Қоғамдағы оқушылардың құқықтары мен міндеттерін Түркістан қаласының тұрғындарының назарына ақапараттық сайтымыздың керек кеңес айдарында ұсынамыз. Қоғамдағы оқушылардың семлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге құқығы бар.
Сонымен қатар, мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.
Оқушылардың міндеттері:
Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.Мінез-құлық ережелерін сақтау:үлкендерді құрметтеу;басқа адамның ар-намысын қавдірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу; мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.Өндірістік және қоғамдық пайдала еңбекке белсенділікпен қатысу.Үлкенге – құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.
Мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелері.Бұл Ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты- мектептің тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау.
Жалпы тәртіп сақтау ережелері: 1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп сыныпқа келеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.Мектепке және мектеп территориясына салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, сусындар, газ баллондарын, сағыз, чипсы, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған басқа да заттар әкелуге тыйым салынады.Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді; Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, күнделік), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келеді.Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Оқушылар, мұғалімдер бір біріне құрметпен қарайды. Оқушылар -үлкендерге, жоғары сынып оқушылары- кішілерге, ұл балалар- қыз балаларға жол береді.Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс; Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс;оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді.
Сабақ кезіндегі тәртіп:Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады;Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды. Оқушы сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек.Оқушы мұғалімнің барлық қойған талаптарын орындауы қажет: күнделікті ұқыпты ұстап, әр апта сонында ата аналары күнделікте қол кояды.Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің рұқсатын сұрауы тиіс. Сабақтың біткені туралы қоңырау мұғалім үшін беріледі. Мұғалім сабақтың аяқталғанын жариялағанда ғана оқушылар сыныптан шығуға құқылы. Мұғалім немесе басқа үлкен жасты адам сыныптан шыққанда оқушылар орнынан тұрады.
Сабақ басталғанға дейін,үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі. Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс, коңырау соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді;сонымен қатар сабақ уақытында немесе бақылау жұмысы кезінде телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейді, телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды.
Құқықтық тәрбиенің мәні, міндеттері мен мазмұны
Адамдар жаратылысында тең жаратылған, белгілі, бұлжымас құқықты иеленген, олар: өмір суру құқығы, бостаңдық және батылдылыққа ұмтылу. Бұлар табиғи азаматтық қоғам орнағанда да жойылмайды, оларды қоғам да, үкімет те ала алмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» делінген. Адамның осы құқықтарына байланысты заңдар мен оның орындалу ережелері қоғамнан-қоғамға өткенде міндетті түрде өзгеріп отырады, бірақ кез келген демократия конституциялық құқықтық және әлеуметтік құрылымдарды қорғайтын кепілділік жасау міндетін жүктейді. Сөз және өз пікірін айту бостандығы кез келген демократияның өмірлік күшінің қайнар бұлағы болып есептеледі.Демократиялық қоғамның азаматтары ашық пікір алысу арқылы шындыққа жету нәтижесінде жалғандықты, өтірікті жеңеді, басқа да құндылықтар жақсы, оңай түсініледі, прогресске жол ашылады деген сеніммен өмір сүреді. Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі–құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен тығыз байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана-сезімімен, күнделікті мінез-құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзінде асыру, әсіресе елдің әлеуметтік –экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айырықша міндетті іс.
Сондықтан, бүгінгі қоғамның талабына сай ақушыларды жан-жақты тәрбиелеу процесінде мектеп алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-оқу-тәрбие жұмысының барлық құрылымында құқықтық тәрбиеге айрықша мән беріп, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Себебі, мектеп-өскелең ұрпақты қоғамға даярлау процесіндегі негізгі бір әлеуметтік мекеме. Сол үшін де, ол бүгінгі жаңарған қоғамның құқықтық тәрбиеге қатысты талаптарын айқындап, соған сай баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап сана-сезімдерін қалыптастыру, мінез-құлық ережелерін меңгерту, адамгершілік қасиеттерін дамыту және келеңсіз жат-қылықтардан аулақ болуына, салауатты әрі дені сау өмір сүруіне қызмет етуі тиіс.
Құқық-қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиынды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Сонымен бірге, құқық азаматтардың бостандығын, қоғам алдындағы міндеттерін жариялап және оларды жүзеге асыруда заң жүзінде кепілдікті қамтамасыз етеді. Құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап етеді. Сондықтанда осы талаптарға сай өмір сүру, еңбек ету және т.б. әрекеттерге бару үшін, оларды білу әрбір азаматтың борышы, міндеті.
Олай болса. Оқушы жастарға құқықтық білім беріп, олардың жеке тұлғасын қалыптастыруда метептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу. Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз Отанын қорғауға әрқашанда дайын болға жаттықтыру. Өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу.
Міндеттері:Оқушыларға мемлекет, мемлекеттік құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-жақты білімдерді меңгерту. Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері құқықтық тәрбие мен білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Міне, осы қарапайым құқықтық нормалар төменгі сыныптан бастап жоғары сыныптарға дейін оқу-тәрбие процесінің барлық құрылымында түсіндіруден, білім беруден, оқытудан басталады. Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе-бүгінгі таңдағы елімізді қайта құру кезеңінде парламентте қабылданып жатқан заңдарды таныстыру, олардың қоғамдағы демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқаратын қызметі мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде оқушылардың сана-сезімдерін және қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерін тәрбиелеу. Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға тәрбиелеу. Демек, құқықтық тәрбие арқылы оқушыларды күнделікті өмірде өздерінің жүріс-тұрысына басшылық жасауына дайындауға тиіс. Еліміздің өндіріс құралдары мен қорын қоғамдық меншік ретінде көздің қарашығындай сақтап, Отанымыздың қуатын арттырып, залықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсуге талпынатын талапкерді тәрбиелеу. Біздің қоғамымыз гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын жан болуы керек. Ата-заңның 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп атап көрсетілген. Олай болса, адам баласы Қазақстан Республикасының азаматы болған жерде бір-біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысуы тиіс. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті-жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу. Әр түрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.
Сонымен қатар, екіншіден, жалпы білім беретін мектеп әлеуметтік мекемелердің бірі ретінде оқушыларға заман талабына сай, лайықты құқықтық білім беру, олардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда шынайы ағартушылық орны болған жағдайда ғана іс жүзіне асады. Себебі, балалардың мектепте оқитын шағы-адамның сана сезімінің қалыптасуының ең бір нәтижелі кезеңі. Сондықтан, мектеп оқушыға алғашқы күннен бастап қоғамның қатаң және шүбәсіз талаптарын қойып, оны лайықты мінез-құлық ережелерімен ұштастыру қажет.
Бұл жұмыс қоғамдық сананың қол жеткен табыстарын, оқушылардың жас ерекшеліктерін, ой-саналарының дәрежесін т.б. жағдайларды ескеріп жүргізілуі керек.Қазіргі жағдайда жас ұрпақтардың сана-сезіміне, әрекет-қылығына әсер ететін жағдайлар сан алуан. Сондықтан да, құқықтық тәрбие жұмысын жүргізгенде оның түрлерін, амал-тәсілдерін, ұйымдастыру жолдарын алдын-ала анықтап, белгілеп алу қажет.Оқушылардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру, тек қана құқықтық тәрбие жұмысы арқылы ғана жүзеге асырылмайды. Мектепте күнделікті жүріп жатқан барлық оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру жұмысының да тікелей немесе жанамалап қатысы бар.Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдағы адамгершіліктің дүниетынымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдарын және қоғамдағы өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалары болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениетінің мәнін құрайды. Жоғары дамыған құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орынды шешу мүмкін емес.Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәніне қарау.Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде-бұл тұлғаның күрделі, кешенді қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтық мазмұны бар әрекеттер мен қылықтарының орынды бағытын анықтайды.
Адамның құқықтық мәдениеті –күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына келсек бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң т. б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдыры мен байланыс-тыра қарап отырған шағымызда аға ұрнақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасы тәжірибесін негізге ала отырып жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті межелер, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамның еш жерінде жасырынын қалуға болмайды.Өкінішке орай, күнделікті күйден тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.Демократияны жетілдіру мемлекеттің және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді: заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру; заңның орындалуын бекіту; қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет; жеке адамның, бүкіл жұртшылықтың мәдениетін көтеру; заң қызметкерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасының кіршіксіз таза болуы.
Бұдан зандылық пен құқықтық тәрбиенің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойнында болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай қоғам екендігіне баға беру көп жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен айқындалады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтану мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттың рухани мәдениет мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілікті адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамды қайта құру кезенінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу ерекше орын алады. Бұл жұмыс нәтижелі жүріп және көздеген мақсатқа жету үшін ол кемшіліктерді жақсы біліп, олардың жеке адамның және қоғамға қандай зиян келтіретінін білу керек.
Күнделікті өмірде көптеген жарамсыз құбылыстар болып жатады. Ол құбылыстарға қатынастардың көмескілігі, бағалаудың анық болмауы олармен күресті қиындатады. Мысалы, мектеп оқушыларының арасында жеке немесе топ болып төбелесу көп кездесетін жай. Нәтижесі кейде қайғылы уақиғаларға да душар етеді. Осы туралы оқушылар арасында пікір жинай қалсаң неше түрлі бағалаулардың куәсі боласыз. Біреулер бұл шиеленістің әділетті өз ережесі барлығын дәлелдейді, кейбіреулер мұны дәстүр деңгейіне көтереді, ал қайсы біреулер мейірімсіз қылық деп бағалайды. Тіпті, кейде бұл туралы оқушылар пікірінтеп алу қиын.
Бірақ көп жағдайда мұндай мінез-құлық және жүріс-тұрыс тәртібі әкімшілік немесе тіпті қылмысты іс ретінде жазаламуы керек екендігін ойланбайды. Дөрекіліктің түрі көп. Мінез-құлық тәрбиесендегі көп жағдайда сырт көзге бүркемеленіп тұрады, ал оның негізінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті терең түсінбеушілік жатады.
Құқық бүкіл қоғам және сол қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Егер біз бұны көре білсек, тұрақты сезінсек, әрине, өте жақсы. Ал құқықтық мәдениеті нашар дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайына ғана назар аударады да, ал құқықтық талаптары мойындалмаған көп жағдайларды байқалмайды. Бұл адамдар үшін құқық ауқымы мұхиттағы аусбергтің көзге көрінгеніндей шамасы тұрғысында болып қала береді. Мектеп оқушысының өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасының түрі көп. Ал, сол қарым-қатынастарының құқықтық негізі бар екенін біле ме? Мысалы, оқушы сатушыдан балмұздақ сатып алу үшін тиісті теңгесін береді. Сатушы балмұздақтың ақысы төленсе де бермей қойды. Әділдік пе? Жоқ. Жәбірлеу ме ? Иә. Өрескелдік пе? Әрине, осылай кінәлаудың көптеген баламасын тауып айтуға болады. Құқықтық мәдениеті дұрыс қалыптасқан оқушы қалай ойлар еді? Ол сатушының дұрыс қылығы құқықтық тәртіпті бұзу деп түсінер еді? Бұл жерде қоғам белгілерін «сату-сатып алу» шарты бұзылып отыр. Осыдан келіп оқушыны заң және заңның орындалуын қамтамасыз ететін органдар қорғайтынын ұмытпау керек. Оқушының заңды мүддесін қорғауды мемлекет алдын-ала белгілеген.
