ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ СЕРВИСТІК ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУГЕ ҚОҒАМ БОЛЫП КІРІСЕЙІК

944 көрілім

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі жіне жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында «Бірнеше өңірде полицияның сервистік моделі пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Келесі кезең – оның ауқымын кеңейту. Бұл жұмыстың табысты болуы көбіне жергілікті билік органдарының осы үдеріске қатысуына байланысты болады. Олар жаңа енгізілімдердің мән-маңызын түсініп, полицияға қолқабыс етуі тиіс» деп әрі полицияның сервистік моделінің тұжырымдамасын іске асыру мәселесін тапсырған болатын.  Орындау мақсатында  2021 жылдың қараша айының 12 жұлдызында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөнінде ведомствоаралық топ құрылған болатын.   

Осы топқа облыстық Полиция департаментінің, Түркістан қалалық прокуратурасының, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық Адами-әлеуетті дамыту басқармасы, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері өкілдері енгізілді. 

 Бұл жобаның мақсаты:

  1. Жұртшылықтың және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін нақты аумақтарда құқықтық тәртіп пен заңдылықты қолдау жөніндегі жаңа тәсілдері мен шешімдерді әзірлеуге тарту және қылмыстар мен өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде бірлесіп шаралар қабылдау
  2. Құқықтық тәртіпті сондай-ақ халықтың билікке деген сенімін қамтамасыз ету мәселелерінде азаматтық қоғаммен мемлекеттік органдар арасындағы әлсіз байланыстың себептерін анықтау.
  3. Қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп анықтау және шешу үшін жергілікті қоғамдастықпен тұрақты сенімді қарым-қатынастарды құру.
  4. Пилоттық ауданының базасында жинақталған тәжірибені жақсарту үшін жағдайлар жасау.

Талдаудың негізгі мақсаты – қарамағымыздағы аумақта қауіпсіздіктің нашарлауына ықпал ететін қиыншылықтар мен себептерді анықтау, қиыншылықтарды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды Түркістан облысының әкімшілігінің басшылығына және басқа да мүдделі органдарға тиісті шешімдер қабылдау үшін ұсынылады.

Талдау тапсырмалары:

  1. Талдаудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, бағынышты аумақта құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;
  2. Бағынышты аумақтағы қауіпсіздік мәселелері бойынша жергілікті қоғамдастықтың пікірін зерделеу;
  3. Мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жергілікті қоғамдастықты тарту;
  4. Түркістан облысы әкімдігінің басшылығына және мүдделі мемлекеттік органдарға одан әрі іске асыру үшін әзірленген ұсынымдарды беру.

Бұл тәсіл 2019 жылы эксперимент ретінде Қарағанды облысында енгізілген. Аталған тәсіл халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қылмыстардың санын төмендетуге ықпал етіп, өзінің оң нәтижесін берген.

Осыған байланысты, Қарағанды облысында қоғамның жақсаруына сәйкес, осы тәсілді Республика көлемінде еңгізуге шешім қабылданды. Біздің облысымызда Түркістан қаласы, оның ішінде Сауран және Яссы мөлтек ауданы орналасқан №3 және №4 учаскелік  полиция пунктердің аймактары  пилоттық аумақ ретінде енгізілген болатын. 

 Жұмыс барысында , пилоттық режимге алынған 2 аумақ картасы сызылып, шекаралары белгіленген. Осы пилоттық аумақтағы барлық мекемелерде түсіндіру жұмыстары жүгізіліп, сауалнамалар алынды. 2022 жылдың 02-04 наурыз күндері Республикалық Ішкі Істер министрлігі, Полиция полковнигі, Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ (Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) Бағдарламалар офисінің консультанты Хисамутдинова Эльмира, Полиция полковнигі, Ішкі істер министрлігінің жобалық кеңсесінің басшысы Алмагамбетова Амина Солдатовна,  ведомствоаралық қауіпсіздік тобының мүшесі, зерттеу басшысы Молбасин Сагынгандармен жиналыс өткізіліп, атқарылған жұмыстарға оң баға беріліп, олар ендігі кезекте Түркістан қаласының барлық аумағын пилоттық аумаққа енгізуді ұсынды.

Қазіргі таңда топ мүшелері 2019-2020-2021 жылдарда орын алған қылмыстарға саралау жұмыстарын жүргізуде. Осы 3 жыл аралығында ең көп болатын қылмыс орындарын белгілеп, ненің салдарынан болатынын анықтап жатыр. Соның ішінде ең көп орын алған қылмыс түрі «ұрлық пен алаяқтық» болып отыр.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету модельдерінің айырмашылықтарына келетін болсақ:

Қолданыстағы модельде бізде қоғамның қауіпсіздігі үшін тек қана құқық қорғау органдары жауап береді деген психология, менталитет қалыптасқан. Сервистік модельде қоғамның қауіпсіздігі үшін жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары, бизнес қауымдастықтары, үкіметтік емес ұйымдар, қорлар, кәсіподақтар, университеттер жауапты. Қолданыстағы модельде азаматтардың полицияға сенімі Қазақстанда 38,3% пайызды құраса, сервистік модель дамыған елдерде яғни Батыс Еуропада бұл көрсеткіш 70-80% пайызды құрап отыр деген сөз азаматтарға сервистік модельді енгізу тиімді деп айтуға болады.

«Түркістан – қазақ халқы мен түркі тілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм мен әлемдік деңгейдегі қолөнер және шеберлер орталығы, еліміздің рухани астанасына  айналған көне қала.  Яғни, Түркістан қаласы мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық дамуында алар орны ерекше. Сондықтан, туризм еліміз  үшін таптырмас табыс көзі болды. Жыл басынан бері Түркістан қаласына 1,1 миллионнан астам турист келген. Қонақтардың легі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6 есе өскен.  Бізде қазіргі басты мақсат – қаланың деңгейін көтеру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, барынша ыңғайлы жағдай жасау және әлемге таныту. Бұл аз жұмыс емес, көп еңбектенуді талап етеді. Сондықтан аталған тәсілді енгізуге қоғам болып кірісейік.

З.Чалданов, Түркістан облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, облыс әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөнінде ведомствоаралы топ мүшесі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы