СЫЗДЫҚ СҰЛТАН ЖӘНЕ ТЕЛҚОЖА

755 көрілім

Жыл бойы олар Марыда өмір сүрді. Ковшут оларды Бұхараға жорық ұйымдастыруға әрекет жасады. Біздің батырлар Әл-Бұхари, Нақшбаңди, Шейбанидтер мен Тимуридтер мұсылмандармен соғысудан бас тартты.

Телқожа, Чарджоу облысындағы Дарған атаға таяу ауылда қалды, Сыздық Сұлтан Гератқа жетті, одан соң Қашқарға барды. Ол қайда болмасын жат жұрттық басқыншыларға қарсы соғысқа қатысты. Қашқарда Қытай әскеріне қарсы шайқаста жүріп, Сыздық өз отрядын қоршаудан шығарып алды. Ол оң қолынан ауыр жарақат алды. Жарақат ауыр еді, оған кесу қатері төнді. Сұлтан Сыздық өзінің барлық қызметі мыңызын жоғалтқанын түсініп, Түркістан генерал-губернаторы Кауфманға, еліне оралып, стационарлық госпиталда өз жарақатын емдетуге рұқсат етуіне өтініш жасады. Кауфман Сыздық Сұлтан бойынан қолбасшы, білікті басшыны көрді, ол Орта Азия мен шығыс Түркістанда халықтың арасында үлкен беделге ие болды. Өз кезегінде ол орыс патшасы Александр ІІ-ге біздің кейіпкерімізді көшіруді сұрады және өз кезеңінің әскери басшысы екенін жан-жакты жазды. Александр II өз жарлығымен рақымшылық жариялады. Кауфман Сыздық Сұлтанды Ферғанада қабылдады, онда тәжірбиелі дәрігерлердің көмегімен оның жаралы қолы жазылды. Оған сондай-ақ Бұхарада тұратын, шығуға құқығы жоқ отбасымен бірігуге де көмектесті. Сыздық туған жеріне, Шыментте тұратын ағасы Ахмет Кенесаринге оралды. Сұлтанды туыстары, серіктері, жерлестері қуанышпен қарсы алды. Орыс газеттері хабарлағандай, Сұлтанның оралуын тұтастай бір апта атап өтті. Архив деректері, тек келген күннің өзінде ғана туыстары барын санамай ақша, азық-түлік, заттар, 500-ден астам қой әкелді. Ол барлығына ашық-жарқын болды, серіктері мен кедейлерге қомақты көмек жасады.

ТЕЛҚОЖА САРЫБИ БОЛЫСЫНЫҢ ӘМУДАРИЯ БӨЛІМІНІҢ ӘКІМІ

Сыздық Кенесарин сияқты. Телқожа да мемлекеттік қылмыскер деп жарияланды. Сыздық Гератқа кеткенде, Телқожа өзінің жасы кіші ұлы Арсланбек пен әйелі Айжамалды табам ба деген үмітпен Марыда қалды. Өкінішке орай, архивтерде ол отбасын тапқан, таппағандығы туралы мәлімет әзірге табылған жоқ. Тек Ресей патшасы амнистия жасағаннан соң, Телқожа Сарыби болысының әкімі болғаны анықталды.

Сұлтан Сыздықтың жігіттеріне, соның ішінде Телқожаның атына берілген жерді Хиуа жорығынан соң орыстар кәмпескеледі. Тек бірнеше жыл өткен соң патша рахымшылығы жарияланғаннан кейін Телқожа Сарыби болысына оралды. Ол бірден халық арасында қайырымды, сауатты адам және жақсы қожайын ретінде танымал болды. 1894 жылы Телқожа Сарыби болысының басшысы болып тағайындалды. Мынадай сұрақ туады, неліктен бір кездері қауіпті қылмыскерді Түркістан генерал-губернаторлығының болыстығының біріне басшы етіп тағайындайды? Бәлкім, бұған өз себептері болған шығар: халық арасындағы беделі мен танымалдығы, жергілікті мекен мен жергілікті өмір жағдайларын жақсы білетіндіктен болар. Бұл мәселені зерттеуде, бізге тағы бір салмақты себепті анықаудың сәті түсті. Сыздық Сұлтанның туған ағасы – Ахмет Кенесарин Сырдария губерниясының әкімшілігінде жиырма жылдан астам қызмет етті. Телқожаны Сарыбиге әкім етіп тағайындарда, оған басқа тегі (Баяқов) мен төлқұжат бергені анықталып отыр. Әмудария бөлімі Қарақалпақстан Республикасының құрамының аумағына енген. 1873 жылдың ортасына дейін Хиуа хандығының құрамына енді. 1873 жылдан кейін олар күшпен алынып, Түркістан генерал-губарнаторлығының құрамына қосылды. Яғни, Ресей империясының бөлігіне айналды. Әмудария бөлімі 15 болыстықтан тұрды. Халқы (1908 жылғы санаққа сәйкес 215 мың адамды құрады. Негізінен ол қарақалпақтар (халықтың 45%), өзбектер (26%), қазақтар (20 %), түркмендер (5%) болды.

1874 жылы Әмудария бөліміне күштеп 500 оралдық қазақтар отбасымен қоныстандырылды. Одан соң екінші топ та келді. Бұлар діни сенімі бойынша екі әдет-ғұрыптағылар болды. Барлық жер аударылғандар көші-қонда шектеулі болды. Олардың өмір сүруі үшін арнайы поселка салынды.

Жергілікті халық патша мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінде болды. Олардың жағдайы Хиуа хандығына қарағанда бәрі бір жақсы болды. Бұл қарақалпақтар мен қазақтардың хандық аумағынан Әмудария бөліміне көшіп-қону тасқынын тудырды.

Патша билігі бұрынғы дағдысымен қазақтар мен қарақалпақтар халықтарының көпшілігін көшпенді деп санады, ал іс жүзінде олардың басым саны әлде қашан отырықшы өмір сүрді. Бөлім тұрғындарының негізгі жұмысы ауыл шаруалығы мен мал шаруалығы болатын. Жергілікті халық суармалы егіншілікпен айналысты. Бидай, көкөніс және мақта өсірді. Бидай мен мақтадан басқа егіншілер арпа, жүгері, сұлы, маш және күріш, сондай-ақ, күнжіт пен бұршақ, жоңышқа т.б. екті. Мал шаруалығы дамыды: қой, түйе және жылқы өсірілді.

Телқожа басшылық еткен кезде Сарыби болыстығы 26 ауылдан тұрды, ол ауылда аумағы және халқы бойынша орташа болды. Болыстықтың 15 мыңдай халқының басым бөлігін қазақтар құрады. Болыстықтың орталығы Сары ауылы болды.

Телқожа өзін білікті әрі қабілетті басшы ретінде танытты. Ол жергіліті халықтың құрметін иелене алды, оның пікірімен жергілікті бастықтар да санасты. Параға бой ұрмады. Ол өлген соң оның мүлкі 8 мыңдай сомға бағаланған. Заң шегінен шыққан биліктерге даушар айтудан қорыққан жоқ. Айталық, 1909 жылы жергілікті әкімшіліктің басшысы Мальцевпен дауласты. Дау-шиленістің себебі, болыстықтың тұрғындары суармалы жерлерді суару үшін бөлінген судың жеткіліксіз болуы еді, дау мұның пайдасына шешілген.

Телқожаның болыстық басқарма бастығы лауазымындағы қызметі – ол тек Сарбаз болып қана қоймай, сонымен бірге қабілетті әрі беделді басшы, қара халықтың қамын жеген әділ азамат екенін көрсетті. Халық қаһарманы атанған асыл ер 1916 жылы қызмет орнында қастандықпен қаза тапты.

Бұл тарихи баянның мәні неде?

Өткен ғасырларға тыныш, бейбіт өмір сүріп жатқан халқымызға басқыншылық жасағандармен қарсы қорғаныс соғыстарда елін, жерін қорғаған батыр бабаларымыздың қайшылыққа толы тағдырларына жан-жақты әділ баға беруге тәуелсіз ел болғаннан бастап қол жетті. Ұлттық азаттық үшін мұсылмандық намыс үшін жаумен алысқан қаһармандарымыздың ішінде Кенесарыұлы Сыздық Сұлтан мен Телқожа батырдың тағдырларында да қайшылықтар болды.

Біріншіден, бір атадан туған үш ұлдың бірі екі ағасынан бөлініп, жау жағына өткені, 1863 жылы Сауран жеріндегі қақтығыста ағасы Сыздық нөкерінің жағынан мерт болғаны пендешілік үшін қандай ауыр. Оған күйінудің орнына, ағасы Сыздықтың «итке – ит өлімі», – деп жиіркену адамзат тарихында кездесе бермейтін жағдай емес пе?

Бұл оқиға 1889 жылы патша әскери басшыларының нұсқауымен, Сырдария облысының санақ комитетінің председателі генерал – майор Н.И.Грозеков мырзаның тапсыруымен, санақ комитетінің толық мүшесі Е.Т.Смирновтың жасап берген жоспарымен Ахмет Кенесариннің атымен Ташкен қаласында орыс тілінде шыққан «Султаны Кенесары и Сыздык» кітабында кісі аттары толық аталып баяндалған.

Орыстармен қорғану күрестен бас тартып, орта жолда патша жағына өтіп, оның қызметіне жегіл-ген Ахметті де қазіргі күні айыптай аламыз ба?

Мүмкін оның көрегендігі болған шығар?

Ал, Сыздық Сұлтан мен Телқожаның 10 жыл бойы жаумен алысуы, халқын қалай сүюдің өнегесі, қазақтың ержүрек халық екендігінің символы ма?

Патша кешірім берсе де Телқожаның өз еліне оралмауы да мансап үшін емес, оның да өткен тағдырында туған елімен байланысты қайшылықтар да болғаны кәміл – ғой.

Қайткен күнде де, Телқожаның өлімі – шейіт. Көмескіленіп қалған осындай ерлердің есімдерін ерліктерін тарих қатпарларынан аршып алып бүгінгі, ертеңгі ұрпаққа жеткізу бәріміздің міндетіміз. Тәуелсіздігіміздің тарихындағы халық қаһармандары Сыздық пен Телқожаның есімдерін мәңгілікке қалдыруды – Оңтүстік Қазақстан облысы мен Түркістан қаласы әкімдері қолға алар деп ойлаймыз.

Нұрмахан НАЗАРОВ, Қазақстанның мәдениет қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Түркістан қаласының Құрметті азаматы.

Кәмелхан НУРДЖАНОВ, Халықаралық «Алтын мирас» қорының Хорезм облыстық филиалының төрағасы, «Авесто» музейінің директоры. Үргеніш. Өзбекстан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы