуға;соттар ғимараттарына(бөлмелеріне) атыс және суық қаруларды, шаншымалы және жарылғыш заттарды, спирт ішімдіктерін әкелуге;судьялармен және сот қызметкерлерімен процессуалдық емес қатынасқа түсуге;шылым шегуге арнайы бөлінбеген орындарда шылым шегуге тыйым салынады.
Сотқа келушілердің жауапкершіліктері
Қоғамдық тәртіпті және сот ғимаратына келу тәртібін қасақана бұзу жағдайында кінәлі тұлғалар, олардың осындай әрекеттеріне негіздер болған кезде олар заңмен орнатылған тәртіп бойынша әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.Соттың мүліктерін қасақана жою немесе бүлдіру жағдайында кінәлілерге әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылықтармен қатар заңнамаға сай келтірілген зиянды өтеу міндеті жүктеледі.
